Павлодар қаласының Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемесінің жоғарылауы туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 460/61 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 29 қаңтарда № 4913 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2019 жылғы 26 наурыздағы № 363/50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 26.03.2019 № 363/50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 386-бабының 5-тармағына сәйкес Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Павлодар қаласының Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне жер салығының базалық мөлшерлемесі 10 (он) есе жоғарылатылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың қала құрылысы және экология мен азаматтардың құқықтары мен заңдылықтарын сақтау жөніндегі тұрақты комиссияларына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындайтын құқықтық қатынастарға колданылады.

      Сессия төрағасы, қалалық
      мәслихат хатшысының
      міндетін атқарушы И. Теренченко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады