РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3-тармақтарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" N 504 қаулысына сәйкес Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Павлодар қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | М. Стрелковская |
Қалалық маслихаттың хатшысы | М. Желнов |
Павлодар қалалық мәслихатының 2014 жылғы 20 қаңтардағы N 226/30 шешімімен бекітілді |
Павлодар қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары
Осы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) N 504 қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.1. Жалпы ережелер
1. Осы қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Павлодар қаласы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
3) ең төмен күнкөріс деңгейі – Павлодар облысы бойынша статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
6) орталық атқарушы орган – халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік орган;
7) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
8) уәкілетті орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын "Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
9) уәкілетті ұйым – "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Павлодар облыстық филиалы;
10) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін Павлодар қаласы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
11) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органдармен (бұдан әрі - ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі - алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ұсынылатын ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.
3. Қазақстан Республикасының "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабында және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.
5. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі:
1) 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні;
2) 9 мамыр – Жеңіс күні;
3) 1 қазан – Халықаралық қарт адамдар күні;
4) қазанның екінші жексенбісі – Қазақстан Республикасының Мүгедектер күні.
Ескерту. 5-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 09.09.2014 N 310/42 (жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
6. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Павлодар облысының ЖАО бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.
2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау
және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
7. Әлеуметтік көмек келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:1) Ұлы Отан соғысының (бұдан әрі - ҰОС) мүгедектері мен қатысушылары;
2) жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан ҰОС қатысушыларға теңестiрiлген адамдар, атап айтқанда:
қоршаудағы кезеңiнде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен әрi "Қоршаудағы Ленинградтың тұрғынына" белгiсiмен марапатталған азаматтар;
екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа мәжбүрлеп ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары;
басқа мемлекеттердiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысушылар, атап айтқанда:
бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (бұдан әрі – КСР Одағы) үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүргізілген кезеңде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлер; ұрыс қимылдары жүргізілген кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi; бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерi; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен марапатталған жұмысшылар мен қызметшiлер;
1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы (бұдан әрі – ЧАЭС) апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдар;
Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының ерiктi жалдама құрамаларының адамдары не тиісті кезеңде қорғанысына қатысу 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына есептелетін қалаларда болған адамдар;
3) жеңiлдiктері мен кепiлдiктері бойынша ҰОС мүгедектеріне теңестiрiлген адамдар, атап айтқанда:
ЧАЭС апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар, сондай-ақ ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуы себебімен мүгедектігі тектік байланыстағы олардың балалары;
4) жеңiлдiктері мен кепiлдiктері бойынша ҰОС қатысушыларға теңестiрiлген адамдардың басқа санаттары, атап айтқанда:
Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезеңiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы, ауруы салдарынан қаза тапқан (хабарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасылары;
қайтадан некеге отырмаған әйелі (күйеуі);
қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің қайтадан некеге отырмаған әйелі (күйеуі), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізгендердің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинградтың тұрғынына" белгісімен марапатталған, жалпы аурудың, еңбек жарақатының салдарынан және басқа себептерден (заңға қарсы әрекеттерден басқа) мүгедек деп танылған азаматтардың әйелі (күйеуі);
ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және қалтқысыз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдерiмен марапатталған адамдар;
5) 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдар;
6) мүгедектер, атап айтқанда:
18 жасқа дейінгі мүгедек - балалар;
1, 2 топтағы мүгедектер;
кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар мүгедек - әйелдер (ерлер);
спортшы - мүгедектер;
көзі көрмейтін 1 топтағы мүгедектер;
балалардың церебральді сал ауруымен ауыратын 18 жасқа дейінгі мүгедек – балалары бар отбасылары;
жеке көмекшісінің санаторийге ертіп жүруіне 1 топ мүгедектері;
7) 18 жасқа дейін көпбалалы отбасылар, атап айтқанда:
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек немесе балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы алушылар алатындардан шыққан көп балалы аналар;
8) облыстың жоғары оқу орындарына қала әкімінің грантымен түскен, аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беру мектептерінің түлектері;
9) аз қамтамасыз етілген азаматтар, атап айтқанда:
жан басына шаққандағы орташа табыстары ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын жедел немесе жоспарлы хирургиялық отадан өткен адамдар;
өтініш берушінің отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын жүктілігі бойынша (12 аптаға дейін) есепте тұрған жүкті әйелдер;
қатты отынды алуға жеке секторда тұратын адамдар, атап айтқанда:
жалғыз тұратын мүгедектер; жұмыссыз және (немесе) мүгедектерден тұратын отбасылар; жалғыз тұратын зейнетақы жасы алдындағы жұмыссыздар: ерлер 58 жас, әйелдер 53 жас; жан басына шаққандағы орташа табыстары ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын туберкулезге қарсы, онкологиялық, наркологиялық диспансерлерде есепте тұрған жұмыссыз адамдар; жан басына шаққандағы орташа табыстары өтініш берген кездегі азық-түлік себеті деңгейінен төмен отбасылар;
жерлеуге, атап айтқанда:
қайтыс болған уақытта уәкілетті органда есепте тұрған жұмыссыздар; уәкілетті органда тіркелуіне қарамастан зейнеткер жасы алдындағы жұмыс істемеген: ерлер 58 жастан, әйелдер 53 жастан; онкологиялық, туберкулез ауруымен ауырғандар, жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісі (бұдан әрі - ЖҚТБ) ауруынан қайтыс болғандар; қайтыс болған мерзiмдi қызмет әскери қызметшiлері; 18 жасқа дейінгі балалар, орта білім беретін арнаулы оқу орындарының оқушылары және күндізгі оқу бөліміндегі студенттер; жұмыс істемейтін 7 жасқа дейін балалары бар әйелдер (ерлер);
өрт, дүлей апат, қайғылы жағдай, төтенше жағдай салдарынан тіршілік ету мүмкіндігінсіз қалған адамдар, оның ішінде үй тұрмысы құралдарының, пәтер заттарының жартылай зақымданған кезде;
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және мемлекеттік жәрдемақы алатын отбасылар ішінен - 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларына;
10) әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтар, атап айтқанда:
онкологиялық аурулармен ауыратын жаңадан пайда болған ісіктің ауыр түрлерінен зардап шегетін адамдар;
адамның қорғаныс тапшылығының қоздырғышы ауруынан зардап шегетін адамдар;
туберкулез ауруынан зардап шегетін адамдар;
11) зейнеткерлік жасқа толған адамдар, атап айтқанда:
ең төменгі зейнетақы және жәрдемақы мөлшерін алатын азаматтар;
80 және одан да жоғары жастағы зейнеткерлер.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 06.05.2014 N 264/36 (жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.02.2015 N 366/50 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
8. Уәкілетті орган табыс есебінсіз көмек көрсетеді:
1) атаулы күндер мен мереке күндеріне біржолғы әлеуметтік көмек көрсетеді:
Жеңіс Күні қарсаңында:
7-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санат үшін - уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;
7-тармақтың 2) тармақшасының бірінші, екінші абзацтарында, 7-тармақтың 4) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші абзацтарында көрсетілген санаттар үшін - уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;
7-тармақтың 2) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санаттар үшін (Ауғанстандағы соғыс қимылдарына қатысушыларға ғана) - уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;
7-тармақтың 2) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген санаттар үшін - уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;
7-тармақтың 2) тармақшасының бесінші абзацында көрсетілген санаттар үшін - уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;
7-тармақтың 4) тармақшасының бірінші абзацында көрсетілген санаттар үшін (Ауғанстанда қаза тапқан жауынгерлердің ата-аналарына және жесірлеріне) - уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;
7-тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (бұдан әрі – АЕК) - уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;
Қазақстан Республикасының Мүгедектер күніне:
7-тармақтың 6) тармақшасының бірінші, екінші абзацтарында көрсетілген санаттар үшін - уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;
7-тармақтың 6) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санаттар үшін - өтініш пен қоса берілетін келесі құжаттардың негізінде: екінші деңгейдегі банкінің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға сәйкес лицензиясы бар ұйымдарда жеке есеп шотының нөмірі, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері, мүгедектік туралы анықтамасының көшірмесі;
Халықаралық әйелдер күніне:
7-тармақтың 7) тармақшасының бірінші абзацында көрсетілген санат үшін - уәкілетті органның тізімі негізінде;
Халықаралық қарт адамдар күніне":
7-тармақтың 11) тармақшасының бірінші, екінші абзацтарында көрсетілген санаттар үшін - уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;
2) біржолғы әлеуметтік көмек:
7-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санат үшін тұрғын үйді жөндеуге нақты шығындар бойынша бірақ 500 АЕК мөлшерінен аспайтын – өтініш пен қызметтерді көрсету, жұмыстарды атқару шартының көшірмесінің негізінде;
7-тармақтың 6) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген санат үшін, аймақтық, республикалық, халықаралық жарыстарға дайындалу үшін 15 АЕК мөлшерінде – уәкілетті органның тізімі негізінде;
7-тармақтың 6) тармақшасының бесінші абзацында көрсетілген санат үшін 4 АЕК мөлшерінде (сауықтыруға) – өтініш пен қоса берілетін келесі құжаттардың негізінде: екінші деңгейдегі банкінің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға сәйкес лицензиясы бар ұйымдарда жеке есеп шотының нөмірі, көзі көрмейтін 1 топтағы мүгедектігі туралы тиісті медициналық мекемеден анықтама;
7-тармақтың 6) тармақшасының алтыншы абзацында көрсетілген санат үшін 20 АЕК мөлшерінде (әлеуметтік сауықтыру мен бейімдеуге)– өтініш пен қоса берілетін келесі құжаттардың негізінде: екінші деңгейдегі банкінің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға сәйкес лицензиясы бар ұйымдарда жеке есеп шотының нөмірі, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, баланың мүгедектігі туралы тиісті медициналық мекемеден анықтамасының көшірмесі, дәрігерлік-кеңес комиссиясының қорытындысы;
7-тармақтың 6) тармақшасының жетінші абзацында көрсетілген санат үшін 40 АЕК мөлшерінде (еріп жүрушінің тұруы, тамақтануына, жылына 15 адам көлемінде) – өтініш пен қоса берілетін келесі құжаттардың негізінде: екінші деңгейдегі банкінің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға сәйкес лицензиясы бар ұйымдарда жеке есеп шотының нөмірі, мүгедектігі туралы тиісті медициналық мекемеден анықтамасының көшірмесі;
7-тармақтың 9) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген санат үшін 15 АЕК мөлшерінде – өтініш пен қоса берілетін келесі құжаттардың негізінде: екінші деңгейдегі банкінің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға сәйкес лицензиясы бар ұйымдарда жеке есеп шотының нөмірі, қайтыс болу туралы азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінен анықтама (алты айға дейін жарамды), қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі, қайтыс болған адамның Павлодар қаласының аумағында тіркелімін растайтын құжат;
7-тармақтың 9) тармақшасының бесінші абзацында көрсетілген санат үшін 50 АЕК мөлшерінде, жартылай зақымданған кезде 30 АЕК дейін – өтініш пен қоса берілетін келесі құжаттардың негізінде: екінші деңгейдегі банкінің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға сәйкес лицензиясы бар ұйымдарда жеке есеп шотының нөмірі, "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті Павлодар қаласының төтенше жағдайлар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қорытындысы;
7-тармақтың 10) тармақшасының бірінші абзацында көрсетілген санат үшін 10 АЕК мөлшерінде (3, 4 кезеңдегі және аурудың кезеңінен тәуілсіз IV клиникалық топтағы, қан өндіру және лимфатикалық жүйенің аурулары (лейкемия, лимфопролиферативтік аурулар), нәжіс, зәр және тыныс жыланкөздері бар) – өтініш пен қоса берілетін келесі құжаттардың негізінде: екінші деңгейдегі банкінің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға сәйкес лицензиясы бар ұйымдарда жеке есеп шотының нөмірі, бас дәрігер куәландырған диспансерден анықтама;
7-тармақтың 10) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санат үшін 10 АЕК мөлшерінде – ЖҚТБ –ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыс орталығы филиалдары ұсынған тізімнің негізінде;
7-тармақтың 10) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санат үшін 10 АЕК мөлшерінде – Павлодар облысы туберкулезге қарсы диспансері филиалдары ұсынған тізімнің негізінде;
7-тармақтың 4) тармақшасының бірінші абзацында көрсетілген санаттар үшін (Ауғанстандағы соғыс қимылдары кезінде қаза тапқан жауынгерлердің ата-аналарына және жесірлеріне) 10 АЕК мөлшерінде - уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;
7-тармақтың 6-тармақшасы екінші абзацында көрсетілген санаттар үшін 17619 теңге мөлшерінде - уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;
7-тармақтың 9-тармақшасы алтыншы абзацында көрсетілген санаттар үшін 17619 теңге мөлшерінде - уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;
7-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін тіс протездеуге;
7-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін мерзімді басылымдарға жазылуға;
7-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін Жеңістің 70 жылдығына арналған шеруге қатысу үшін бірыңғай нысандағы киімдер иелену мен тігуге;
3) тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек:
7-тармақтың 3) тармақшасының бірінші абзацында көрсетілген санат үшін (сауықтыруға) 3 АЕК мөлшерінде – уәкілетті ұйым ұсынған тізім негізінде;
7-тармақтың 2) тармақшасының үшінші (Ауғанстандағы соғыс қимылдарына қатысқандар ғана), төртінші абзацтарында көрсетілген санаттар үшін (сауықтыруға) 2 АЕК мөлшерінде - уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;
7-тармақтың 2) тармақшасының бірінші, екінші, үшінші (Ауғанстандағы соғыс қимылдарына қатысқандар ғана) және төртінші абзацтарында көрсетілген, 7-тармақтың 4) тармақшасының бірінші (Ауғанстандағы соғыс қимылдары кезінде қаза тапқан жауынгерлердің ата-аналарына және жесірлеріне), екінші (ҰОС жылдарында қаза болған жауынгерлердің қайтадан некеге отырмаған жесiрлерi) абзацтарында көрсетілген санаттар үшін 7700 теңге мөлшерінде - уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;
4) ай сайынғы әлеуметтік көмек:
7-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санат үшін 1 АЕК мөлшерінде (сауықтыруға арналған әлеуметтік көмек) - уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;
7-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін алдағы айда тұрғын үйді ұстауға төлеуге талап етілген шығындар сомасы мөлшерінде тұрғын – үй коммуналдық қызметтерін өтеуге. Газды, шартты отынды (пешпен жылытылатын үйлер үшін) алу үшін төлем өтініш берушінің тіркелген мекенжайы бойынша төленеді - уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;
7-тармақтың 8) тармақшасында көрсетілген санат үшін (оқу кезеңінде тұруына, тамағына және тұрғылықты жеріне бару жолақысына) - 15235 теңге мөлшерінде.
Ескерту. 8-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 06.05.2014 N 264/36 (жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.09.2014 N 310/42 (жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.02.2015 N 366/50 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
9. Уәкілетті орган ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын табысы бар адамдарға көмек көрсетеді:
7-тармақтың 8) тармақшасында көрсетілген санат үшін – өтініш пен қоса берілетін келесі құжаттардың негізінде: білім беру қызметтерін көрсетуге қала әкімінің, жоғары оқу орны басшысының және студенттің қолы қойылған үш жақты шарт;
біржолғы әлеуметтік көмек:
7-тармақтың 9) тармақшасының бірінші, екінші абзацтарында көрсетілген санаттар үшін 10 АЕК мөлшерінде – өтініш пен қоса берілетін келесі құжаттардың негізінде: екінші деңгейдегі банкінің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға сәйкес лицензиясы бар ұйымдарда жеке есеп шотының нөмірі, табыстары туралы мәліметтер, тиісті медициналық мекемеден анықтама (бір айға дейін жарамды);
7-тармақтың 9) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санат үшін 6 АЕК мөлшерінде (екінші жартыжылдықта көрсетіледі) – өтініш пен қоса берілетін келесі құжаттардың негізінде: екінші деңгейдегі банкінің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға сәйкес лицензиясы бар ұйымдарда жеке есеп шотының нөмірі, еңбекақысы туралы анықтама, тұрғын үйге меншік құқығын растайтын (пайдалануға) құжаттың көшірмесі.
Ескерту. 9-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 20.02.2015 N 366/50 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
10. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
11. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері облыстың ЖАО келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.
3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
12. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша ЖАО бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.13. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округтың әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:
1) жеке басын куәландыратын құжатты;
2) Павлодар қаласының аумағында тіркелгенін растайтын құжатты;
3) Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;
4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;
5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.
14. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
15. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
16. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағидаларға 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жібереді.
Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.
17. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
18. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
19. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
20. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
21. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Осы Қағидалардың 17 және 18-тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
22. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда - негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
23. Белгіленген негіздемелердің біреуі бойынша әлеуметтік көмек күнтізбелік бір жыл ішінде қайта көрсетілмейді.
24. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
25. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Павлодар қаласының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті
тоқтату және қайтару үшін негіздемелер
26. Әлеуметтік көмек:1) алушы қайтыс болған;
2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;
3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;
4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.
Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
27. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.