Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 28.06.2017 № 391/13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы “Мемлекеттік мүлік туралы” Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы “Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы” № 410 Жарлығына сәйкес Ақсу қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1..Қоса беріліп отырған “Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
2..Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің қадағалайтын орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Қ. Нүкенов |
Ақсу қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 22 маусымдағы № 500/6 қаулысымен бекітілді |
“Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі
әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
1. “Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің аппараты”мемлекеттік мекемесі жергілікті мемлекеттік басќару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. “Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. “Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. “Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. “Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. “Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. “Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен “Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. “Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. “Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140109, Ақсу қаласы, Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі, Мәмәйіт Омаров атындағы ауылы, Естай көшесі, 1А.
10. “Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі: жұмыс күндері: дүйсенбі – жұма, жұмыс уақыты сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.
11. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік тілдегі толық атауы: “Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде: государственное учреждение “Аппарат акима сельского округа имени Мамаита Омарова города Аксу”.
12. “Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Павлодар облысы Ақсу қаласының әкімдігі тұлғасында мемлекет болып табылады.
13. Осы Ереже “Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
14. “Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру қалалық бюджеттен жүзеге асырылады.
15. “Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен “Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер “Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. “Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің аппараты”
мемлекеттік мекемесінің миссиясы, мақсаты, қызметінің мәні, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері
16. “Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің миссиясы: тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
17. “Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің мақсаты селолық округ әкімнің ведомстволық қарамағындағы аумақта мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жөніндегі қызметтін қамтамасыз ету болып табылады.
18. “Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні селолық округ әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету болып табылады.
19. Міндеттері:
1) қоғамдық келісімнің, саяси тұрақтылықтың және экономикалық дамытудың, конституциялық қағидатын іске асыруға жәрдем көрсету;
2) өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларын дайындауға қатысу, Қазақстан Республикасының даму жоспарына сәйкес әлеуметтік-экономикалық реформаның тетігі мен тактикасын жетілдіру;
3) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара әрекет жасау.кірісіне жіберіледі. кірісіне жіберіледі
20. Функциялары:
1) азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
2) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
3) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;
4) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының талқылауына жергілікті маңызы бар мәселелерді Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес облыстық маңызы бар қала бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығарады;
5) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
6) өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;
7) селолық округтiң коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ селолық округтерде автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;
8) шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;
9) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері жөніндегі, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нотариаттық әрекеттер жасауды, азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастырады;
11) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
12) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
13) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді;
14) мүгедектерге көмек көрсетуді ұйымдастырады;
15) қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;
16) дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкiлеттi органмен және мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық iс-шаралар өткiзудi ұйымдастырады;
17) мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мәдени-бұқаралық және ағарту iс-шараларын ұйымдастырады;
18) мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк көмек көрсетуді үйлестiредi;
19) халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;
20) ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;
21) жергiлiктi әлеуметтiк инфраұрылымның дамуына жәрдемдеседi;
22) қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;
23) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
24) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
25) шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;
26) жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде облыстық маңызы бар қала мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;
27) мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;
28) өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;
29) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
30) туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;
31) кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді;
32) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды;
33) селолық жерлерде оқушыларды жақын мектепке дейін тегін алып баруды және қайта алып келуді ұйымдастыру;
34) жергілікті деңгейде халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету;
35) Қазақстан Республикасының “Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы” Кодексінде қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды;
36) Қазақстан Республикасының “Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы” Заңына сәйкес тұрғындарға мемлекеттік қызметтер көрсетеді;
37) Қазақстан Республкасының заңнамасымен көзделген құзырет шегінде өзге да қызметтерді жүзеге асырады.
21. Құқықтары мен міндеттері:
“Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі осы Ережемен көзделген өкілетті іске асыру үшін:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан және өзге ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттар мен өзге материалдарды сұратуға және алуға;
2) “Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің мүддесін барлық құзыретті мемлекеттік, әкімшілік органдарда, мекемелерде, ұйымдарда, сондай-ақ сот және құқық қорғау органдарында білдіруге;
3) өзінің құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасауға құқылы;
“Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі осы Ережемен көзделген өкілетті іске асыру үшін:
1) Конституцияны және Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға;
2) азаматтардың және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін сақтауға және қорғауды қамтамасыз етуге, азаматтардың өтініштерін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте және мерзімде қарастыруға, олар бойынша қажетті шаралар қолдануға;
3) оларға берілген құқықтары шегінде және лауазымдық міндеттеріне сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асыруға;
4) мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету, сеніп берілген мемлекеттік меншікті қызметтік мақсаттарға пайдалануға міндетті.
3. “Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі
әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
22. “Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесіне басшылықты “Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
23. “Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ақсу қаласының әкімі лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
24. “Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттіктері:
1) “Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады, оның қызметін басқаруды жүзеге асырады;
2) қала әкімдігіне “Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі туралы ережеге өзгерістер енгізу туралы жобаларды бекіту үшін ұсынады, оның құрылымы мен штаттары бойынша ұсыныстар енгізеді;
3) “Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттерін, функцияларын мен өкілеттіктерін анықтайды;
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес “Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
5) өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша “Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері орындауға міндетті шешімдер мен өкімдер шығарады және нұсқаулар береді;
6) “Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын бақылайды;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте “Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін ынталандыруды, оларға материалдық көмек көрсетуді, тәртіптік жаза қолдануды немесе оны алып тастауды жүзеге асырады;
8) “Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
9) қала әкімдігі мен әкімінің актілерін, оның тапсырмаларын орындауды және құжаттардың “Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінде өтуін бақылау бойынша жұмысты үйлестіреді;
10) қала әкімінің қол қоюына және қарастыруына облыс әкімдігі мен әкімі актілерінің жобасын, сондай-ақ қала әкімінің атына жолданатын өзге де құжаттар мен материалдарды ұсынады;
11) “Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінде ішкі еңбек тәртібін белгілейді;
12) “Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің шығыстар сметасын бекітеді және оның шегінде қаржы қаражаттарын басқарады;
13) қызметтік құжаттамаларға қол қояды;
14) “Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің қызметшілерін іссапарға жібереді;
15) азаматтардың жеке қабылдауын өткізеді;
16) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес барлық мемлекеттік органдарда және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда “Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
17) ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік ұйымдарының басшыларын қызметке тағайындайды және кызметтен босатады, Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленетін тәртіпте оларды аттестаттаудан өткізеді;
18) “Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту жөніндегі мәселені қарастырады және тәртіптік жауапкершілікке тартады;
19) “Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің перспективті және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;
20) “Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шараларды қабылдайды және дербес жауап береді;
21) Қазақстан Республикасының заңнамасымен оған жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
“Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін атқаруды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
25. “Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі қалалық коммуналдық мүлікті басқаруға уәкілетті, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган арасындағы өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
26. “Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі және қаланың жергілікті атқарушы органы арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
27. “Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің басшысы мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес белгіленеді.
4. “Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі
әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің мүлкі
28. “Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
“Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ жеке қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірісті қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
29. “Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
30. Егер Қазақстан Республикасныың заңнамасында өзгеше көзделмесе, “Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
5. “Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің аппараты”
мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату)
31. “Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
32. “Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі таратылған кезде несиегерлердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік коммуналдық меншікте қалады.
6. “Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің аппараты”
мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
33. “Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің иелігіндегі ұйымдар жоқ.