Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 27.09.2018 № 655/9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы “Мемлекеттік мүлік туралы” Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы “Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы” № 410 Жарлығына сәйкес Ақсу қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған “Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің қадағалайтын орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Қ. Нүкенов |
Ақсу қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 226/4 қаулысымен бекітілді |
“Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі”
мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
1. “Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” мемлекеттік мекемесі азаматтық хал актілерін тіркеу саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. “Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. “Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” мемлекеттік мекемесі өз қызметін Конституцияға және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. “Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық түріндегі заңды тұлғасы болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбасы, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. “Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. “Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” мемлекеттік мекемесінің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. “Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен “Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. “Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. “Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140100, Ақсу қаласы, Ленина көшесі, 10.
10. “Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі: жұмыс күндері: дүйсенбі–жұма, жұмыс уақыты сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.
11. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік тілдегі толық атауы: “Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде: государственное учреждение “Отдел регистрации актов гражданского состояния города Аксу”
12. “Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Павлодар облысы Ақсу қаласының әкімдігі атынан мемлекет болып табылады.
13. Осы Ереже “Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
14. “Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру қалалық бюджеттен жүзеге асырылады.
15. “Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен “Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер “Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. “Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі”
мемлекеттік мекемесінің миссиясы, мақсаты, қызметінің мәні, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері
16. “Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” мемлекеттік мекемесінің миссиясы: азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады.
17. “Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” мемлекеттік мекемесінің мақсаты Ақсу қаласының аумағында азаматтық хал актілерін тіркеу өткізуді қамтамасыз ету болып табылады.
18. “Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні азаматтық хал актілерін тіркеу саласында мемлекеттік қызметті көрсету болып табылады.
19. Міндеттері:
1) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру және іске асыру;
2) Қазақстан Республикасының заңнамаларымен көрсетілген басқа да міндеттер;
20. Функциялары:
1) туу туралы мемлекеттік тіркеу;
2) қайтыс болу туралы мелекеттік тіркеу;
3) (ерлі-зайыпты) неке қию туралы мемлекеттік тіркеу;
4) (ерлі-зайыпты) неке бұзу туралы мемлекеттік тіркеу;
5) бала (қыз) асырап алу туралы мемлекеттік тіркеу;
6) әкелік анықтау туралы мемлекеттік тіркеу;
7) атын, әкесінің атын, тегін өзгерту туралы мемлекеттік тіркеу;
8) азаматтық хал актілерін жазуларын түзету және толықтыру, өзгеріс енгізу туралы мемлекеттік тіркеу;
9) азаматтық хал актілерін жазуларын қалыпқа келтіру туралы мемлекеттік тіркеу;
10) азаматтық хал актілерін жазуларын жою туралы мемлекеттік тіркеу;
11) Қазақстан Республикасы аумағында азаматтық хал актілерін тіркеу жазуларын актілерінің көшірмесін және анықтама, қайта куәлік беру туралы мемлекеттік тіркеу.
21. Құқықтары мен міндеттері:
1) “Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” мемлекеттік мекемесі осы Ережемен көзделген өкілеттікті іске асыру үшін мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпараттарды, құжаттар мен басқа материалдарды сұрауға және алуға Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте құқығы бар;
2) “Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” мемлекеттік мекемесі осы Ережемен көзделген өкілетті іске асыру үшін Конституцияны және Қазақстан Республикасының заңын сақтауға міндетті;
3) азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін сақтауға және қорғауды қамтамасыз етуге, азаматтардың өтініштерін белгіленген тәртіпте және мерзімде қарастыруға, олар бойынша қажетті шаралар қолдануға;
4) оларға берілген құқықтары шегінде және лауазымдық міндеттеріне сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асыруға;
5) мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету, сеніп берілген мемлекеттік меншікті қызметтік мақсаттарға ғана пайдалануға.
3. “Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі”
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
22. “Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” мемлекеттік мекемесіне басшылықты “Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
23. “Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ақсу қаласының әкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
24. “Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
1) “Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің өкілеттіктерін және міндеттерін белгілейді;
2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес “Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте “Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін ынталандыруды, оларға материалдық көмек көрсетуді, тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;
4) өзінің құзыретіндегі мәселелер бойынша “Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес барлық мемлекеттік органдар мен меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда “Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” мемлекеттік мекемесін ұсынады;
6) “Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құрылымын әзерлеуді қамтамасыз етеді;
7) “Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” мемлекеттік мекемесінің перспективті және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;
8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және ол үшін дербес жауапты болады;
9) азаматтардың жеке қабылдауын өткізеді.
“Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
25. “Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” мемлекеттік мекемесі мен қалалық коммуналдық мүлікті басқаруға уәкілетті, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган арасындағы өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
26. “Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” мемлекеттік мекемесі мен қалалық жергілікті атқарушы органы арасындағы өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
27. “Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” мемлекеттік мекемесінің басшысы мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес белгіленеді.
4. “Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі”
мемлекеттік мекемесінің мүлкі
28. “Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
“Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер (ақшалай кірісті қосқанда) есебінен қалыптастырылады.
29. “Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
30. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, “Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
5. “Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі”
мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату)
31. “Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
32. “Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” мемлекеттік мекемесі таратылған кезде кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік коммуналдық меншікте қалады.
6. “Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” мемлекеттік мекемесінің
қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
33. “Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” мемлекеттік мекемесінің қарамағында тұрған ұйымдар жоқ.