Павлодар қалалық мәслихатының 2014 жылғы 30 сәуірдегі "Атаулы күндер мен мерекелік күндерге жеке алынған санаттардағы көмек алушыларға әлеуметтік көмек көрсету мөлшерлерін белгілеу туралы" № 259/35 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2015 жылғы 20 ақпандағы № 367/50 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 наурызда № 4388 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2020 жылғы 3 қарашадағы № 536/71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 03.11.2020 № 536/71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қагидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес, Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Павлодар қалалық мәслихатының 2014 жылғы 30 сәуірдегі "Атаулы күндер мен мерекелік күндерге жеке алынған санаттардағы көмек алушыларға әлеуметтік көмек көрсету мөлшерлерін белгілеу туралы" № 259/35 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3778 болып тіркелген, 2014 жылғы 9 мамырдағы "Шаһар" газетінде және 2014 жылғы 8 мамырдағы "Звезда прииртышья" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақтың төртінші абзацындағы "ең төменгі зейнетақы және жәрдемақы мөлшерін алатын зейнеткерлік жасқа толған адамдар, атап айтқанда" сөздері "зейнеткерлік жасқа толған адамдардар, атап айтқанда" сөздерімен ауыстырылсын;

      1-тармақтың бесінші абзацындағы "зейнеткерлік жасқа толған азаматтар" сөздері "ең төменгі зейнетақы және жәрдемақы мөлшерін алатын азаматтар" сөздерімен ауыстырылсын;

      1-тармақтың он бірінші абзацындағы "69 АЕК" сөздері мен сандары "150000 (жүз елу мың) теңге" сөздері мен сандарына ауыстырылсын;

      1-тармақтың он үшінші, он төртінші, он жетінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші абзацындағы "1,8" сандары "10" сандарымен ауыстырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Ешмұратов
      Қалалық мәслихаттың хатшысы М. Желнов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Павлодар облысы
      әкімінің міндетін атқарушы Д. Тұрғанов
      2015 жылғы "3" наурыз

О внесении изменений в решение Павлодарского городского маслихата от 30 апреля 2014 года № 259/35 "Об установлении размеров социальной помощи для отдельно взятой категории получателей к памятным датам и праздничным дням"

Решение маслихата города Павлодара Павлодарской области от 20 февраля 2015 года № 367/50. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 20 марта 2015 года № 4388. Утратило силу решением Павлодарского городского маслихата Павлодарской области от 3 ноября 2020 года № 536/71 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратило силу решением Павлодарского городского маслихата Павлодарской области от 03.11.2020 № 536/71 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 2-3 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан", Павлодарский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Павлодарского городского маслихата от 30 апреля 2014 года № 259/35 "Об установлении размеров социальной помощи для отдельно взятой категории получателей к памятным датам и праздничным дням" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3778, опубликовано в газете "Шаhар" 9 мая 2014 года и в газете "Звезда прииртышья" 8 мая 2014 года), следующие изменения:

      в абзаце четыре пункта 1 слова "лица, достигшие пенсионного возраста, получающие минимальный размер пенсии и пособия, а именно" заменить словами "лица, достигшие пенсионного возраста, а именно";

      в абзаце пятом пункта 1 слова "граждане, достигшие пенсионного возраста" заменить словами "граждане, получающие минимальный размер пенсии и пособия";

      в абзаце одиннадцатом пункта 1 слова и цифры "69 МРП" заменить цифрами и словами "150 000 (сто пятьдесят тысяч) тенге";

      в абзацах тринадцатом, четырнадцатом, семнадцатом, девятнадцатом, двадцатом, двадцать первом пункта 1 цифры "1,8" заменить цифрами "10".

      2. Контроль за выполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию городского маслихата по социальной политике.
      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении 10 (десять) календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии А. Ешмуратов
      Секретарь городского маслихата М. Желнов
      "СОГЛАСОВАНО"
      Исполняющий обязанности
      акима Павлодарской области Д. Турганов
      "3" марта 2015 года