"Денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттарды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Павлодар облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 103/4 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 19 мамырда № 4471 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 17 шілдедегі N 208/7 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 17.07.2015 N 208/7 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттарды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
      2. "Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
      осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғ.Қ. Сәдібековке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күннен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Қ. Бозымбаев

  Павлодар облысы әкімдігінің
2015 жылғы 14 сәуір
№ 103/4 қаулысына
қосымша

"Денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, олардың
біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттарды беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер

      1. "Денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттарды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Павлодар облысының денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттарды.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің
құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету бойынша рәсімнің (әрекеттің) бастауына негіз болып Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 мамырдағы № 562 "Денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, олардың біліктілігін арттыру арттыру және қайта даярлау туралы құжаттарды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" қаулысымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) 9-тармағымен көзделген құжаттар болып табылады.
      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесі мынадай рәсімдерден (әрекеттерден) тұрады:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттарды қабылдайды, тіркейді және тіркелген құжаттарды жауапты орындаушыға береді - 30 (отыз) минуттан аспайды;
      2) жауапты орындаушы ұсынылған құжаттарды қарайды, көрсетілетін қызметті берушінің құжатты беру туралы бұйрығына сәйкес кадрларды даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлаудан өткені туралы құжатты ресімдейді және жетекшілік ететін көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасарына келісуге береді - 3 (үш) жұмыс күнінен аспайды;
      3) басшының орынбасары тексереді және бұрыштама қояды – 4 (төрт) жұмыс күнінен аспайды;
      4) басшы құжаттарға қол қояды және көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жауапты орындаушыға тіркеуге береді - 3 (үш) жұмыс күнінен аспайды;
      5) жауапты орындаушы көрсетілетін қызмет нәтижесін тіркеп, көрсетілетін қызметті алушы есепке алу журналына қол қойғаннан кейін мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға қолма-қол ұсынады - 3 (үш) жұмыс күнінен аспайды.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушының құжаттар пакетін тапсырған сәтінен бастап мемлекеттік аттестаттау комиссиясының (біліктілік комиссиясы) немесе көрсетілетін қызметті беруші басшысының шешімі қабылданған күнінен бастап 14 (он төрт) жұмыс күнінен аспайды.
      6) Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің маманы - ұсынылған құжаттарды қабылдайды және толық болуын тексереді, жауапты орындаушыға береді.
      Жауапты орындаушы - құжатты ресімдейді және басшыға, басшының орынбасарына қол қоюға береді.
      Жауапты орындаушының құжатты ресімдеуді аяқтауы және көрсетілетін қызметті алушыға беруі.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің
құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету процесіне мынадай құрылымдық-функционалды бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) қатысады:
      1) құрылымдық бөлімшенің маманы;
      2) жауапты орындаушы;
      3) басшының орынбасары;
      4) басшы.
      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау осы Регламенттің, "Денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттарды беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы қосымшасында көрсетілген.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда
және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетудің
ерекшеліктері ескерліген басқа да талаптары

      8. Электрондық нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік қызмет көрсету көзделмеген.

  "Денсаулық сақтау саласының
кадрларын даярлықтан өткізу,
олардың біліктілігін арттыру
және қайта даярлау туралы
ұжаттарды беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне
қосымша

"Денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, олардың біліктілігін
арттыру және қайта даярлау туралы құжаттарды беру" мемлекеттік қызмет
көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

      


      

Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача документов о прохождении подготовки, повышении квалификации и переподготовке кадров отрасли здравоохранения"

Постановление акимата Павлодарской области от 14 апреля 2015 года № 103/4. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 19 мая 2015 года № 4471. Утратило силу постановлением акимата Павлодарской области от 17 июля 2015 года N 208/7

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Павлодарской области от 17.07.2015 N 208/7.
      В соответствии с пунктом 3 статьи 16 Закона Республики Казахстан от 15 апреля 2013 года "О государственных услугах" акимат Павлодарской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемый регламент государственной услуги "Выдача документов о прохождении подготовки, повышении квалификации и переподготовке кадров отрасли здравоохранения".
      2. Государственному учреждению "Управление здравоохранения Павлодарской области" в установленном законодательством порядке обеспечить:
      государственную регистрацию настоящего постановления в территориальном органе юстиции;
      в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего постановления в территориальном органе юстиции направление на официальное опубликование в средствах массовой информации и информационно-правовой системе "Әділет";
      размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Павлодарской области.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима области Садибекова Г.К.
      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Аким области К. Бозумбаев

  Утвержден
постановлением акимата
Павлодарской области
от 14 апреля 2015 года № 103/4

Регламент государственной услуги
"Выдача документов о прохождении подготовки, повышении
квалификации и переподготовке кадров отрасли здравоохранения"

1. Общие положения

      1. Государственная услуга "Выдача документов о прохождении подготовки, повышении квалификации и переподготовке кадров отрасли здравоохранения" (далее - государственная услуга) оказывается организациями образования в области здравоохранения Павлодарской области (далее - услугодатель).
      2. Форма оказания государственной услуги - бумажная.
      3. Результат оказания государственной услуги – выдача документов о прохождении подготовки, повышения квалификации и переподготовке кадров отрасли здравоохранения.
      Форма предоставления результата оказания государственной услуги – бумажная.

2. Описание порядка действий структурных подразделений (работников)
услугодателя в процессе оказания государственной услуги

      4. Основанием для начала процедуры (действия) по оказанию государственной услуги являются документы, предусмотренные пунктом 9 стандарта государственной услуги, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 28 мая 2014 года № 562 "Об утверждении стандарта государственной услуги "Выдача документов о прохождении подготовки, повышении квалификации и переподготовке кадров отрасли здравоохранения" (далее - стандарт).
      5. Процесс оказания государственной услуги состоит из следующих процедур (действий):
      1) специалист структурного подразделения услугодателя принимает, регистрирует документы и передает зарегистрированные документы ответственному исполнителю - не более 30 (тридцати) минут;
      2) ответственный исполнитель рассматривает представленные документы, оформляет документ о прохождении подготовки, повышении квалификации и переподготовки кадров отрасли здравоохранения, в соответствии с приказом услугодателя о выдаче документа и передает на согласование курирующему заместителю руководителя - не более 3 (трех) рабочих дней;
      3) заместитель руководителя проверяет и ставит резолюцию - не более 4 (четырех) рабочих дней;
      4) руководитель подписывает документы и передает ответственному исполнителю на регистрацию для выдачи услугополучателю результат государственной услуги - не более 3 (трех) рабочих дней;
      5) ответственный исполнитель регистрирует и нарочно передает услугополучателю результат государственной услуги, после подписания услугополучателя в журнале учета - не более 3 (трех) рабочих дней.
      Сроки оказания государственной услуги: с момента сдачи пакета документов услугополучателем не более 14 (четырнадцати) рабочих дней со дня принятия решения итоговой Государственной аттестационной комиссии (квалификационной комиссии) или руководителя услугодателя.
      6) Результат процедуры (действия), который служит основанием для начала выполнения следующей процедуры (действия).
      Специалист структурного подразделения услугодателя - прием и проверка полноты представленных документов, передача ответственному исполнителю.
      Ответственный исполнитель - оформление документа и передача на подписание заместителю руководителя, руководителю.
      Завершение оформления документа ответственным исполнителем и выдача услугополучателю.

3. Описание порядка взаимодействия структурных подразделений
(работников) услугодателя в процессе оказания государственной услуги

      6. В процессе оказания государственной услуги задействованы следующие структурно-функциональные единицы (далее - СФЕ):
      1) специалист структурного подразделения;
      2) ответственный исполнитель;
      3) заместитель руководителя;
      4) руководитель.
      7. Описание последовательности процедур (действий) между структурными подразделениями (работниками) с указанием длительности каждой процедуры (действия), справочник бизнес-процессов оказания государственной услуги указаны в приложении к настоящему регламенту.

4. Иные требования с учетом особенностей оказания государственной услуги,
в том числе оказываемой в электронной форме и
через центры обслуживания населения

      8. Оказания государственной услуги в электронной форме и через центры обслуживания населения не предусмотрено.

  Приложение
к регламенту государственной
услуги "Выдача документов о
прохождении подготовки,
повышении квалификации и
переподготовке кадров
отрасли здравоохранения"

Справочник бизнес-процессов оказания государственной услуги
"Выдача документов о прохождении подготовки, повышении квалификации
и переподготовке кадров отрасли здравоохранения"