"Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 10 ақпандағы N 29/2 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 24 ақпанда N 3712 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2018 жылғы 12 қыркүйектегі № 321/5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 12.09.2018 № 321/5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының Үлгі ережесін бекіту жөнінде" N 410 Жарлығына сәйкес Павлодар облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстар басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н.К. Әшімбетовке жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Қ. Бозымбаев

  Павлодар облысы әкімдігінің
2014 жылғы 10 ақпандағы
N 29/2 қаулысымен
бекітілді

"Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану,
қоршаған орта және су ресурстары басқармасы"
мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы" мемлекеттік мекемесі жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы" мемлекеттік мекемесі ведомстволары жоқ.

      3. "Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар, мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. "Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. "Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, онда мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте "Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. "Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жерi: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140000, Павлодар қаласы, Жеңіс алаңы, 17-үй.

      10. "Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі:

      дүйсенбі - жұма күндері, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі - жексенбі.

      11. Мемлекеттік органның мемлекеттік тілдегі толық атауы: "Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы" мемлекеттік мекемесі;

      орыс тілінде: государственное учреждение "Управление недропользования, окружающей среды и водных ресурсов Павлодарской области".

      12. Мемлекет Павлодар облысының әкімдігі тұлғасындағы "Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.

      "Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы" мемлекеттік мекемесі "Павлодар облысының қоршаған ортаны қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесі мен "Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірігу жолымен қайта ұйымдастырылу нәтижесінде құрылды, тапсыру актісіне сәйкес олардың құқықтары мен міндеттеріне қатысты және де тараптар дауласатын міндеттемелерді қоса алғанда, олардың құқық иеленушісі болып табылады.

      13. Осы ереже "Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      14. "Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.

      15. "Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. "Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану,
қоршаған орта және су ресурстары басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің миссиясы, мақсаты, мәні,
негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      16. "Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары саласында мемлекеттік саясатты облыстық деңгейде іске асыру.

      17. Қоршаған ортаның, су ресурстарының сапасын сақтау, жақсарту, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және тұрғындардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жағдай жасау және облыстың тұрақты дамуын қамтамасыз ету "Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мақсаты болып табылады.

      18. Жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресустары саласындағы мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге тікелей бағытталған қызметті жүзеге асыру және қызметтер көрсету "Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мәні болып табылады.

      19. Міндеттері:

      1) жануарлар дүниесінің өсімін молайту және пайдалану мәселелері бойынша жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресустары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, заңнамалық және өзге де нормативтік-құқықтық актілерге мониторинг жүргізу және олардың орындалуын талдау;

      2) жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресустары саласындағы басқарманың кадрларын қайта даярлау және біліктілігін арттыру;

      3) табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға қолайлы жағдай туғызу жөніндегі шараларды әзірлеу;

      4) мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде сапаның, стандарттар мен регламенттердің сақталуын қамтамасыз ету;

      5) қоршаған орта мен су ресустарына зиян келтірудің алдын алу.

      20. Функциялары:

      1) Павлодар облысының табиғат қорғау іс-шараларының басымдықтарын жоспарлау және ұсыныстар енгізу;

      2) өз құзыреті шегінде тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды, мемлекеттік сатып алу мен мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру кезінде бюджеттік қаражаттың тиімді жұмсалуын ұйымдастыру және жүргізу;

      3) өз құзыреті шегінде табиғат қорғау объектілерінің құрылысын салуға және қайта жаңартуға қатысу;

      4) бассейндік су шаруашылығы басқармасымен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша су қорғау аймақтарын және су объектілеріндегі белдеулерді белгілеу жұмыстарын ұйымдастыру;

      5) қоршаған орта саласындағы жұмыстарды орындауды және қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын сыртқы сарапшыларды (жеке және заңды тұлғаларды) сараптамалық жұмыстар жүргізу үшін тарту;

      6) аумақтарды дамыту бағдарламаларын және парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіру жөніндегі жобаларды әзірлеу және оларды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу;

      7) өз құзыреті шегінде қоршаған орта сапасының нысаналы қөрсеткіштерін әзірлеу;

      8) қоршаған ортаны қорғау саласында құжаттар әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізу, мұндай құжаттардың бастамашылық жобаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның қарауына беру;

      9) өз құзыреті шегінде қалдықтардың жинақталу көлемдерін азайту, олардың қайта немесе баламалы түрде пайдалану деңгейін арттыру көлемін қысқарту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;

      10) қоршаған ортаны саласындағы инвестициялық жобаларды әзірлеу және оларды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға табыс ету;

      11) қоршаған орта эмиссиясына төлем ставкасын әзірлеу;

      12) өз құзыреті шегінде орман ресурстарын және жануарлар әлемін қорғау, сақтау, молайту және тиімді пайдалану саласындағы мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру;

      13) облыстың уәкілетті органы мен жергілікті билік органдарының қатысуымен өздерінің функционалдық қарамағындағы мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын ұзақ мерзімге пайдалануға беру жөніндегі тендерлерді ұйымдастыру және өткізу;

      14) мемлекеттік орман қоры аумағында орман өрттерінің алдын алу және олармен күресу жөніндегі жыл сайынғы іс-шаралар жоспарының әзірленуін және іске асырылуын бақылау;

      15) мемлекеттік орман қоры аумағында өрт сөндіру үшін орманда өрт қауіпсіздігі кезеңіне жанар–жағар май материалдарының қорын жасауға қатысу;

      16) ведомстволық бағыныстағы мекемелердің шаруа қожалықтары мен өзге де ауыл шаруашылығы ұйымдарының орман қорына iргелес аумақтардағы ауыл шаруашылығы алқаптарында, жайылымдық және шабындық жерлерде сабантүбiн, аңыздарды және өзге де өсiмдiк қалдықтарын өртеуiне, қау шөбiн өртеуiне бақылау жасауын жүзеге асыру;

      17) мемлекеттік орман қоры аумағында орман зиянкестерімен және ауруларымен күресу, сондай-ақ орманның санитарлық жай-күйін жақсарту жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

      18) орман зиянкестерімен және ауруларына қарсы күресте авиахимиялық, авиабиологиялық, аэрозольдық іс-шаралар жүргізу кезінде, сондай-ақ орманда өрт қаупі жоғары болып тұрған кезеңде жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салу, орман пайдалану құқығын тоқтата туралы шешім қабылдау;

      19) уәкілетті органға тапсыру үшін өздерінің функционалдық қарамағындағы орман қорларын мемлекеттік есепке алу, мемлекеттік орман кадастрына тіркеу, орманға мемлекеттік мониторинг жүргізу жөніндегі материалдарды дайындау;

      20) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемесінің жобасын (тамырынан босатылатын ағаштар үшін төлемақы мөлшерлемесін қоспағанда) әзірлеу;

      21) өртке қарсы насихатты, бұқаралық ақпарат құралдарында ормандарды сақтау, ормандарда өрт қауiпсiздiгi ережелерiн орындау туралы мәселелердiң тұрақты берiлуiн ұйымдастырады;

      22) құзыреті шегінде қоршаған ортаны қорғау саласында келісімдер мен меморандумдар жасасу;

      23) өз құзыреті шегінде II, III және IV-санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама ұйымдастыру және жүргізу;

      24) табиғат пайдаланушыларға II, III және IV-санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссия рұқсатын беру, оларда қоршаған ортаға эмиссияларға лимиттер белгілеу;

      25) экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалардың қорытындылары негізінде өз құзыреті шегінде кәсіпорындарды, құрылыстар мен өзге объектілерді салуға және реконструкциялауға тыйым салу немесе рұқсат беру;

      26) Павлодар облысының су объектілерін ұтымды пайдалану және қорғау жөніндегі бағдарламалар әзірлеуге қатысу, олардың іске асырылуын қамтамасыз ету;

      27) бассейндiк кеңестердiң жұмысына және бассейндiк келiсiмге қатысу, су объектiлерiн ұтымды пайдалану және қорғау жөнінде ұсыныстарды бассейндiк кеңестердiң қарауына енгізу, бассейндiк кеңестердiң ұсынымдарын зерделеу, оларды iске асыру жөнiнде шаралар қабылдау;

      28) өз құзыреті шегінде судың жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындармен басқа да құрылыстарды орналастыруды және пайдалануға берудi, сондай-ақ су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде құрылыс, түбiн тереңдету және басқа да жұмыстарды жүргiзу шарттарын келiсу;

      29) бассейн су шаруашылығы басқармасының келісімі бойынша су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылық пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу;

      30) Павлодар облысының аумағындағы су объектілерінің жай-күйі туралы тұрғындарды ақпараттандыру;

      31) жерүсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын әзірлеу;

      32) балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) жергілікті маңызы бар учаскелерінің тізбелерін бекіту үшін қаулы жобасын әзірлеу;

      33) бір облыстың аумағында орналасқан, жергілікті, халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын бекітіп беру бойынша конкурстар өткізу;

      34) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша су объектілерін жеке және бірлесіп пайдалануға беру және бекіту;

      35) жер үсті су объектілері жоқ, бірақ ауыз суы сапасындағы жер асты суларының жеткілікті қорлары бар аумақта суларды ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшін пайдалануға рұқсат беру;

      36) Павлодар облысының су пайдалану лимиттерін бөлу;

      37) мемлекеттік және салалық бағдарлама шеңберінде іске асырылатын ауылдық елді мекендердің сумен қамтамасыз ету жүйесін қайта құру және құрылыс мониторингін іске асыру;

      38) облыс қалалары мен аудандарының жергілікті атқарушы органдары ұсынған өтінімдер негізінде мемлекеттік және салалық бағдарламалар шеңберінде іске асыру, облыстың коммуналдық меншігіндегі ауылдық елді мекендердің сумен қамтамасыз ету жүйесінің құрылысы мен қайта құру бойынша ұсыныс енгізу;

      39) "Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерді іске асыру үшін мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғалармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

      40) облыс әкімінің, оның орынбасарларының, әкімдік актілерінің, тапсырмаларын орындау және олардың орындалуын ұйымдастыру;

      41) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұртшылықпен байланыс орнату және оны тұрақты дамыту;

      42) "Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметінің жоспарларын әзірлеу;

      43) бюджеттен қаржыландырылатын ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер қызметінің басым бағыттарын және міндетті жұмыс (қызметтер) көлемдерін анықтау;

      44) Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленген тәртіпте ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің басшыларын және орынбасарларын тағайындау, оларды аттестаттаудан өткізу;

      45) ведомствоға бағынысты мемлекеттік мекемелер іске асыратын және жүргізетін ақылы қызметтерге бағаны келісу;

      46) ведомствоға бағынысты мемлекеттік мекемелердің жоспарларын қарау, келісу, бекіту, олардың орындалуына бақылау және талдау жүргізуді жүзеге асыру, оларды орындау бойынша есептер қабылдау;

      47) ведомствоға бағынысты мемлекеттік ұйымдардың мүліктерді пайдалануына және сақтауына бақылауды жүзеге асыру;

      48) ведомствоға бағынысты мемлекеттік ұйымдардың мүлкін алып қоюға немесе қайта бөлуге облыстық коммуналдық меншікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен келісу;

      49) ведомствоға бағынысты мемлекеттік ұйымдарды басқаруды жүзеге асыру: еңбекақы қорын, басшының, оның орынбасарларының лауазымдық еңбекақы көлемін, оларға сыйақы беру және өзге де марапаттау жүйесін бекіту; ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік ұйымдардың басшыларымен еңбек шарттарын жасасу;

      50) ведомствоға бағынысты ұйымдарға әдістемелік көмек көрсету;

      51) алынып тасталды - Павлодар облыстық әкімдігінің 03.11.2015 № 308/11 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      52) кеңінен таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған келісім-шарттардың орындалуын қамтамасыз ету және күшін тоқтату;

      53) тауарларда, жұмыстарда, қызмет көрсетулерде және кадрлар мен аумақтарды әлеуметтік дамытуда, соның ішінде жер қойнауын пайдаланушылар мен өндірушілер пайдаланатын тауарлардың және жұмыстар мен қызмет көрсетулердің тізілімі арқылы жергілікті қамту бөлігінде жер пайдаланушылардың шарттық міндеттемелерінің орындалуына мониторинг жүргізуге қатысу;

      54) кеңінен таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурстарды дайындау және ұйымжастыру;

      55) жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясының, кеңінен таралған пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі жұмыс тобының жұмысын өткізуді ұйымдастыру, барлау мен өндіруге байланысты емес жер астындағы құрылыстарды салу (немесе) пайдалану;

      56) Қазақстан Республикасының "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Заңының 37-бабына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын табыс етуге арналған рұқсаттарды беру, сондай-ақ кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын кепілге салу жөніндегі мәмілелерді тіркеу;

      57) жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясының ұсынысы негізінде кеңінен таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану рұқсаттарын беру (немесе беруден бас тарту);

      58) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасын қоспағанда, барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған, елді мекендерді шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін жерасты суларына арналған кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жобалау құжаттарына сараптама жүргізуді ұйымдастыру;

      59) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен және жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің келісімі бойынша гидроқұрылыстарды және темір жолдарды, жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын салу (қайта жаңарту) және жөндеу кезінде пайдаланатын кеңінен таралған пайдалы қазбалар бойынша жер пайдалану құқығына рұқсат беру;

      60) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жобаларын құқықтық және экономикалық сараптау кезінде жер қойнауын пайдаланушылар ұсынған келіспеушіліктерді қарау үшін келісім комиссиясын құру;

      61) жер қойнауын пайдаланушымен кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндiруге келiсiмшарттың талаптары туралы, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндiруге байланысты емес жерасты құрылысына және/немесе пайдалануға келiссөздер жүргiзу;

      62) Алынып тасталды - Павлодар облыстық әкімдігінің 01.03.2016 № 96/3 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      63) "Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерін кәсіптік қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды, аттестаттауды, кадр жұмысының, кадрлармен қамтамасыз етілудің жай-күйіне талдау жасауды ұйымдастыру;

      64) "Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты мәселелерді шешу, кадрлық резервті қалыптастыруға қатысу;

      65) тиісті дерекқорды құрумен облыстың бірыңғай электрондық жүйесін ұйымдастыруға қатысу;

      66) аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары үшін жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптарды бекітіп беру бойынша конкурстар өткізу;

      67) сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiн интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру, сондай-ақ қолдан өсiру жөнiндегi қызметтi ұйымдастыру;

      68) аңшылық алқаптарының резервтiк қорында жануарлар дүниесiн қорғауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

      69) балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң резервтiк қорын қорғауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

      70) ғылыми ұсынымдар негізінде балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттауды жүргізу;

      71) рекреациялық балық аулау аймағын белгілеу;

      72) балық шаруашылығы учаскелерінің шекараларын белгілеу, ұйықтарды (ұйықтық учаскелерді) ашу және жабу;

      73) екі және одан да көп облыс аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттеу үшін аулау, сондай-ақ сирек кездесетін және құрып бара жатқан жануарлар түрін қоспағанда, жануарлар әлемін пайдалануға рұқсат беру;

      74) өздерінің функционалдық қарауындағы мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығын, сондай-ақ ормандардың жай-күйiне және молықтырылуына қауiп төндiретiн жұмыстарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтата тұру, шектеу, тоқтату;

      75) орман ресурстарын сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген, өз қарауындағы мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салуға учаскелер беру және осы учаскелерді осындай объектілер салу үшін пайдалануға рұқсат беру;

      76) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру;

      77) өз құзыреті шегінде табиғат қорғау іс-шараларының жоспарларын келісу;

      78) коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласында қолданбалы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізуді ұйымдастыру;

      79) коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту;

      80) алынып тасталды - Павлодар облыстық әкімдігінің 17.07.2015 N 206/7 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      81) елді мекендерді шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін жерасты суларына іздестіру-барлау жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;

      82) пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ олар жатқан орындарда жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат беру;

      83) облыс әкімдігі және әкімінің актілерімен, өзге нормативтік құқықтық актілермен көзделген жағдайда, акционерлік қоғамдардың мемлекеттік акциялар пакетін және жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығын, мемлекеттік заңды тұлғалардың құқық субъектісінің өкілеттіктерін жүзеге асыру, соның ішінде тиісті саланың уәкілетті органдарының құзыретіне ұқсас оларға қатысты шешімдерді қабылдау;

      84) "Болашақ құрылыс учаскелелері астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқтығы немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру;

      85) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттарды жасау, тіркеу және сақтау;

      86) келісімшарт жасасу кезінде өңір халқының әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мүдделерінің сақталумен байланысты мәселелерді шешу үшін жер қойнауын пайдаланушымен келіссөздерге қатысу;

      87) құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар, тендерге немесе аукционға шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекіту;

      88) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурстық комиссиялардың құрамын бекіту;

      89) кең таралған пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттардың қолданысын қайта бастау туралы шешімдер қабылдау;

      90) кең таралған пайдалы қазбалар және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану бойынша келісімшарттық міндеттемелердің орындалуына мониторинг пен бақылауды жүзеге асыру;

      91) су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлердi экологиялық талаптар мен адам өмірінің қауіпсіздігін сақтай отырып, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша белгiлеу;

      92) су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын әуесқойлық және спорттық балық аулау үшiн пайдалануға қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша рұқсат бepу.

      Ескерту. 20-тармаққа өзгерістер енгізілді – Павлодар облыстық әкімдігінің 13.01.2015 № 2/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 17.07.2015 N 206/7 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 03.11.2015 № 308/11 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 01.03.2016 № 96/3 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      21. Құқықтары мен міндеттері:

      1) Павлодар облысының аумағында жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары саласының негізгі бағыттарын дамыту, проблемаларды шешу жөніндегі ұсыныстарды облыс әкімдігінің және әкімінің қарауына енгізеді;

      2) "Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің алдына қойылған міндеттерді орындауға қатысты мәселелер жөніндегі ақпаратты мемлекеттiк органдардың, лауазымдық тұлғалардың, ұйымдар мен азаматтардың келісімі бойынша белгiленген тәртiпте сұратады және алады;

      3) мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың қызметкерлерін олардың басшыларының келісімі бойынша жұмысқа тартады;

      4) мемлекеттік органдарда, сотта басқарманың мүддесін білдіреді;

      5) өз құзыреті шегінде шарттар мен келісімдер жасайды.

3. "Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану,
қоршаған орта және су ресурстары басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      22. "Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

      23. "Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Павлодар облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      24. "Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      25. "Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкiлеттiгi:

      1) "Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады, оның қызметін басқаруды жүзеге асырады;

      2) өз орынбасарларының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгілейді;

      3) "Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің функциялары мен өкілеттіктерін белгілейді;

      4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметінен босатады;

      5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жануарлар әлемі және орманды қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелердің директорларын және олардың орынбасарларын тағайындайды және қызметінен босатады;

      6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте "Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне көтермелеуді, материалдық көмек көрсетуді, тәртіптік жазалар қолдануды жүзеге асырады;

      7) "Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері орындауға міндетті өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      8) "Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері туралы ережені, оның қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      9) облыстық өкілеттік органдардың және уәкілетті органның қатысуымен олардың функционалдық басқаруындағы мемлекеттік орман қорындағы учаскеде орман ресурстарын ұзақ мерзімге пайдалануға ұсыну бойынша тендерлер өткізуді ұйымдастырады;

      10) ведомствоға бағынысты мемлекеттік мекемелер басшыларының қатысуымен кеңестер өткізеді;

      11) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес меншік нысанына қарамастан, барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда "Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;

      12) "Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымын әзірлеуді қамтамасыз етеді;

      13) "Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің перспективалық және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;

      14) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және оған дербес жауап береді.

      "Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оның алмастыратын тұлға орындайды.

      26. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіліктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

      27. "Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы" мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның) арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      28. "Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы" мемлекеттік мекемесі мен тиісті саладағы уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның) арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      29. "Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес белгіленеді.

4. "Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану,
қоршаған орта және су ресурстары басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      30. "Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi бар.

      "Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншiк, иесi берген мүлiк және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

      31. "Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншiкке жатады.

      32. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. "Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану,
қоршаған орта және су ресурстары басқармасы"
мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату)

      33. "Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      34. "Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы" мемлекеттік мекемесі мемлекеттiк мекемесi таратылған жағдайда, кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлік облыстың коммуналдық меншігінде қалады.

"Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған
орта және су ресурстары басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің қарамағындағы мекемелердің тізімі

      1. "Павлодар орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мекемесі" мемлекеттік мекемесі.

      2. "Үрлітүп орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мекемесі" мемлекеттік мекемесі.

      3. "Максим-Горький орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мекемесі" мемлекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады