Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 27.09.2018 № 655/9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы “Мемлекеттік мүлік туралы” Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы “Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы” № 410 Жарлығына сәйкес Ақсу қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақсу қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы “Ақсу қаласы әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы” № 22/1 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4298 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 ақпандағы № 7 “Ақсу жолы” және № 7 “Новый путь” газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген “Ақсу қаласы әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі туралы Ережедегі:
20-тармағында 39) тармақшасы алынып тасталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Қ. Нүкенов |