Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 26.05.2017 № 146/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Павлодар облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. "Павлодар облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н.К. Әшімбетовке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Қ. Бозымбаев |
Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 16/1 қаулысымен бекітілді |
"Павлодар облысының ветеринария басқармасы"
мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Павлодар облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі ветеринария саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Павлодар облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. "Павлодар облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Павлодар облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Павлодар облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Павлодар облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Павлодар облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "Павлодар облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Павлодар облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы және штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140000, Павлодар қаласы, Академик Ә.Х. Марғұлан көшесі, 102-үй.
10. "Павлодар облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі: дүйсенбі - жұма күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.
11. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік тілдегі толық атауы: "Павлодар облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі, орыс тіліндегі атауы: государственное учреждение "Управление ветеринарии Павлодарской области".
12. Мемлекет Павлодар облысы әкімдігінің тұлғасында "Павлодар облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
13. Осы Ереже "Павлодар облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
14. "Павлодар облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
15. "Павлодар облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілермен "Павлодар облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Павлодар облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған табыстар мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. "Павлодар облысының ветеринария басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің миссиясы, мақсаты, мәні,
негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
16. "Павлодар облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы облыс аумағындағы эпизоотиялық саулықты қамтамасыз етуге бағытталған ветеринария саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу, дамып келе жатқан экономика жағдайларындағы мал шаруашылығы өнімдерінің экспорттық мүмкіндіктерін көтеру болып табылады.
17. "Павлодар облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мақсаты: экономикалық өсуге ықпал ету және бәсекеге қабілеттіліктің сапалы деңгейіне қол жеткізу, ветеринарияны дамыту саясатын облыстық деңгейде іске асыру, ветеринария саласындағы заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілердің орындалуына мониторинг және талдау жасау.
18. "Павлодар облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні облыс аумағында ветеринария саласын дамытудың мемлекеттік саясатын жүзеге асыру бойынша іс шаралар жүргізу болып табылады.
19. Мiндеттері:
1) жануарларды аурулардан қорғау және емдеу;
2) халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау;
3) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
4) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау;
5) ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының қауiпсiздiгi мен сапасын бақылау;
6) жануарлар аурулары диагностикасының, оларға қарсы күрестің және ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құралдары мен әдістерін әзірлеу және пайдалану;
7) жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыруы кезiнде қоршаған ортаны ластаудың алдын алу және оны жою;
8) ветеринария ғылымын дамыту, ветеринария саласындағы мамандарды, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру.
20. Функциялары:
1) акционерлік қоғам акцияларының мемлекеттік пакеттерін және жауапкершілігі шектеулі серіктестікте қатысу бөлігін иелену және қолдану құқығын, облыс әкімдігі мен әкімінің актілерімен, басқа да нормативтік-құқықтық актілерімен қарастырылған жағдайда, сондай-ақ тиісті саланың уәкілетті органдарының құзыретіне ұқсас оларға қатысты шешім қабылдау құқығын жүзеге асыру;
2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесе отырып, халық денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
2-1) ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
3) облыстың аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу iс-шараларын белгілеу туралы шешімдер қабылдау;
4) осы облыстың аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда пайда болған жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөнінде ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдер қабылдау;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жануарлардан алынатын өнім мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптаманы лицензиялау;
6) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аумақты аймақтарға бөлу туралы шешім шығару;
7) уәкілетті органмен келісім бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарын бекіту;
8) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
9) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасына арналған ветеринариялық препараттарды сақтауды, оларды аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру;
10) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордың жүргізілуін ұйымдастыру;
11) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды тасымалдау (жеткізу), ветеринариялық паспортты дайындау жөнінде көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;
11-1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілікті айқындау және процессингтік орталыққа ақпарат беру;
12) ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды уәкілетті органға ұсыну;
13) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;
14) ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
15) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөнiндегі іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыру;
16) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларға қатысу;
17) профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекіту;
18) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
19) эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарау, эпизотиялық мониторинг жүргізу;
20) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
21) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру;
22) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;
23) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының сақталуы тұрғысынан:
ішкі сауда объектілерінде;
жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда;
ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларда;
экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;
экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, қайта өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және олардың қызметіне;
мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
24) жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасау;
25) жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасына арналған ветеринариялық препараттарды, олардың профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, оларды сақтауды және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру;
26) уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық және басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;
27) "Павлодар облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметшілерінің мемлекеттік қызмет өтуімен байланысты мәселелерді жүзеге асыру;
28) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;
29) әкімнің тапсырмаларын, облыс әкімдігі және әкімінің актілерін орындау және орындалуын ұйымдастыру;
30) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұртшылықпен байланыс орнату және үнемі дамытып отыру;
31) "Павлодар облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметінің жоспарын әзірлеу;
32) тиісті дерекқорды құрумен облыстың бірыңғай электрондық жүйесін ұйымдастыруға қатысу;
33) Алынып тасталды - Павлодар облыстық әкімдігінің 25.02.2016 N 58/2 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
34) "Павлодар облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің кадрлық қамтамасыз етілуін ұйымдастыру;
35) "Павлодар облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғалармен өзара әрекеттесу.
Ескерту. 20-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облыстық әкімдігінің 25.02.2016 N 58/2 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
21. Құқықтары мен міндеттері:
1) Павлодар облысы әкімінің қарауына ветеринария саласында облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметін ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу, "Павлодар облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесіне қатысты мәселелер бойынша ақпараттық-аналитикалық және басқа да материалдардың дайындалуын жүзеге асыру;
2) "Павлодар облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің алдына қойылған міндеттерді орындаумен байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың, ұйымдар мен азаматтардың келісімі бойынша белгіленген тәртіпте ақпарат сұрату және алу;
3) басшыларының келісімі бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын басқа атқарушы органдардың мамандарын жұмысқа тарту;
4) өз құзыреті шеңберінде орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар өткізетін іс шараларға қатысу;
5) Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзу анықталған жағдайда, ветеринария саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау;
6) мемлекеттік органдарда, сотта "Павлодар облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүддесін қорғау;
7) өз құзыреті шеңберінде шарттар, келісімдер жасау.
3. "Павлодар облысының ветеринария басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
22. "Павлодар облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Павлодар облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
23. "Павлодар облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Павлодар облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
24. "Павлодар облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
25. "Павлодар облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) өз орынбасарларының, сондай-ақ "Павлодар облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің міндеттерін және өкілеттіктерін белгілейді;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Павлодар облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте "Павлодар облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелеуді, оларға материалдық көмек көрсетуді, тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;
4) өзінің құзыретіндегі мәселелер бойынша "Павлодар облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
5) барлық мемлекеттік органдарда және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Павлодар облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
6) Алынып тасталды - Павлодар облыстық әкімдігінің 25.02.2016 N 58/2 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
7) "Павлодар облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
8) "Павлодар облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің перспективті және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;
9) өзінің құзыреті шегінде қызметтік құжаттарға қол қояды;
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және ол үшін дербес жауап береді.
"Павлодар облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
Ескерту. 25-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облыстық әкімдігінің 25.02.2016 N 58/2 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
26. "Павлодар облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
27. "Павлодар облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган (жергілікті атқарушы орган) арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
28. "Павлодар облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі мен тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
29. "Павлодар облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық келісім шартқа сәйкес анықталады.
4. "Павлодар облысының ветеринария
басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі
30. "Павлодар облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
"Павлодар облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
31. "Павлодар облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.
32. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Павлодар облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. "Павлодар облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік
мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату (қысқарту)
33. "Павлодар облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
34. "Павлодар облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесін тарату кезінде кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік облыстық коммуналдық меншігінде қалады.