“Ақсу қаласының білім бөлімі” мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 309/4 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 19 мамырда № 4470 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 655/9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 27.09.2018 № 655/9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы “Мемлекеттік мүлік туралы” Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы “Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы” № 410 Жарлығына сәйкес Ақсу қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған “Ақсу қаласының білім бөлімі” мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің қадағалайтын орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Қ. Нүкенов

  Ақсу қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 21 сәуірдегі
№ 309/4 қаулысымен
бекітілді

“Ақсу қаласының білім бөлімі” мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер     

      1. “Ақсу қаласының білім бөлімі” мемлекеттік мекемесі Ақсу қаласының білім саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. “Ақсу қаласының білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

      3. “Ақсу қаласының білім бөлімі” мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. “Ақсу қаласының білім бөлімі” мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. “Ақсу қаласының білім бөлімі” мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. “Ақсу қаласының білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. “Ақсу қаласының білім бөлімі” мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен “Ақсу қаласының білім бөлімі” мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. “Ақсу қаласының білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. “Ақсу қаласының білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140100, Ақсу қаласы, Строителей көшесі, 14Б.

      10. “Ақсу қаласының білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі: жұмыс күндері: дүйсенбі–жұма, жұмыс уақыты сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.

      11. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік тілдегі толық атауы: “Ақсу қаласының білім бөлімі” мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде: государственное учреждение “Отдел образования города Аксу”.

      12. “Ақсу қаласының білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Павлодар облысы Ақсу қаласының әкімдігі тұлғасында мемлекет болып табылады.

      13. Осы Ереже “Ақсу қаласының білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      14. “Ақсу қаласының білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру қалалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      15. “Ақсу қаласының білім бөлімі” мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен “Ақсу қаласының білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер “Ақсу қаласының білім бөлімі” мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. “Ақсу қаласының білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің
миссиясы, мақсаты, қызметінің мәні, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары
мен міндеттері

      16. “Ақсу қаласының білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Ақсу өңірінің аумағында білім беру саласындағы мемлекеттің саясатын іске асыру болып табылады.

      17. “Ақсу қаласының білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің мақсаты білім беру саласындағы мемлекеттің саясатты іске асыру болып табылады.

      18. “Ақсу қаласының білім бөлімі” мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні білім беру мекемелерінің қызметін үйлестіру, оларға оқу-тәрбие үдерісінде әдістемелік көмек көрсету.

      19. Міндеттері:

      1) Ақсу өңірінің аумағында білім беруді дамытуға бағытталған іс-шараларды әзірлеу және орындау;

      2) азаматтардың міндетті орта білім алуға құқықтарының конституциялық кепілдерін қамтамасыз ету болып табылады.

      20. Функциялары:

      1) кешкі (ауысымды) оқу нысанын қоса алғанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді қамтамасыз етеді;

      2) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастырады;

      3) мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды орта білім алғанға дейін оқытуды ұйымдастырады;

      4) Ақсу қаласының әкімдігіне бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құру, қайта ұйымдастыру және таратау туралы ұсыныс енгізеді;

      5) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін қолдайды және ықпал жасайды;

      6) мектепалды даярлықтың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуды және жеткізуді ұйымдастырады;

      7) Ақсу қаласының әкімдігіне мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекiту бойынша ұсыныс енгізеді;

      8) қалалық әдістемелік кабинеттердің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етеді;

      9) балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз етеді;

      10) қала ауқымында жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурстарын ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етеді;

      11) мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы ұстауға бөлінетін бюджет қаражатының кемінде бір пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсайды;

      12) жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз етуді, оларды міндетті жұмысқа орналастыруды және тұрғын үймен қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

      13) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

      14) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады;

      15) білім беру ұйымдарында оқу бітірген адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі;

      16) ауылдық жердегі білім беру ұйымдарына жұмыс істеуге келген жас мамандарды тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;

      17) білім алушылардың қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүруі туралы мәслихатқа ұсыныс енгізеді;

      18) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына және отбасыларына қажетті әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;

      19) білім беру мониторингін жүзеге асырады;

      20) негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруін және солармен қамтамасыз етілуін ұйымдастырады және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;

      21) мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;

      22) білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің әдістемелік басшылығын қамтамасыз етеді;

      23) негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат береді;

      24) балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеп-қарауды және халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;

      25) ата-ананың қамқорлығынсыз қалған баланы (балалар) және жетім баланы (балалар) ұстауға қамқоршыға немесе қорғаншыларға жәрдемақы төлемін тағайындауын және мөлшерін төлеуді жүзеге асырады;

      26) потранаттық тәрбиелеудің оның ағымдағы шотына қаражатты аудару жолымен еңбекақысын төлеуді жүргізеді;

      27) Қазақстан Республикасының “Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы” Кодексінде қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды;

      28) Қазақстан Республикасының “Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы” Заңына сәйкес тұрғындарға мемлекеттік қызметтер көрсетеді;

      29) жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттік қамтамасыз етуді, оларды міндетті түрде жұмысқа орналастыруды және тұрғын үймен қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

      30) кәмелетке толмағандарға қатысты қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асырады;

      31) заңнамамен көзделген құзырет шегінде өзге да қызметтерді жүзеге асырады.

      21. Құқықтары мен міндеттері:

      1) мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдар мен азаматтардан “Ақсу қаласының білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелері жөнінде қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;

      2) “Ақсу қаласының білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелері жөнінде қала әкімдігі және қала әкімінің нормативтік-құқықтық және құқықтық актілері жобаларын әзірлеуге;

      3) мемлекеттік органдарда, сотта “Ақсу қаласының білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіруге;

      4) өз құзыреті шегінде келісім шарттар, келісімдер жасасуға құқығы бар;

      5) “Ақсу қаласының білім бөлімі” мемлекеттік мекемесі осы Ережемен көзделген өкілеттіктерді іске асыру үшін Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтауға міндетті;

      6) азаматтардың және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін сақтауға және қорғауды қамтамасыз етуге, азаматтардың өтініштерін белгіленген тәртіпте және мерзімде қарастыруға, олар бойынша қажетті шаралар қолдануға;

      7) “Ақсу қаласының білім бөлімі” мемлекеттік мекемесіне берілген құқықтары шегінде және лауазымдық міндеттеріне сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асыруға;

      8) мемлекеттік меншіктің сақталуын, сеніп берілген мемлекеттік меншікті қызметтік мақсаттарға ғана пайдалануды қамтамасыз етуге;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де құқықтарды жүзеге асыру және өзге де міндеттерді орындауға міндетті.

3. “Ақсу қаласының білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      22. “Ақсу қаласының білім бөлімі” мемлекеттік мекемесіне басшылықты “Ақсу қаласының білім бөлімі” мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      23. “Ақсу қаласының білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ақсу қаласының әкімі лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.

      24. “Ақсу қаласының білім бөлімі” мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.

      25. “Ақсу қаласының білім бөлімі” мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттіктері:

      1) “Ақсу қаласының білім бөлімі” мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің өкілеттіктерін және міндеттерін белгілейді;

      2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес “Ақсу қаласының білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте “Ақсу қаласының білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін ынталандыруды, оларға материалдық көмек көрсетуді, тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;

      4) өзінің құзыретіндегі мәселелер бойынша “Ақсу қаласының білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес барлық мемлекеттік органдар мен меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда “Ақсу қаласының білім бөлімі” мемлекеттік мекемесін ұсынады;

      6) ведомстволық бағыныстағы ұйымдар басшыларының қатысуымен кеңестер өткізеді;

      7) “Ақсу қаласының білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құрылымын әзірлеуді қамтамасыз етеді;

      8) “Ақсу қаласының білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің перспективті және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;

      9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және ол үшін дербес жауапты болады;

      10) азаматтардың жеке қабылдауын жүргізеді

      “Ақсу қаласының білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін атқаруды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      26. “Ақсу қаласының білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы өз орынбасарының өкілеттілігін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгілейді.

      27. “Ақсу қаласының білім бөлімі” мемлекеттік мекемесі қалалық коммуналдық мүлікті басқаруға уәкілетті, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган арасындағы өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      28. “Ақсу қаласының білім бөлімі” мемлекеттік мекемесі және қаланың жергілікті атқарушы органы арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      29. “Ақсу қаласының білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің басшысы мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес белгіленеді.

4. “Ақсу қаласының білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      30. “Ақсу қаласының білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінде заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      “Ақсу қаласының білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ жеке қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірісті қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      31. “Ақсу қаласының білім бөлімі” мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      32. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, “Ақсу қаласының білім бөлімі” мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.

5. “Ақсу қаласының білім бөлімі” мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату)

      33. “Ақсу қаласының білім бөлімі” мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      34. “Ақсу қаласының білім бөлімі” мемлекеттік мекемесі таратылған кезде несиегерлердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік коммуналдық меншікте қалады.

6. “Ақсу қаласының білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      35. “Ақсу қаласының білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің иелігіндегі келесі ұйымдар бар:

Коммуналдық мемлекеттік мекемелер

      1. “Ақсу қаласының № 1 қазақ орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      2. “Ақсу қаласының № 2 жалпы орта білім беру мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      3. “Ақсу қаласының лицейі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      4. “Ақсу қаласының № 4 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      5. “Ақсу қаласының № 7 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      6. “Ақсу қаласының № 8 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      7. “Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округінің Жамбыл орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      8. “Ақсу қаласы Алғабас селолық округі Айнакөл ауылының орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      9. “Ақсу қаласы Алғабас селолық округі Жолқұдық ауылының Қ. Қамзин атындағы орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      10. “Ақсу қаласы Қалқаман селолық округі Ақжол ауылының орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      11. “Ақсу қаласы Достық селолық округі Пограничник ауылының орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      12. “Ақсу қаласы Қызылжар селолық округі Сарышығанақ ауылының орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      13. “Ақсу қаласы М. Омаров атындағы селолық округі Құркөл ауылының Дөнентаев атындағы орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      14. “Ақсу қаласы Қызылжар селолық округі Қызылжар ауылының орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      15. “Ақсу қаласы М. Омаров атындағы селолық округі Еңбек ауылының орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      16. “Ақсу қаласы Евгеньевка селолық округінің Ю. Гагарин атындағы орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      17. “Ақсу қаласы Алғабас селолық округінің М. Қабылбеков атындағы орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      18. “Ақсу қаласы Евгеньевка селолық округі Үштерек ауылының орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      19. “Ақсу қаласы Қалқаман селолық округі Қалқаман ауылының орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      20. “Ақсу қаласы Достық селолық округі Парамоновка аулының орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      21. “Ақсу қаласы Достық селолық округі Достық орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      22. “Ақсу қаласы Евгеньевка селолық округі Сольветка ауылының негізгі мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      23. “Ақсу қаласы Достық селолық округі Спутник станциясының негізгі мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      24. “Ақсу қаласы Ақсу кентінің Қ. Шүлембаев атындағы орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      25. “Ақсу қаласының психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру” коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар

      1. Ақсу қаласы әкімдігінің, “Аксу қаласының білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің “Ақсу қаласының № 2 балабақшасы” мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;

      2. Ақсу қаласы әкімдігінің, “Аксу қаласының білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің “Ақсу қаласының С. Торайғыров атындағы № 12 балабақшасы” мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын;

      3. Ақсу қаласы әкімдігінің, “Аксу қаласының білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің “Ақсу кентінің № 14 балабақшасы” мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;

      4. Ақсу қаласы әкімдігінің, “Аксу қаласының білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің “Ақсу қаласының № 16 балабақшасы” мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;

      5. Ақсу қаласы әкімдігінің, “Аксу қаласының білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің “Ақсу қаласының № 18 балабақшасы” мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;

      6. Ақсу қаласы әкімдігінің, “Аксу қаласының білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің “Ақсу қаласының № 19 балабақшасы” мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;

      7. Ақсу қаласы әкімдігінің, “Аксу қаласының білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің № 24 балабақшасы” мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;

      8. Ақсу қаласы әкімдігінің “Аксу қаласы білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің “Балдырған балабақшасы” мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      9. Ақсу қаласы әкімдігінің “Аксу қаласының білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің “Ақсу қаласының “Чайка” балабақшасы” мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;

      10. “Ақсу қаласы әкімдігінің, “Аксу қаласының білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің “Балапан” Бөбектер бақшасы” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

      11. Ақсу қаласы әкімдігінің Ақсу қаласы білім бөлімінің “Айгөлек” бөбектер бақшасы” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

      12. Ақсу қаласы әкімдігінің Аксу қаласы білім бөлімінің “Ақсу қаласының № 10 бөбектер бақшасы” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;

      13. Ақсу қаласы әкімдігінің, Аксу қаласы білім бөлімінің “Ақсу қаласының № 20 бөбектер бақшасы” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;

      14. Ақсу қаласы әкімдігінің, Ақсу қаласы білім бөлімінің “Балдәурен” бөбектер бақшасы” мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      15. “Ақсу қаласы әкімдігінің, Ақсу қаласы білім бөлімінің “Ақсу қаласының Балалар шығармашылығы үйі” мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын;

      16. “Ақсу қаласының Балалар өнер мектебі” мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын;

      17. “Ақсу қаласының Жас натуралистер станциясы” мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын.

Об утверждении Положения о государственном учреждении “Отдел образования города Аксу”

Постановление акимата города Аксу Павлодарской области от 21 апреля 2015 года № 309/4. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 19 мая 2015 года № 4470. Утратило силу постановлением акимата города Аксу Павлодарской области от 27 сентября 2018 года № 655/9 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Аксу Павлодарской области от 27.09.2018 № 655/9 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года “О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан”, Законом Республики Казахстан от 1 марта 2011 года “О государственном имуществе”, Указом Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года № 410 “Об утверждении Типового положения государственного органа Республики Казахстан” акимат города Аксу ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемое Положение о государственном учреждении “Отдел образования города Аксу”.
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима города.
      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким города К. Нукенов

  Утверждено
постановлением акимата
города Аксу
от 21 апреля 2015 года
№ 309/4

Положение о государственном учреждении
“Отдел образования города Аксу”

1. Общие положения

      1. Государственное учреждение “Отдел образования города Аксу” является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере образования в городе Аксу.
      2. Государственное учреждение “Отдел образования города Аксу” не имеет ведомств.
      3. Государственное учреждение “Отдел образования города Аксу” осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами Республики Казахстан, а также настоящим Положением.
      4. Государственное учреждение “Отдел образования города Аксу” является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      5. Государственное учреждение “Отдел образования города Аксу” вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      6. Государственное учреждение “Отдел образования города Аксу” имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      7. Государственное учреждение “Отдел образования города Аксу” по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя государственного учреждения “Отдел образования города Аксу” и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      8. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения “Отдел образования города Аксу” утверждаются в соответствии с действующим законодательством.
      9. Местонахождение государственного учреждения “Отдел образования города Аксу”: Республика Казахстан, Павлодарская область, 140100, город Аксу, улица Строителей, 14Б.
      10. Режим работы государственного учреждения “Отдел образования города Аксу”: дни работы: понедельник–пятница, время работы с 9.00 до 18.30 часов, обеденный перерыв с 13.00 до 14.30 часов, выходные дни: суббота, воскресенье.
      11. Полное наименование государственного учреждения на государственном языке: “Ақсу қаласының білім бөлімі” мемлекеттік мекемесі, на русском языке: государственное учреждение “Отдел образования города Аксу”.
      12. Учредителем государственного учреждения “Отдел образования города Аксу” является государство в лице акимата города Аксу Павлодарской области.
      13. Настоящее Положение является учредительным документом государственного учреждения “Отдел образования города Аксу”.
      14. Финансирование деятельности государственного учреждения “Отдел образования города Аксу” осуществляется из городского бюджета.
      15. Государственному учреждению “Отдел образования города Аксу” запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями государственного учреждения “Отдел образования города Аксу”.

      Если государственному учреждению “Отдел образования города Аксу” законодательными актами Республики Казахстан представлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

2. Миссия, цель, предмет деятельности, основные задачи,
функции, права и обязанности государственного учреждения
“Отдел образования города Аксу”

      16. Миссия государственного учреждения “Отдел образования города Аксу”: обеспечение реализации политики государства в области образования на территории города Аксу.
      17. Целью государственного учреждения “Отдел образования города Аксу” является реализация государственной политики в сфере образования.
      18. Предметом деятельности государственного учреждения “Отдел образования города Аксу” является координация деятельности учреждений образования, оказание им методической помощи в учебно-воспитательном процессе.
      19. Задачи:
      1) разработка и исполнение мероприятий, направленных на развитие образования на территории города Аксу;
      2) обеспечение конституционных гарантий прав граждан на получение обязательного среднего образования.
      20. Функции:
      1) обеспечивает предоставление начального, основного среднего и общего среднего образования, включая вечернюю (сменную) форму обучения;
      2) организует участие обучающихся в едином национальном тестировании;
      3) организует учет детей дошкольного и школьного возраста, их обучение до получения ими среднего образования;
      4) вносит предложения в акимат города Аксу о создании, реорганизации и ликвидации в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, государственных организаций образования, реализующих общеобразовательные учебные программы начального, основного среднего и общего среднего образования;
      5) поддерживает и оказывает содействие в материально-техническом обеспечении государственных организаций образования, реализующих общеобразовательные учебные программы начального, основного среднего и общего среднего образования;
      6) организует приобретение и доставку учебников и учебно-методических комплексов организациям образования, реализующим общеобразовательные учебные программы предшкольной подготовки, начального, основного среднего и общего среднего образования;
      7) вносит предложение в акимат города Аксу по утверждению государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера подушевого финансирования и родительской платы;
      8) обеспечивает материально-техническую базу городских методических кабинетов;
      9) обеспечивает дополнительное образование для детей;
      10) обеспечивает организацию и проведение школьных олимпиад и конкурсов научных проектов по общеобразовательным предметам, конкурсов городского масштаба;
      11) направляет средства на оказание финансовой и материальной помощи обучающимся и воспитанникам государственных учреждений образования из семей, имеющих право на получение государственной адресной социальной помощи, а также из семей, не получающих государственную адресную социальную помощь, в которых среднедушевой доход ниже величины прожиточного минимума, и детям-сиротам, детям, оставшимся без попечения родителей, проживающим в семьях, детям из семей, требующих экстренной помощи в результате чрезвычайных ситуаций, и иным категориям обучающихся и воспитанников, определяемым коллегиальным органом управления организации образования, в размере не менее одного процента от бюджетных средств, выделяемых на текущее содержание общеобразовательных школ;
      12) осуществляет в установленном порядке государственное обеспечение детей-сирот, детей, оставшихся без попечения родителей, их обязательное трудоустройство и обеспечение жильем;
      13) организует в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, медицинское обслуживание обучающихся и воспитанников организаций образования;
      14) организует в порядке, предусмотренном законодательством Республики Казахстан, бесплатное и льготное питание отдельных категорий обучающихся и воспитанников;
      15) содействует трудоустройству лиц, окончивших обучение в организациях образования;
      16) содействует обеспечению жилищно-бытовых условий молодых специалистов, прибывших на работу в организации образования, находящиеся в сельской местности;
      17) вносит предложения в маслихат о льготном проезде обучающихся на общественном транспорте;
      18) оказывает организациям дошкольного воспитания и обучения и семьям необходимую методическую и консультативную помощь;
      19) осуществляет образовательный мониторинг;
      20) организует заказ и обеспечение организаций образования, реализующих общеобразовательные учебные программы основного среднего, общего среднего образования, бланками документов государственного образца об образовании и осуществляет контроль за их использованием;
      21) осуществляет кадровое обеспечение государственных организаций образования;
      22) обеспечивает методическое руководство психологической службой в организациях образования;
      23) выдает разрешение на обучение в форме экстерната в организациях основного среднего, общего среднего образования;
      24) обеспечивает обследование психического здоровья детей и подростков и оказание психолого-медико-педагогической консультативной помощи населению;
      25) осуществляет назначение и выплату пособия опекунам или попечителям на содержание ребенка-сироты (детей-сирот) и ребенка (детей), оставшегося без попечения родителей;
      26) производит оплату труда патронатного воспитателя путем перечисления денежных средств на его текущий счет;
      27) рассматривает дела об административных правонарушениях, предусмотренных Кодексом Республики Казахстан “Об административных правонарушениях”;
      28) оказывает государственные услуги населению в соответствии с Законом Республики Казахстан “О государственных услугах”;
      29) осуществляет государственное обеспечение детей-сирот, детей, оставшихся без попечения родителей, их обязательное трудоустройство и обеспечение жильем;
      30) осуществляет функции по опеке и попечительству в отношении несовершеннолетних;
      31) осуществляет иные функции в пределах компетенции, предусмотренной законодательством.
      21. Права и обязанности:
      1) запрашивать и получать от государственных органов, иных организаций и граждан необходимую информацию по вопросам, относящимся к компетенции государственного учреждения “Отдел образования города Аксу”;
      2) разрабатывать проекты нормативных правовых и правовых актов акимата и акима города по вопросам, входящим в компетенцию государственного учреждения “Отдел образования города Аксу”, представлять их на рассмотрение акимата и акима города;
      3) представлять интересы государственного учреждения “Отдел образования города Аксу” в государственных органах, суде;
      4) заключать договоры, соглашения в пределах своей компетенции;
      5) государственное учреждение “Отдел образования города Аксу” для реализации предусмотренных настоящим Положением полномочий, обязано соблюдать Конституцию и законодательство Республики Казахстан;
      6) обеспечивать соблюдение и защиту прав, свобод и законных интересов граждан и юридических лиц, рассматривать в порядке и сроки, установленные законодательством, обращения граждан, принимать по ним необходимые меры;
      7) .осуществлять полномочия в пределах предоставленных государственному учреждению “Отдел образования города Аксу” прав и в соответствии с должностными обязанностями;
      8) обеспечивать сохранность государственной собственности, использовать вверенную государственную собственность только в служебных целях;
      9) осуществлять иные права и выполнять иные обязанности, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.

3. Организация деятельности государственного учреждения
“Отдел образования города Аксу”

      22. Руководство государственным учреждением “Отдел образования города Аксу” осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение “Отдел образования города Аксу” задач и осуществление им своих функций.
      23. Первый руководитель государственного учреждения “Отдел образования города Аксу” назначается на должность и освобождается от должности акимом города Аксу в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      24. Первый руководитель государственного учреждения “Отдел образования города Аксу” имеет заместителя, который назначается на должность и освобождается от должности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      25. Полномочия первого руководителя государственного учреждения “Отдел образования города Аксу”:
      1) определяет полномочия и обязанности работников государственного учреждения “Отдел образования города Аксу”;
      2) назначает на должности и освобождает от должности работников государственного учреждения “Отдел образования города Аксу” в соответствии с действующим законодательством;
      3) осуществляет в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, поощрение работников государственного учреждения “Отдел образования города Аксу”, оказание материальной помощи, наложение на них дисциплинарных взысканий;
      4) издает приказы и дает указания по вопросам, входящим в его компетенцию, обязательные для выполнения всеми работниками государственного учреждения “Отдел образования города Аксу”;
      5) представляет государственное учреждение “Отдел образования города Аксу” во всех государственных органах и иных организациях независимо от форм собственности в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан;
      6) проводит совещания с участием руководителей подведомственных организаций;
      7) обеспечивает разработку структуры государственного учреждения “Отдел образования города Аксу”;
      8) утверждает перспективные и текущие планы работы государственного учреждения “Отдел образования города Аксу”;
      9) противодействует коррупции и несет за это персональную ответственность;
      10) осуществляет личный прием граждан.

      Исполнение полномочий первого руководителя государственного учреждения “Отдел образования города Аксу” в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

      26. Первый руководитель государственного учреждения государственное учреждение “Отдел образования города Аксу” определяет полномочия своего заместителя в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.
      27. Взаимоотношения между государственным учреждением “Отдел образования города Аксу” и исполнительным органом, финансируемым из местного бюджета, уполномоченным на распоряжение городским коммунальным имуществом, регулируются действующим законодательством Республики Казахстан.
      28. Взаимоотношения между государственным учреждением “Отдел образования города Аксу” и местным исполнительным органом города регулируются действующим законодательством Республики Казахстан.
      29. Взаимоотношения между руководителем государственного учреждения “Отдел образования города Аксу” и трудовым коллективом определяются в соответствии с Трудовым кодексом Республики Казахстан и коллективным договором.

4. Имущество государственного учреждения “Отдел образования города Аксу”

      30. Государственное учреждение “Отдел образования города Аксу” может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.

      Имущество государственного учреждения “Отдел образования города Аксу” формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      31. Имущество, закрепленное за государственным учреждением “Отдел образования города Аксу”, относится к коммунальной собственности.
      32. Государственное учреждение “Отдел образования города Аксу” не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение (ликвидация) государственного учреждения
“Отдел образования города Аксу”

      33. Реорганизация и упразднение (ликвидация) государственного учреждения “Отдел образования города Аксу” осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      34. При ликвидации государственного учреждения “Отдел образования города Аксу” имущество, оставшееся после удовлетворения требований кредиторов, остается в коммунальной собственности.

6. Перечень организаций, находящихся в ведении государственного учреждения
“Отдел образования города Аксу”

      35. Государственное учреждение “Отдел образования города Аксу” имеет в ведении следующие организации:

Коммунальные государственные учреждения

      1. Коммунальное государственное учреждение "Казахская средняя школа № 1 города Аксу";
      2. .Коммунальное государственное учреждение "Средняя общеобразовательная школа № 2 города Аксу";
      3. Коммунальное государственное учреждение "Лицей города Аксу";
      4. Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 4 города Аксу";
      5. Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 7 г. Аксу";
      6. Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 8 г. Аксу”;
      7. Коммунальное государственное учреждение "Жамбылская средняя школа сельского округа имени Мамаита Омарова города Аксу";
      8. Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа села Айнаколь Алгабасского сельского округа города Аксу";
      9. Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа имени К. Камзина села Жолкудык Алгабасского сельского округа города Аксу";
      10. Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа села Акжол Калкаманского сельского округа города Аксу";
      11. Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа села Пограничник Достыкского сельского округа города Аксу";
      12. Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа села Сарышыганак Кызылжарского сельского округа города Аксу";
      13. Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа имени Донентаева села Курколь сельского округа имени М. Омарова города Аксу";
      14. Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа села Кызылжар Кызылжарского сельского округа города Аксу";
      15. Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа села Енбек сельского округа имени М. Омарова города Аксу";
      16. Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа имени Ю. Гагарина Евгеньевского сельского округа города Аксу";
      17. Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа имени М. Кабылбекова Алгабасского сельского округа города Аксу";
      18. Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа села Уштерек Евгеньевского сельского округа города Аксу";
      19. Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа села Калкаман Калкаманского сельского округа города Аксу";
      20. Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа села Парамоновка Достыкского сельского округа города Аксу";
      21. Коммунальное государственное учреждение "Достыкская средняя школа Достыкского сельского округа города Аксу";
      22. Коммунальное государственное учреждение "Основная школа села Сольветка Евгеньевского сельского округа города Аксу";
      23. Коммунальное государственное учреждение "Основная школа станции Спутник Достыкского сельского округа города Аксу";
      24. Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа имени К. Шулембаева поселка Аксу города Аксу";
      25. Коммунальное государственное учреждение "Психолого-медико-педагогическая консультация города Аксу".

Государственные коммунальные казенные предприятия

      1. Государственное коммунальное казенное предприятие “Ясли-сад № 2 города Аксу” государственного учреждения “Отдел образования города Аксу” акимата города Аксу;
      2. Государственное коммунальное казенное предприятие “Ясли-сад № 12 имени С.Торайгырова города Аксу” государственного учреждения “Отдел образования города Аксу” акимата города Аксу ”;
      3. Государственное коммунальное казенное предприятие “Ясли-сад № 14 поселка Аксу” государственного учреждения “Отдел образования города Аксу” акимата города Аксу;
      4. Государственное коммунальное казенное предприятие “Ясли-сад № 16 города Аксу” государственного учреждения “Отдел образования города Аксу” акимата города Аксу;
      5. Государственное коммунальное казенное предприятие “Ясли-сад № 18 города Аксу” государственного учреждения “Отдел образования города Аксу” акимата города Аксу;
      6. Государственное коммунальное казенное предприятие “Ясли-сад № 19 города Аксу” государственного учреждения “Отдел образования города Аксу” акимата города Аксу;
      7. Государственное коммунальное казенное предприятие “Ясли-сад № 24 города Аксу” государственного учреждения “Отдел образования города Аксу” акимата города Аксу;
      8. Государственное коммунальное казенное предприятие “Ясли сад Балдырған” государственного учреждения “Отдел образования города Аксу” акимата города Аксу;
      9. Государственное коммунальное казенное предприятие “Ясли - сад “Чайка” города Аксу” государственного учреждения “Отдел образования города Аксу” акимата города Аксу;
      10. Государственное коммунальное казенное предприятие “Балапан” бөбектер бақшасы” отдела образования города Аксу, акимата города Аксу;
      11. Коммунальное государственное казенное предприятие “Айгөлек” бөбектер бақшасы” отдела образования города Аксу, акимата города Аксу;
      12. Коммунальное государственное казенное предприятие “Ясли-сад № 10 города Аксу” отдела образования города Аксу, акимата города Аксу;
      13. Коммунальное государственное казенное предприятие “Ясли - сад № 20 города Аксу” отдела образования города Аксу, акимата города Аксу;
      14. Государственное коммунальное казенное предприятие “Балдәурен” бөбектер бақшасы” отдела образования города Аксу, акимата города Аксу”;
      15. Государственное коммунальное казенное предприятие “Дом детского творчества города Аксу”;
      16. Государственное коммунальное казенное предприятие “Детская школа искусств города Аксу”;
      17. Государственное коммунальное казенное предприятие “Станция юных натуралистов города Аксу”.