Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Павлодар қалалық мәслихатының 2014 жылғы 20 қаңтардағы "Павлодар қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 226/30 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3698 болып тіркелген, 2014 жылғы 28 ақпандағы № 8 "Шаһар" газетінде және 2014 жылғы 24 ақпандағы № 7 "Версия" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
7-тармақтың 7) тармақшасы "18 жасқа дейін" сөздерімен толықтырылсын;
7-тармақтың 9) тармақшасының бесінші абзацындағы "және шаруашылық құрылыстарының" сөздері алып тасталсын;
7-тармақтың 10) тармақшасының үшінші абзацындағы "туберкулез ауруынан зардап шегетін адамдардың амбулаторлық емделуге (емдеу тәртібін бұзбай) арналған жолақысына" сөздері "туберкулез ауруынан зардап шегетін адамдар" сөздерімен ауыстырылсын;
7-тармақтың 11) тармақшасындағы "ең төменгі зейнетақы және жәрдемақы мөлшерін алатын зейнеткерлік жасқа толған адамдар, атап айтқанда" сөздері "зейнеткерлік жасқа толған адамдар, атап айтқанда" сөздерімен ауыстырылсын;
7-тармақтың 11) тармақшасының бірінші абзацындағы "зейнеткерлік жасқа толған азаматтар" сөздері "ең төменгі зейнетақы және жәрдемақы мөлшерін алатын азаматтар" сөздерімен ауыстырылсын;
8-тармақтың 1) тармақшасының жетінші абзацындағы "1,8" сандары "5" санымен ауыстырылсын;
8-тармақтың 2) тармақшасының алтыншы абзацындағы "қайтыс болуы туралы азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінен анықтама," сөздері "қайтыс болу туралы азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінен анықтама (алты айға дейін жарамды)," сөздерімен ауыстырылсын;
8-тармақтың 2) тармақшасының жетінші абзацындағы "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті" сөздері "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті Павлодар қаласының төтенше жағдайлар басқармасы" сөздерімен ауыстырылсын;
8-тармақтың 2) тармақшасының оныншы абзацындағы "өтініш пен қоса берілетін келесі құжаттардың негізінде: екінші деңгейдегі банкінің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға сәйкес лицензиясы бар ұйымдарда жеке есеп шотының нөмірі, туберкулезбен ауыратын адамның амбулаторлық емделуде жүргендігін растайтын тиісті медициналық мекемеден анықтама (емдеу аяқталғаннан кейін)" сөздері "Павлодар облысы туберкулезге қарсы диспансері филиалдары ұсынған тізімнің негізінде" сөздерімен ауыстырылсын;
8-тармақтың 2) тармақшасының он бірінші абзацындағы "25 000 теңге" сандары мен сөздері "10 АЕК" сандары және сөздерімен ауыстырылсын;
8-тармақтың 2) тармақшасы келесі мазмұндағы он төртінші абзацпен толықтырылсын: "7-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін тіс протездеуге;";
8-тармақтың 2) тармақшасы келесі мазмұндағы он бесінші абзацпен толықтырылсын: "7-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін мерзімді басылымдарға жазылуға;";
8-тармақтың 2) тармақшасы келесі мазмұндағы он алтыншы абзацпен толықтырылсын: "7-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін Жеңістің 70 жылдығына арналған шеруге қатысу үшін бірыңғай нысандағы киімдер иелену мен тігуге;";
9-тармақтың бірінші абзацындағы "(төлем сессия қорытындысы бойынша жартыжылдықта 1 рет төленеді)" сөздері алып тасталсын;
9-тармақтың екінші абзацы "(бір айға дейін жарамды)" сөздерімен толықтырылсын.
Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А. Ешмұратов |
Қалалық мәслихаттың хатшысы | М. Желнов |