Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 22.01.2018 № 22/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Павлодар облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. "Павлодар облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғ.Қ. Сәдібековке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімінің міндетін атқарушы | Д. Тұрғанов |
Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы " 4 " тамыздағы № 230/8 қаулысымен бекiтiлдi |
"Павлодар облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы"
мемлекеттiк мекемесi туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Павлодар облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы" мемлекеттiк мекемесi экономикалық және бюджеттік жоспарлау мәселелеріндегі мемлекеттiк саясатты облыстық деңгейде жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Павлодар облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің ведомстволары жоқ.
3. "Павлодар облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы" мемлекеттiк мекемесi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң, облыс әкiмдiгi мен әкiмiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Павлодар облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы" мемлекеттiк мекемесi ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы жазылған мөрi мен мөртаңбалары, заңнамаға сәйкес белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, қазынашылық органдарында шоты бар.
5. "Павлодар облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы" мемлекеттiк мекемесi азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Павлодар облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы" мемлекеттiк мекемесi егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Павлодар облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы" мемлекеттiк мекемесi өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Павлодар облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы" мемлекеттiк мекемесi басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Павлодар облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. "Павлодар облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140000, Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32.
10. "Павлодар облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің жұмыс тәртібі:
жұмыс аптасының түрі – бескүндік жұмыс аптасы: дүйсенбі – жұма, екікүндік демалыс күндерімен: сенбі – жексенбі.
күнделікті жұмыс уақытының ұзақтығы – 8 сағат: 09 сағат 00 минуттан бастап 18 сағат 30 минутқа дейін, үзіліс – 13 сағат 00 минуттан бастап 14 сағат 30 минутқа дейін.
11. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік тілдегі толық атауы – "Павлодар облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы" мемлекеттiк мекемесi;
орыс тілінде – государственное учреждение "Управление экономики и бюджетного планирования Павлодарской области".
12. Мемлекет Павлодар облысының әкімдігі атынан "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
13. Осы Ереже "Павлодар облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің құрылтай құжаты болып табылады.
14. "Павлодар облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
15. "Павлодар облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы" мемлекеттiк мекемесiне кәсіпкерлік субъектілерімен "Павлодар облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Павлодар облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы" мемлекеттiк мекемесiне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. "Павлодар облысының экономика және
бюджеттiк жоспарлау басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің
миссиясы, мақсаты, қызметінің мәні, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері
16. Павлодар облысының мемлекеттік экономикалық саясатын іске асыру және мемлекеттік жоспарлау жүйесін дамыту "Павлодар облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің миссиясы болып табылады.
17. Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын, негізгі бағыттарын қалыптастыру, мемлекеттің экономикалық және бюджеттік саясатын іске асыру мәселелері бойынша атқарушы органдарды үйлестіру, облыстық бюджеттің орта мерзімді кезеңге болжамды көрсеткіштерін жоспарлау "Павлодар облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің мақсаты болып табылады.
18. Экономикалық және бюджеттік жоспарлау мәселелеріндегі мемлекеттiк саясатты облыстық деңгейде жүзеге асыру "Павлодар облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы" мемлекеттiк мекемесi қызметінің мәні болып табылады.
19. Міндеттері:
1) Павлодар облысының әлеуметтiк-экономикалық саясатының негiзгi бағыттарын қалыптастыру;
2) Павлодар облысының бюджеттік және инвестициялық саясатын қалыптастыру;
3) облыстың жергілікті мемлекеттік басқаруының тиімді құрылымын қалыптастыру.
20. Функциялары:
1) облыстың, қалалар мен аудандардың әлеуметтiк-экономикалық жағдайына (экономиканың нақты секторы мен өндiрiстiк инфрақұрылымына, әлеуметтiк салаға) талдау жүргізу, облыстық дамуда туындайтын проблемалар мен сәйкессiздiктердi айқындау, оларды шешу жолдарын анықтау;
2) Павлодар облысының әлеуметтiк-экономикалық дамуының басымдықтарын қалыптастыру, Павлодар облысының әлеуметтiк-экономикалық дамуының негiзгi бағыттары бойынша баяндамалар дайындау;
3) Президенттің Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы жиынтық есептерді дайындау және ұсыну;
4) облыстың қалалар мен аудандар бөлінісінде әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу;
5) Павлодар облысының әлеуметтiк-экономикалық паспортын әзiрлеу;
6) Аумақты дамыту бағдарламасын, оны іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарын әзірлеу, түзету, мониторингілеу, қалалар мен аудандарды дамыту бағдарламаларын әзірлеген, түзеткен, мониторинг жүргізген кезде аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уәкілетті органдарының жұмысын үйлестіру және әдістемелік басшылық ету;
7) қызмет тиімділігін бағалау нәтижелері бойынша орталық уәкілетті органға хабарлама (қарсылық) дайындау;
8) облыс әкiмдiгi мен әкiмi актiлерiнiң жобаларын олардың экономикалық жағынан орындылығы және ел мен облыстың экономикалық, әлеуметтiк даму жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес келу тұрғысынан келісімдеу;
9) Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің, орталық мемлекеттік органдардың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері бойынша іс-шаралар жоспарларын (Жол карталарын) іске асыру жөніндегі тапсырмаларын орындау туралы жиынтық есептерді дайындау;
10) жергілікті бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың тізбесін қалыптастыру, тиісті бюджеттік бағдарламамен үлестірілетін қаражат есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін, концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын, концессиялық жобалардың консультативтік сүйемелдеуін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларды жүргізу;
11) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің мемлекеттік инвестициялық жобалар бойынша инвестициялық ұсыныстарына экономикалық қорытындылар дайындау;
12) жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асуын мониторингілеу және бағалау;
13) жергілікті атқарушы орган анықтайтын заңды тұлғаны бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелеріне, заңды тұлғалардың жарғылық капиталында мемлекет қатысатын бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемелеріне және Қазақстан Республикасының "Концессиялар туралы" Заңының 13-бабы 3-2) тармақшасымен белгіленген жағдайда концессиялар саласындағы құжаттарға сараптама жүргізу үшін тарту;
14) Қазақстан Республикасының "Концессиялар туралы" Заңының 13-бабы 3-2) тармақшасымен белгіленген жағдайда концессиялық ұсыныс бойынша қорытынды дайындау;
15) концессияның конкурстық құжаттамасы мен шарттарын келісімдеу, соның ішінде оларға Қазақстан Республикасының "Концессиялар туралы" Заңының 13-бабы 3-3) тармақшасымен белгіленген жағдайда өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде келісімдеу;
16) жер қойнауын пайдаланушылардың пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге арналған келісімшарттарының жобаларына экономикалық сараптаманы қамтамасыз ету;
17) жергілікті атқарушы органдармен, аумақтық салық органдарымен (келісім бойынша) бірлесіп, облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отыра, барлық деңгейдегі жергілікті бюджеттердің кірістерін болжауды жүзеге асыру;
18) жергiлiктi мемлекеттiк басқару жүйесiне ұйымдық және функционалдық талдау жүргізу, Павлодар облысын басқару сұлбасын әзірлеу;
19) мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстарды қалыптастыру;
20) облыстық бюджеттік комиссияның қызметін ұйымдастыру;
21) облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін қарастыру және олар бойынша қорытындылар дайындау;
22) стратегиялық жоспарларды әзірлемейтін облыстық әкімшілердің бюджеттік бағдарламалар жобаларын бекітуге, түзетуге, қайта бекітуге қарастыру;
23) облыстық бюджеттің жоспарлы кезеңге арналған жобасын әзірлеу және тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджетті нақтылау, түзету бойынша ұсыныстар енгізу;
24) жалпы сипаттағы трансферттердің үш жылғы кезеңге арналған көлемдерін анықтаған кезде қалалар мен аудандар бюджеттерінің болжамды параметрлерін есептеу;
25) облыстық бюджетті бекіту, облыстық бюджет пен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері, облыстық бюджетті нақтылау және құзыреті шегінде басқа да мәселелер туралы Павлодар облысы әкімдігі қаулыларының және облыстық мәслихат сессиялары шешімдерінің жобаларын дайындау;
26) облыстық мәслихат сессияларының бюджет мәселелері бойынша шешімдерін іске асыру туралы Павлодар облысы әкімдігі қаулыларының жобаларын әзірлеу;
27) облыс қалалары мен аудандарының әлеуметтік-экономикалық дамуының ішкі өңірлік талдауын жүзеге асыру;
28) әлеуметтік-экономикалық және индустриялық-инновациялық даму деңгейі мен серпіні бойынша облыстың рейтингтік бағасын қалыптастыру үшін ақпарат дайындау;
29) жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында "Павлодар облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің қызметіне ішкі бақылауды жүзеге асыру;
30) "Павлодар облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнде мемлекеттік тілді дамыту және мемлекеттік тілде іс жүргізу;
31) "Павлодар облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің құжаттамалық қамтамасыз ету жүйесін ұйымдастыру, жүргізу және жетілдіру;
32) "Павлодар облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнде ақпараттық ресурстар жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
33) "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің мемлекеттік қызметті өткеруімен байланысты мәселелерді іске асыру.
21. Құқықтары мен міндеттері:
1) Павлодар облысы әкімдігінің мен әкімінің қарауына:
Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық даму мақсаттары, басымдықтары мен стратегиясы жөнінде;
жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдар бойынша, олардың қабылдаған актілеріне өзгерістер енгізу немесе Павлодар облысының қолданыстағы даму стратегиясын іске асыруға кедергі келтіретін актілердің күшін жою туралы ұсыныстар енгізу;
2) мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, кәсіпорындардың, лауазымды тұлғалар мен азаматтардың келісімі бойынша "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі алдына қойылған міндеттерді орындаумен байланысты мәселелер бойынша ақпаратты белгіленген тәртіппен сұрату және алу;
3) жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасын орындау және қолдану бойынша тапсырмалар беру;
4) жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын басқа да атқарушы органдардың басшыларымен келісім бойынша олардың мамандарын жұмысқа тарту;
5) "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүддесін мемлекеттік органдарда, сотта қорғау;
6) өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасасу.
3. "Павлодар облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы"
мемлекеттiк мекемесiнің қызметін ұйымдастыру
22. "Павлодар облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы" мемлекеттiк мекемесiне басшылықты "Павлодар облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы" мемлекеттiк мекемесiне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
23. "Павлодар облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің бірінші басшысын облыс әкімі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
24. "Павлодар облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
25. "Павлодар облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы" мемлекеттiк мекемесi бірінші басшысының өкілеттігі:
1) "Павлодар облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылық жасайды;
2) "Павлодар облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің функциялары мен өкілеттіктерін анықтайды;
3) "Павлодар облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің қызметкерлерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымдарға тағайындайды және лауазымдардан босатады;
4) "Павлодар облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің қызметкерлерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ынталандырады, оларға материалдық көмек көрсетеді, тәртіптік жаза қолданады;
5) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша "Павлодар облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің барлық қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді;
6) "Павлодар облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді, қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес барлық мемлекеттік органдарда және меншік түріне қарамастан өзге де ұйымдарда "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесін өкілдік етеді;
8) "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
9) "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінде құрылымдық бөлімшелер басшыларының қатысуымен кеңестер өткізеді;
10) "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің перспективті және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;
11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасайды және оған дербес жауап береді.
"Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
26. "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес анықтайды.
27. "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган (жергілікті атқарушы орган) арасындағы өзара қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
28. "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі мен тиісті саланың уәкілетті органы арасындағы өзара қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
29. "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңына және ұжымдық шартқа сәйкес анықталады.
4. "Павлодар облысының экономика және
бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі
30. "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
"Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесінен берген мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
31. "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.
32. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы"
мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату)
33. "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және қысқарту Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
34. "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі таратылған кезде кредит берушілердің талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлік облыстық коммуналдық меншікте қалады.