Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 10 ақпандағы "Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 29/2 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Павлодар облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 17 шілдедегі № 206/7 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 04 тамызда № 4641 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2018 жылғы 12 қыркүйектегі № 321/5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 12.09.2018 № 321/5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының Үлгілі ережесін бекіту жөнінде" № 410 Жарлығына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 10 ақпандағы "Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 29/2 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3712 болып тіркелген, 2014 жылғы 27 ақпандағы "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья" газеттерінде жарияланған) келесідей өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:

      20-тармақта:

      80) тармақша алынып тастасын;

      келесі мазмұндағы 84) тармақшамен толықтырылсын:

      "84) "Болашақ құрылыс учаскелелері астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқтығы немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру.".

      2. "Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н. К. Әшімбетовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Қ. Бозымбаев

О внесении изменения и дополнения в постановление акимата Павлодарской области от 10 февраля 2014 года № 29/2 "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Управление недропользования, окружающей среды и водных ресурсов Павлодарской области"

Постановление акимата Павлодарской области от 17 июля 2015 года № 206/7. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 04 августа 2015 года № 4641. Утратило силу постановлением акимата Павлодарской области от 12 сентября 2018 года № 321/5 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Павлодарской области от 12.09.2018 № 321/5 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе", Указом Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года № 410 "Об утверждении Типового положения государственного органа Республики Казахстан" акимат Павлодарской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Павлодарской области от 10 февраля 2014 года № 29/2 "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Управление недропользования, окружающей среды и водных ресурсов" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 3712, опубликовано 27 февраля 2014 года в газетах "Звезда Прииртышья", "Сарыарка Самалы") следующие изменения и дополнения:

      в Положении о государственном учреждении "Управление недропользования, окружающей среды и водных ресурсов Павлодарской области", утвержденном указанным постановлением:

      в пункте 20:

      подпункт 80) исключить;

      дополнить подпунктом 84) следующего содержания:

      "84) выдача заключения об отсутствии или малозначительности полезных ископаемых в недрах под участком предстоящей застройки".

      2. Государственному учреждению "Управление недропользования, окружающей среды и водных ресурсов Павлодарской области" в установленном законодательном порядке обеспечить:

      государственную регистрацию настоящего постановления в территориальном органе юстиции;

      в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего постановления в территориальном органе юстиции направление на официальное опубликование в средствах массовой информации и информационно-правовой системе "Әділет";

      размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Павлодарской области.

      3. Контроль за выполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима области Ашимбетова Н. К.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким области К. Бозумбаев