Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы "Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" № 4-2/664 бұйрығына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2016 жылдың өніміне бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын сатып алудың (пайдаланудың) ең төменгі нормалары аудандар бойынша және дақылдар бөлінісінде бекітілсін.
2. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н.К. Әшімбетовке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімінің | |
міндетін атқарушы | Д. Тұрғанов |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Қазақстан Республикасы | |
Ауыл шаруашылығы министрі | А. Мамытбеков |
2016 жылғы "10" ақпан |
Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы "15" желтоқсандағы № 349/12 қаулысына қосымша |
Аудандар бойынша және дақылдар бөлінісінде
2016 жылдың өніміне бірінші көбейтілген және бірінші
ұрпақ будандарының тұқымдарын сатып алудың
(пайдаланудың) ең төменгі нормалары
килограмм/гектар
Р/с № | Аудан атауы | Дақыл | |||||||||
| | бидай | арпа | сұлы | күздік қара бидай | қара құмық | дәнді бұршақты | рапс | сұрып-тық күнбағыс | будандық күнбағыс | зығыр |
1 | Екібастұз қ. | 7,836 | 10,382 | 5,060 | | | | | | | |
2 | Ақсу қ. | 7,143 | 3,967 | 4,610 | | | 23,058 | 0,409 | 0,509 | | 0,722 |
3 | Ақтоғай | 7,419 | 5,875 | 5,206 | 7,199 | 1,448 | 23,811 | | 0,573 | 13,0 | 0,486 |
4 | Баянауыл | 6,899 | 5,458 | 2,804 | | | | | | 13,0 | |
5 | Железин | 7,776 | 7,040 | 4,426 | 16,511 | 1,622 | 24,724 | | 0,509 | | 0,559 |
6 | Ертіс | 7,521 | 11,099 | 4,940 | 15,250 | 1,447 | 23,058 | 0,786 | 0,572 | 7,80 | 0,722 |
7 | Қашыр | 6,569 | 11,135 | 4,610 | 15,244 | 1,622 | 23,058 | 0,404 | 0,572 | 13,0 | 0,604 |
8 | Лебяжі | | | | | | | 0,743 | 0,572 | 13,0 | |
9 | Май | | | | | | | | 0,572 | 13,0 | |
10 | Павлодар | 7,797 | 14,228 | 5,150 | 15,244 | 1,169 | 24,534 | | 0,605 | 13,0 | 0,799 |
11 | Успен | 6,445 | 6,307 | 4,011 | 12,227 | 1,145 | 23,780 | 0,631 | 0,427 | 26,0 | 0,835 |
12 | Шарбақты | 3,146 | 3,984 | 1,753 | 5,808 | 0,708 | 22,191 | 0,743 | 0,361 | 13,0 | 0,722 |
килограмм/гектар
Р/с № | Аудан атауы | дақыл | |||||
картоп | мал азықтық дақылдар | ||||||
біржылдық шөптер | көпжылдық дәнді тұқымдас шөптер | көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер | тары | Жүгері буданы | |||
1 | Екібастұз қ. | 232,701 | 0,051 | 13,0 | 13,0 | | 39,0 |
2 | Ақсу қ. | 304,138 | 0,015 | 13,0 | 13,0 | 0,069 | 39,0 |
3 | Ақтоғай | 212,509 | 0,051 | 13,0 | 13,0 | 0,202 | 39,0 |
4 | Баянауыл | 280,519 | 0,0577 | 26,0 | 13,0 | | 39,0 |
5 | Железин | 82,510 | 0,055 | 13,0 | 13,0 | 0,125 | 39,0 |
6 | Ертіс | 259,261 | 0,049 | 13,0 | 13,0 | 0,220 | 39,0 |
7 | Қашыр | 115,712 | 0,058 | 13,0 | 13,0 | 0,063 | 32,5 |
8 | Лебяжі | 140,613 | 0,051 | 13,0 | 13,0 | 0,238 | 39,0 |
9 | Май | 189,125 | 0,058 | 13,0 | 13,0 | 0,067 | 39,0 |
10 | Павлодар | 250,022 | 0,053 | 13,0 | 26,0 | 0,078 | 52,0 |
11 | Успен | 301,482 | 0,058 | 13,0 | 13,0 | 0,158 | 39,0 |
12 | Шарбақты | 283,618 | 0,044 | 13,0 | 13,0 | 0,084 | 39,0 |