Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 26.03.2019 № 363/50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 386-бабының 5-тармағына сәйкес Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Павлодар қаласының Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне жер салығының базалық мөлшерлемесі 10 (он) есе жоғарылатылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың қала құрылысы және экология мен азаматтардың құқықтары мен заңдылықтарын сақтау жөніндегі тұрақты комиссияларына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындайтын құқықтық қатынастарға колданылады.
Сессия төрағасы, қалалық | |
мәслихат хатшысының | |
міндетін атқарушы | И. Теренченко |