Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 16.08.2017 № 245/5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттiк мүлiк туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органының үлгi ережесiн бекiту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес Павлодар облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 17 шілдедегі "Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттiк мекемесi туралы ереженi бекiту туралы" № 244/7 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 3908 болып тiркелген, 2014 жылғы 21 тамызда "Сарыарқа самалы" газетiнде, 2014 жылғы 21 тамызда "Звезда Прииртышья" газетiнде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттiк мекемесi туралы ережеде:
9-тармақтағы "Академик Сәтбаев көшесі, 136-үй" деген сөздер мен сандар "Қайырбаев көшесі, 32-үй" деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын.
"Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттiк мекемесi заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсiн.
Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Облыс әкiмi | Қ. Бозымбаев |