Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 21.11.2017 № 373/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 10 ақпандағы "Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" № 22/2 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3709 болып тіркелген, 2014 жылғы 25 ақпанда "Сарыарқа самалы" газетінде, 2014 жылғы 25 ақпанда "Звезда Прииртышья" газетінде жарияланған) келесідей толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
20-тармақ келесі мазмұндағы 25), 26), 27), 28), 29) тармақшалармен толықтырылсын:
"25) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рұқсат етулер және хабарламалар туралы туроператорлық қызметті лизензиялауды жүзеге асыру;
26) гидтың (гид-аудармашының) кәсіби даярлығын ұйымдастыру;
27) уәкілетті органмен келісім бойынша туристік саланы дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту;
28) мемлекеттік туристік маршруттар мен жолдар тізілімін жүргізу;
29) туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік тізілімін жүргізу.".
2. "Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Н. Тұрғановқа жүктелсiн.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Қ. Бозымбаев |