Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 21.07.2017 № 458/14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы “Мемлекеттік мүлік туралы” Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы “Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы” № 410 Жарлығына сәйкес, Ақсу қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған “Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің қадағалайтын орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімінің міндетін атқарушы | Қ. Арынов |
Ақсу қаласы әкiмдiгінің 2015 жылғы 31 шілдедегі № 617/8 қаулысымен бекiтiлген |
"Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі"
мемлекеттiк мекемесi туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
1. “Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттiк мекемесi Ақсу қаласының аумағында сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттiк мекемесiнің ведомстволары жоқ.
3. “Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттiк мекемесi өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. “Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттiк мекемесi мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық үлгісіндегі заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. “Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттiк мекемесi азаматтық-құқықтық қатынастарға өзінің атынан түседі.
6. “Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттiк мекемесiнің, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынас тарапы болуға құқығы бар.
7. “Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттiк мекемесі өз құзыретінің мәселесі бойынша заңда белгіленген тәртіпте “Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да актілермен ресімделген шешімдерді қабылдайды.
8. “Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттiк мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. “Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттiк мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140100, Ақсу қаласы, Астана көшесі, 21а.
10. “Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттiк мекемесінің жұмыс тәртібі: жұмыс күндері: дүйсенбі – жұма, жұмыс уақыты сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30–ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.
11. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік тілдегі толық атауы: “Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесі, орыс тiлiнде: государственное учреждение “Отдел архитектуры и градостроительства города Аксу”.
12. “Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттiк мекемесінің құрылтайшысы Павлодар облысы Ақсу қаласының әкімдігі тұлғасында мемлекет болып табылады.
13. Осы Ереже “Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттiк мекемесінің құрылтайшылық құжаты болып табылады.
14. “Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттiк мекемесінің қызметін қаржыландыру қалалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
15. “Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттiк мекемесіне “Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттiк мекемесінің қызметі болып табылатын міндеттерді орындауға кәсіпкерлік субъектілермен келісімшарт қатынастарына енуге рұқсат етілмейді.
Егер де “Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттiк мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. "Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі"
мемлекеттiк мекемесінің миссиясы, мақсаты, қызметінің мәні,
негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
16. “Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттiк мекемесінің миссиясы Ақсу қаласының аумағында сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырудан тұрады.
17. “Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттiк мекемесінің мақсаты елді мекендердің тұрақты дамуын, азаматтардың толық жарамды тұратын ортасы мен өмірлік әрекетін қалыптастыру болып табылады.
18. “Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттiк мекемесі қызметінің мәні Ақсу қаласының аумағында қала құрылысы және мемлекеттік саясатын жүргізу болып табылады.
19. Міндеттері:
Ақсу қаласының аумағында сәулет және қала құрылысы қызметінің орнықты дамуын қамтамасыз ету;
сәулет және қала құрылысы қызметінің субъектілерімен қолданыстағы заңнамамен белгіленген талаптарды сақтау.
20. Функциялары:
1) қаланың заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспарын, заңнамада белгіленген тәртіппен қалаға ықпал ететін аймаққа жатқызылған іргелес жатқан аумақтарда қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын (аудандық жоспарлау жобасын) іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;
2) қаланың бас жоспарының жобасын, қала шегі мен қала маңы аймағының шекараларын, сондай-ақ ведомстволық бағынысты әкімшілік аумақтардың елді мекендерін-спутниктерін, қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын белгілеу және өзгерту жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру және қала мәслихатының мақұлдауына ұсыну;
3) қала құрылысы құжаттамасын, сондай-ақ қала аумағында құрылыс салудың, оны абаттандыру мен инженерлік жағынан қамтамасыз етудің қағидаларын қалалық мәслихатқа бекітуге ұсыну;
4) қалалық мәслихатқа тұрғын үй қорын, өзге де ғимараттар мен тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы құрылыстарды, инженерлік коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткіштерін, мемлекеттік табиғи-қорық қорының қалалық маңызы бар объектілерін сақтау мен күтіп-ұстау ережелерін белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу;
5) аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысы өзгерістері туралы халыққа хабарлап отыру;
6) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпарат және (немесе) мәліметтер беру;
7) қала және қала маңы аймағының қала құрылысы жобаларын, егжей-тегжейлі жоспарлау және құрылыс салу жобаларын іске асыру және қала әкімдігіне бекітуге ұсыну;
8) ведомстволық бағынысты аумақта құрылыс салуға немесе өзге де қала құрылысын игеруге арналған жер учаскелерін таңдау, беру, ал заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда, мемлекеттік қажеттер үшін алып қою жөнінде ұсыныстарды қала әкімдігіне енгізу;
9) құрылыстарды, үйлерді, ғимараттарды, инженерлік және көлік коммуникацияларын салу (кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтіру және күрделі жөндеу) туралы, сондай-ақ аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру, құрылысты (объектіні) консервациялау, жергілікті маңызы бар объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөнінде жұмыстар кешенін жүргізу туралы ұсыныстарды қала әкімдігіне енгізу;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен объектілерді (кешендерді) қабылдау жөніндегі комиссияның құрамын белгілеу және тағайындау, сондай-ақ пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) тіркеу және есебін жүргізу;
11) тұрғын үй қорын, коммуникацияларды, тарихи және мәдениет ескерткіштерін, мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін сақтауды және олардың нормативтік күтіп-ұсталуына (қолданылуына, пайдаланылуына) бақылау жүргізуді ұйымдастыру;
12) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу;
13) Қазақстан Республикасының “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” Кодексінде белгіленген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарастыру;
14) Қазақстан Республикасының “Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы” Заңына сәйкес халыққа қызмет көрсету;
15) Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат беру;
16) жарнама қызметі мәселесі бойынша жеке және (немесе) заңды тұлғалардың және (немесе) олардың филиалдары мен өкілдерінің өтініштерін қарастыру;
17) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасын сақтауға бақылауды жүзеге асыру;
18) “Мекенжай тіркелімі” деректер қорының ақпараттық жүйесін толтыру;
19) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
21. Құқықтары мен міндеттері:
“Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттiк мекемесiнің:
мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдар мен азаматтардан “Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелері жөнінде қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
қала әкімдігі мен әкімінің нормативтік құқықтық және құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеуге, оларды Ақсу қаласының әкімдігі мен әкімінің қарауына ұсынуға;
“Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттiк мекемесiнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша қажетті түсініктеме жұмыстарын жүргізуге;
Ақсу қаласының аумағында қолданылатын сәулет және қала құрылысы саласындағы мәселелер бойынша ұсыныстарды Ақсу қаласының әкімдігі мен әкімінің қарауына ұсынуға құқығы бар;
2) “Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттiк мекемесi сәулет және қала құрылысы мәселелері бойынша заң шығарушы актілер, әкімдік актілері, облыс пен қала әкімдерінің және басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін сапалы орындауға міндетті.
3. "Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі"
мемлекеттiк мекемесiнің қызметін ұйымдастыру
22. “Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесіне басшылықты “Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
23. “Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ақсу қаласының әкімі лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
24. “Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
1) “Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің өкілеттіктерін және міндеттерін белгілейді;
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес “Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
3) Заңнамамен белгіленген тәртіпте “Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін ынталандыруды, оларға материалдық көмек көрсетуді, тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;
4) Мемлекеттік органдар мен меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда “Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесін ұсынады;
5) “Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
6) азаматтардың жеке қабылдауын жүргізеді;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және ол үшін дербес жауапты болады;
8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған өкілеті шегінде басқа да функцияларды жүзеге асырады.
“Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін атқаруды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
25. “Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесі қалалық коммуналдық мүлікті басқаруға уәкілетті, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган арасындағы өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
26. “Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесі және қаланың жергілікті атқарушы органы арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
27. “Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің басшысы мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес белгіленеді.
4. "Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі
28. “Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесі заңнамамен қарастырылған жағдайларда жедел басқару құқығында жекеленген мүлкі болуы мүмкін.
“Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесімен табысталған мүлік, сондай-ақ жеке қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірісті қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
29. “Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
30. Егер де заңнамада өзгеше көзделмесе, “Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де әдіспен иелік етуге құқығы жоқ.
5. "Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі"
мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату)
31. “Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
32. “Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесі таратылған кезде кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік коммуналдық меншікте қалады.
6. "Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі"
мемлекеттік мекеменің шаруашылық жүргізуіндегі ұйымдар тізімі
33. “Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің иелігінде ұйымдар жоқ.