Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы “Мемлекеттік мүлік туралы” Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы “Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы” № 410 Жарлығына сәйкес Ақсу қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған “Ақсу қаласының қаржы бөлімі” мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің қадағалайтын орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімінің | |
міндетін атқарушы | Қ. Арынов |
Ақсу қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 5 тамыздағы № 629/8 қаулысымен бекітілді |
"Ақсу қаласының қаржы бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
1. “Ақсу қаласының қаржы бөлімі” мемлекеттік мекемесі заңнамамен көзделген құзіреті шегінде қалалық бюджеттің атқарылуын, бюджеттік есепті және есеп берушілікті жүргізуді, Ақсу қаласының аумағындағы коммуналдық меншікті басқаруды және жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу мәселелерінде бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының атқарушы органы болып табылады.2. “Ақсу қаласының қаржы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. “Ақсу қаласының қаржы бөлімі” мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. “Ақсу қаласының қаржы бөлімі” мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанда мемлекеттік мекеменің заңды тұлғасы болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі және мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. “Ақсу қаласының қаржы бөлімі” мемлекеттік мекемесі өз атынан азаматтық-құқықтық қатынасқа түседі.
6. “Ақсу қаласының қаржы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілетті болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарабы болуға құқығы бар.
7. “Ақсу қаласының қаржы бөлімі” мемлекеттік мекемесі өз құзыреті мәселелері жөнінде заңнамамен белгіленген тәртіпте “Ақсу қаласының қаржы бөлімі” мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және басқа Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген актілермен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.
8. “Ақсу қаласының қаржы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құрылымы және штат саны лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. “Ақсу қаласының қаржы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140100, Ақсу қаласы, Царев көшесі, 12.
10. “Ақсу қаласының қаржы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі: жұмыс күндері: дүйсенбі - жұма 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.
11. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік тілдегі толық атауы: “Ақсу қаласының қаржы бөлімі” мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде: государственное учреждение “Отдел финансов города Аксу”.
12. “Ақсу қаласының қаржы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Павлодар облысы Ақсу қаласы әкімдігінің атынан әрекет ететін мемлекет болып табылады.
13. Осы ереже “Ақсу қаласының қаржы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаттары болып табылады.
14. “Ақсу қаласының қаржы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру қалалық бюджеттен жүзеге асырылады.
15. “Ақсу қаласының қаржы бөлімі” мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен “Ақсу қаласының қаржы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәніне шарттық қатынасқа түсуге тыйым салынады.
Егер “Ақсу қаласының қаржы бөлімі” мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған табыстар мемлекеттік бюджет кірісіне жіберіледі.
2. "Ақсу қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
миссиясы, мақсаты, қызметінің мәні, негізгі мақсаттары,
функциялары, құқықтары мен міндеттері
16. “Ақсу қаласының қаржы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің миссиясы: қалалық бюджеттің атқарылуы, қаланың аумағында өткізілетін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу үрдісінің мониторингісін жүзеге асыру, қаланың коммуналдық меншігін басқару және оны нысаналы және тиімді пайдалануын бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.17. “Ақсу қаласының қаржы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің мақсаты Ақсу қаласының аумағында бірыңғай мемлекеттік қаржылық саясатты іске асыру болып табылады.
18. “Ақсу қаласының қаржы бөлімі” мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні қалалық бюджеттің атқарылуы саласындағы, қалалық коммуналдық меншікті басқару аясында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру болып табылады.
19. Міндеттері:
1) қалалық бюджеттің және қаржы бөлімінің қаржыландыру жоспарының атқарылуы жөніндегі бюджеттік есепті және есеп берушілікті жүргізу, бухгалтерлік есеп, қаржылық және бюджеттік есеп берушілік саласындағы есеп берушілікті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсыну;
2) қала бюджетін, мемлекеттік органдардың қаржыландыру жоспарларын орындауды оған жүктелген міндеттерге сәйкес мониторингілеу, оның атқарылуы туралы есепті дайындау;
3) қала бюджетінің атқарылуы жөніндегі бюджеттік бағдарлама әкімшілерімен қызметті ұйымдастыру және үйлестіру;
4) қала әкімдігінің жергілікті атқарушы орган резервінен қаражат бөлу туралы қаулыларының жобаларына қорытындылар дайындау;
5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, жергілікті атқарушы органның борышын жергілікті бюджетте көзделген қаражат есебінен өтеу және қызмет көрсету;
6) жоғары тұрған бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді тіркеуді, есепке алуды және мониторингілеуді жүзеге асыру;
7) қаланың коммуналдық меншік объектілерін нысаналы және тиімді пайдалану;
8) тиімсіз пайдаланылатын коммуналдық меншік мүлігіне жекешелендіруді ұйымдастыру;
9) қала аумағында мемлекеттік сатып алу үрдісінің мониторингісін жүзеге асыру, мемлекеттік органдарға және мекемелерге тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу мәселелері жөніндегі есеп берушілікті құрастыру және ұсыну тәртібі бойынша кеңес беру көмегін көрсету.
20. Функциялары:
1) жиынтық түсімдер жоспарын міндеттемелер мен төлемдер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарын жүргізу;
2) қаланың бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бюджеттік қаражатты уақытында және тиімді пайдалану мониторингісін, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың орындалуын, республикалық және облыстық бюджеттерден бөлінген нысаналы ағымдағы трансферттердің және даму трансферттерінің игерілуін, бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің ақшалай қаражатты, Ақсу қаласы бойынша дебиторлық және кредиторлық берешектің игерілуін жүзеге асыру;
3) Ақсу қаласының бюджеті бойынша бюджеттік бағдарламалардың орындалу тиімділігін бағалауды жүзеге асыру;
4) мемлекеттік сатып алу жөніндегі жиынтық есеп берушілікті мониторингілеуді және жүргізуді талдамалы материалдарды ұсынумен жүзеге асыру;
5) Ақсу қаласы бюджетінің атқарылуы саласында функцияларды жүзеге асыру, Ақсу қаласы бюджетінің атқарылуы жөніндегі бюджеттік есепті және есеп берушілікті жүзеге асыру;
6) Ақсу қаласы бюджетінің жиынтық түсімдер және қаржыландыру жоспарларына Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалған тәртіпте және мерзімдерде бекіту және өзгерістер енгізу;
7) бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімді және бюджеттік бағдарламаны құрастыру;
8) (толық) пайдаланылмаған трансферттерді, даму трансферттерін және бюджеттік кредиттерді уақытда қайтару жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
9) қалалық коммуналдық мүлікті жекешелендіру жөніндегі сауда-саттықты өткізу туралы хабарламаны жариялау үшін мерзімді баспасөз басылымын анықтау жөніндегі конкурсты Қазақстан Республикасының “Мемлекеттік сатып алу туралы” Заңына сәйкес өткізу;
10) Ақсу қаласының әкімдігіне егер ол Қазақстан Республикасының Заңымен өзгеше көзделмесе, қалалық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейінгі сатып алу құқығымен немесе шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне өтеусіз негізде кейінгі табыстау құқығымен табыстау немесе мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға беру, жөніндегі ұсыныстарды енгізу;
11) өз құзыреті шеңберінде Ақсу қаласының әкімдігіне аудандық коммуналдық мүлікті басқару саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді бекітуге ұсыныстар әзірлеу және енгізу;
12) қалалық коммуналдық меншікті басқару, егер ол Қазақстан Республикасының Заңдарымен өзгеше көзделмесе, оны қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;
13) Ақсу қаласының әкімдігіне қалалық коммуналдық мүлікті жекешелендіру жөніндегі ұсыныстарды енгізеді;
14) қалалық коммуналдық меншіктің пайдаланылуын және сақталуын бақылауды қамтамасыз ету;
15) қаланың жергілікті атқарушы органдарымен құрылған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асыру;
16) Ақсу қаласының әкімдігіне қалалық коммуналдық мүлікті қалалық коммуналдық заңды тұлғаларға бекіту жөніндегі ұсыныстарды енгізу;
17) коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен), Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте иесіз деп танылған, мұралану құқығы бойынша мемлекетке көшкен қалалық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте коммуналдық меншікке өтеусіз көшкен иесіз мүлікті, олжаны, мәдени құндылықтарға жататын заттары жоқ қазыналардың үлестерін есепке алуды, сақтауды және әрі қарай пайдалануды ұйымдастыру;
18) сенімгерлік басқарушының сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындауын, сондай-ақ қалалық коммуналдық мүлікті жалдау шарттарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
19) қалалық коммуналдық мүлікті жекешелендіруді, оның ішінде жекешелендіру үрдісін ұйымдастыру үшін делдалды тартуды жүзеге асыру, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз ету, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындауды және жасауды жүзеге асыру және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылау;
20) мемлекеттік мекемелердің және кәсіпорындардың балансында тұрған мемлекеттік коммуналдық мүлік (жылжымайтын мүлік және көлік) тізілімін жүргізуді мониторингілеу және бақылау;
21) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
21. Құқықтары мен міндеттері:
1) Мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдар мен азаматтардан “Ақсу қаласының қаржы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелері жөнінде қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
2) “Ақсу қаласының қаржы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелері жөнінде қала әкімдігі және қала әкімінің нормативтік-құқықтық және құқықтық актілері жобаларын әзірлеуге;
3) мемлекеттік органдарда, сотта “Ақсу қаласының қаржы бөлімі” мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіруге;
4) өз құзыреті шегінде келісім шарттар, келісімдер жасасуға құқығы бар;
5) “Ақсу қаласының қаржы бөлімі” мемлекеттік мекеме осы Ережемен көзделген өкілеттіктерді іске асыру үшін Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтауға міндетті;
6) азаматтардың және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін сақтауға және қорғауды қамтамасыз етуге, азаматтардың өтініштерін белгіленген тәртіпте және мерзімде қарастыруға, олар бойынша қажетті шаралар қолдануға;
7) “Ақсу қаласының қаржы бөлімі” мемлекеттік мекемесіне берілген құқықтары шегінде және лауазымдық міндеттеріне сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асыруға;
8) мемлекеттік меншіктің сақталуын, сеніп берілген мемлекеттік меншікті қызметтік мақсаттарға ғана пайдалануды қамтамасыз етуге;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру және өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
3. "Ақсу қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің қызметін ұйымдастыру
22. “Ақсу қаласының қаржы бөлімі” мемлекеттік мекемесіне басшылықты “Ақсу қаласының қаржы бөлімі” мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.23. “Ақсу қаласының қаржы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ақсу қаласының әкімімен лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
24. “Ақсу қаласының қаржы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары бар.
25. “Ақсу қаласының қаржы бөлімі” мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) “Ақсу қаласының қаржы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің өкілеттіктерін және міндеттерін анықтайды;
2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес “Ақсу қаласының қаржы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте “Ақсу қаласының қаржы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелеуді, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;
4) “Ақсу қаласының қаржы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері орындауға міндетті, оның құзыретіне кіретін мәселелер жөніндегі бұйрық шығарады және нұсқау береді;
5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес меншік нысанына қарамастан, барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда “Ақсу қаласының қаржы бөлімі” мемлекеттік мекемесі атынан өкілдік етеді;
6) “Ақсу қаласының қаржы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері туралы ережені, оның қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
7) “Ақсу қаласының қаржы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құрылымын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
8) “Ақсу қаласының қаржы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің келешекті және ағымдағы жоспарларын бекітеді;
9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет етеді және осы үшін дербес жауап береді;
10) азаматтардың жеке қабылдауын жүзеге асырады.
Ол уақытша болмаған уақытында “Ақсу қаласының қаржы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттіктерін орындау қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны ауыстыратын тұлғамен жүзеге асырады.
26. “Ақсу қаласының қаржы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы өз орынбасарының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес анықтайды.
27. “Ақсу қаласының қаржы бөлімі” мемлекеттік мекемесі қалалық коммуналдық мүлікті басқаруға уәкілетті, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган арасындағы өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
28. “Ақсу қаласының қаржы бөлімі” мемлекеттік мекемесі мен қаланың жергілікті атқарушы орган арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
29. “Ақсу қаласының қаржы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес анықталады.
4. "Ақсу қаласының қаржы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің мүлкі
30. “Ақсу қаласының қаржы бөлімі” мемлекеттік мекемесінде, заңнамада көзделген жағдайларда, жедел басқару құқығында жеке мүлкі болуы мүмкін.“Ақсу қаласының қаржы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлкі арқылы, сондай-ақ (қаражат шығындарын қосқанда) жеке қызметі нәтижесінде алынған мүлкі және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
31. “Ақсу қаласының қаржы бөлімі” мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
32. Егер заңнамамен өзгеше көзделмесе, “Ақсу қаласының қаржы бөлімі” мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
5. "Ақсу қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесін
қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату)
33. “Ақсу қаласының қаржы бөлімі” мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.34. “Ақсу қаласының қаржы бөлімі” мемлекеттік мекемесі таратылған кезде кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік коммуналдық меншікте қалады.