Павлодар облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облыстық әкімдігінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 245/5 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 7 қыркүйекте № 5620 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Павлодар облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Павлодар облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші қосымшаға сәйкес жойылды деп танылсын.

      2. "Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттiк мекемесi заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      осы қаулының ресми жариялануын;

      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары М.М. Бегентаевқа жүктелсiн.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Облыс әкiмi Б. Бақауов

  Павлодар облысы әкімдігінің
2017 жылғы 16 тамыздағы
№ 245/5 қаулысына
қосымша

Павлодар облысы әкімдігінің
күші жойылған кейбір қаулыларының
тізбесі

      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 17 шілдедегі "Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 244/7 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3908 болып тіркелген, 2014 жылғы 21 тамызда "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья" газеттерінде жарияланған).

      2. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі "Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 17 шілдедегі "Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 244/7 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" № 97/4 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4430 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 сәуірде "Регион.kz" газетінде жарияланған).

      3. Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 25 ақпандағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 17 шілдедегі "Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 244/7 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 51/2 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5020 болып тіркелген, 2016 жылғы 5 сәуірде "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья" газеттерінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады