Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 03.11.2020 № 536/71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қагидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Павлодар қалалық мәслихатының 2014 жылғы 30 сәуірдегі "Атаулы күндер мен мерекелік күндерге жеке алынған санаттардағы көмек алушыларға әлеуметтік көмек көрсету мөлшерлерін белгілеу туралы" № 259/35 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3778 болып тіркелген, 2014 жылғы 9 мамырдағы "Шаһар" газетінде және 2014 жылғы 8 мамырдағы "Звезда прииртышья" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:1-тармақтың он бесінші абзацындағы "14" саны "10" санымен ауыстырылсын;
1-тармақтың он алтыншы абзацындағы "3,5" саны "10" санымен ауыстырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А. Ешмұратов |
Қалалық мәслихаттың хатшысы | М. Желнов |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Павлодар облысы әкімінің | |
міндетін атқарушы | Д. Тұрғанов |
2015 жылғы "9" сәуір |