Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес, Павлодар қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 10 наурыздағы "Павлодар қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесін құру туралы" № 273/5 қаулысы негізінде Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 11 наурыздағы "Павлодар қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 277/5 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4359 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 наурызда № 9 "Шаһар" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген "Павлодар қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережедегі 19-тармақтағы 36-тармақша алынып тасталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Павлодар қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Павлодар қаласының әкімі | Б. Бақауов |