“Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2015 жылғы 13 тамыздағы № 660/8 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 15 қыркүйекте № 4705 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 655/9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 27.09.2018 № 655/9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы “Мемлекеттік мүлік туралы” Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы “Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы” № 410 Жарлығына сәйкес Ақсу қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің қадағалайтын орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Қ. Нүкенов

  Ақсу қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 13 тамыздағы
№ 660/8 қаулысымен
бекітілді

"Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесі заңнамамен көзделген құзырет шегінде Ақсу қаласының аумағында жер қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

      3. “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзінің мемлекеттік тілде атауы бар мөрі мен мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында есеп-шоттары бар.

      5. “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесі өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға шығады.

      6. “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің, егер ол осыған заңнамаға сәйкес уәкілетті болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарапынан шығуға құқығы бар.

      7. “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140100, Ақсу қаласы, Астана көшесі, 21а.

      10. “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі: жұмыс күндері: дүйсенбі – жұма, жұмыс уақыты сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.

      11. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік тілдегі толық атауы: “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесі, және орыс тілінде: государственное учреждение “Отдел земельных отношений города Аксу”.

      12. “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Павлодар облысы Ақсу қаласы әкімдігінің тұлғасындағы мемлекет болып табылады.

      13. Осы Ереже “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      14. “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру қалалық бюджеттің қаражатынан жүзеге асырылады.

      15. “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік мекеменің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. "Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің миссиясы, мақсаты,
қызметінің мәні, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері

      16. “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Ақсу қаласының аумағында жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізуді іске асыру.

      17. “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің мақсаты жерлерді ұтымды пайдалану, топырақтың құнарлылығын сақтау және қайта өндіру үшін әлеуметтік-экономикалық және ұйымдастыру-шаруашылық жағдайларын жасау болып табылады.

      18. “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні өңірлік деңгейде жер қатынастарын реттеу саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу болып табылады.

      19. Міндеттері:

      1) Қазақстан Республикасы Жер кодексімен, Қазақстан Республикасы “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Заңының және Қазақстан Республикасының басқа да нормативті құқықтық актілерімен және жергілікті атқарушы органның құқықтық актілермен белгіленген өз құзыретінің шегінде Ақсу өңірінің аумағындағы жер қатынастарын реттеу;

      2) Ақсу қаласының жер ресурстарын тиімді және ұтымды пайдалану үшін жағдай жасауға бағытталған іс-шараларды үлестіру, олардың сапасын жақсарту, жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды қамтамасыз етуге ықпал жасау.

      20. Функциялары:

      1) иесіз жер телімдерін анықтау және оларды есепке алу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

      2) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      3) жер телімдерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту бойынша Ақсу қаласы әкімінің ұсыныстарын және шешім жобаларын әзірлеу;

      4) Ақсу қаласы әкімінің қойнауды және барлауды мемлекеттік геологиялық зерттеумен байланысты жер қойнауын пайдалану мақсатында жер телімдерін беру бойынша ұсыныстары мен шешім жобаларын дайындау;

      5) жер телімдерді мемлекеттік қажеттіліктер үшін өндіріп алу бойынша ұсыныстар әзірлейді;

      6) жер телімдерінің бөлінетіндігін және бөлінбейтіндігін анықтау;

      7) мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер телімдерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;

      8) жерге орналастыруды жүргізуді және жер телімдерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту;

      9) Ақсу қаласы жерлерін аймақтандыру жобаларын және жерлерді ұтымды пайдалану бойынша жобаларды және сызбаларды әзірлеуді ұйымдастыру;

      10) Ақсу қаласының аумағында жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;

      11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жерді сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) өткізуді ұйымдастыру;

      12) жерлерді пайдалану және қорғау мәселелерін қозғайтын қалалық маңызы бар сызбалардың және жобалардың сараптауын жүргізу;

      13) Ақсу қаласы жерлерінің балансын құрастыру;

      14) жер телімдері меншік иелерінің және жер пайдаланушыларының, сондай-ақ жер қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;

      15) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерінің паспорттарын беру;

      16) жер телімдерін сатып алу-сату шарттарын және жер телімдерін жалға беру және уақытша өтеусіз жер пайдалану шарттарын жасау, бекітілген келісім шарттардың шарттарын орындалуын бақылауды іске асыру;

      17) Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес, іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін, жер телімдерін пайдалануға рұқсат берілу бойынша қаланың жергілікті атқарушы органынына ұсыныстар дайындау;

      18) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрінен басқа түріне ауыстыру бойынша ұсыныстар дайындау;

      19) пайдаланбайтын және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықпен пайдаланылатын жерлерді анықтау;

      20) жерлерді резервтеу бойынша ұсыныстарды дайындау;

      21) жер-кадастрлық жобаны бекіту;

      22) Қазақстан Республикасының “Мемлекеттік қызмет туралы” заңына сәйкес халыққа мемлекеттік қызмет көрсетеді;

      23) Қазақстан Республикасының заңнамасымен оның құзырына жататын басқа да қызметтерді жүзеге асырады.

      21. “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте мыналарға:

      1) қаланың мемлекеттік органдарынан, басқа да кәсіпорындар мен ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан және жер телімдерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құзыретіне қатысты мәселелер бойынша қажетті ақпаратты сұрауға және алуға;

      2) жер телімдерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелерді шешу үшін қажетті мәліметтер мен құжаттарды сұрауға;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген негіздемелер бойынша жер пайдалану құқығын тоқтату туралы, сонымен қатар олар Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұза отырып жүзеге асырылса, құрылысты және объектіні пайдалануды тоқтату туралы ұсыныстарды мемлекеттік органдарға енгізуге құқылы;

      “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесі:

      1) осы Ережемен қарастырылған өкілеттіктерін іске асыру үшін Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтау;

      2) азаматтардың және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауды және сақтауды қамтамассыз ету, азаматтардың өтініштерін заңнамада белгіленген тәртіпте және мерзімде қарастыру және олар бойынша қажетті шараларды қабылдау;

      3) өкілеттіктерді “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесіне берілген құқықтарға және лауазымдық міндеттерге сәйкес іске асыру;

      4) мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету, сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті тек қызметтік мақсаттарда қолдану;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де құқықтарды, өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.

3. "Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      22. “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесіне басшылықты “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      23. “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ақсу қаласының әкімі лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.

      24. “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің өкілеттіктерін және міндеттерін белгілейді;

      2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін кезметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      3) “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін ынталандыру, оларға материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;

      4) “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      5) мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен қарым-қатынаста “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесін ұсынады;

      6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және ол үшін дербес жауапты болады;

      7) азаматтардың жеке қабылдауын жүргізеді;

      8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген өкілеттік шегінде басқа да функцияларды жүзеге асырады.

      “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, оны алмастыратын тұлға орындайды.

      25. “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесі мен қалалық коммуналдық мүлікті басқаруға уәкілетті, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган арасындағы өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      26. “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесі мен қаланың жергілікті атқарушы органы арасындағы өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      27. “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің басшысы және еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес белгіленеді.

4. "Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      28. “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесінде заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ жеке қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірісті қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      29. “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      30. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.

5. "Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі"
мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату)

      31. “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      32. “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесі таратылған кезде несиегерлердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік коммуналдық меншікте қалады.

6. "Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      33. “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің иелігінде тұрған ұйымдар жоқ.

Об утверждении Положения о государственном учреждении “Отдел земельных отношений города Аксу”

Постановление акимата города Аксу Павлодарской области от 13 августа 2015 года № 660/8. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 15 сентября 2015 года № 4705. Утратило силу постановлением акимата города Аксу Павлодарской области от 27 сентября 2018 года № 655/9 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Аксу Павлодарской области от 27.09.2018 № 655/9 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года “О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан”, Законом Республики Казахстан от 1 марта 2011 года “О государственном имуществе”, Указом Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года № 410 “Об утверждении Типового положения государственного органа Республики Казахстан” акимат города Аксу ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемое Положение о государственном учреждении “Отдел земельных отношений города Аксу”.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима города.

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким города К. Нукенов

  Утверждено
постановлением акимата
города Аксу
от 13 августа 2015 года № 660/8

Положение о государственном учреждении
"Отдел земельных отношений города Аксу"

1. Общие положения

      1. Государственное учреждение “Отдел земельных отношений города Аксу” является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим в пределах компетенции, предусмотренной законодательством, реализацию государственной политики в области земельных отношений на территории города Аксу.

      2. Государственное учреждение “Отдел земельных отношений города Аксу” не имеет ведомств.

      3. Государственное учреждение “Отдел земельных отношений города Аксу” осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      4. Государственное учреждение “Отдел земельных отношений города Аксу” является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.

      5. Государственное учреждение “Отдел земельных отношений города Аксу” вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      6. Государственное учреждение “Отдел земельных отношений города Аксу” имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.

      7. Государственное учреждение “Отдел земельных отношений города Аксу” по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя государственного учреждения “Отдел земельных отношений города Аксу” и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.

      8. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения “Отдел земельных отношений города Аксу” утверждаются в соответствии с действующим законодательством.

      9. Местонахождение государственного учреждения “Отдел земельных отношений города Аксу”: Республика Казахстан, Павлодарская область, 140100, город Аксу, улица Астана, 21а.

      10. Режим работы государственного учреждения “Отдел земельных отношений города Аксу”: дни работы: понедельник – пятница, время работы с 9.00 до 18.30 часов, обеденный перерыв с 13.00 до 14.30 часов, выходные дни: суббота, воскресенье.

      11. Полное наименование государственного учреждения на государственном языке: “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесі, на русском языке: государственное учреждение “Отдел земельных отношений города Аксу”.

      12. Учредителем государственного учреждения “Отдел земельных отношений города Аксу” является государство в лице акимата города Аксу Павлодарской области.

      13. Настоящее Положение является учредительным документом государственного учреждения “Отдел земельных отношений города Аксу”.

      14. Финансирование деятельности государственного учреждения “Отдел земельных отношений города Аксу” осуществляется из городского бюджета.

      15. Государственному учреждению “Отдел земельных отношений города Аксу” запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями государственного учреждения.

      Если государственному учреждению “Отдел земельных отношений города Аксу” законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

2. Миссия, цель, предмет деятельности, основные задачи,
функции, права и обязанности государственного учреждения
"Отдел земельных отношений города Аксу"

      16. Миссия государственного учреждения “Отдел земельных отношений города Аксу”: реализация государственной политики в области регулирования земельных отношений на территории города Аксу.

      17. Целью государственного учреждения “Отдел земельных отношений города Аксу” является создание социально-экономических и организационно-хозяйственных условий для рационального использования земель, сохранения и воспроизводства плодородия почв.

      18. Предметом деятельности государственного учреждения “Отдел земельных отношений города Аксу” является проведение единой государственной политики в области регулирования земельных отношений на региональном уровне.

      19. Задачи:

      1) регулирование земельных отношений на территории города Аксу в пределах своей компетенции, установленной Земельным кодексом Республики Казахстан, Законом Республики Казахстан “О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан” и другими нормативными правовыми актами Республики Казахстан и правовыми актами местного исполнительного органа;

      2) координация мероприятий, направленных на создание условий для эффективного и рационального использования земельных ресурсов Аксуского региона, повышения их качественного состояния, содействие в обеспечении государственного контроля за использованием и охраной земель.

      20. Функции:

      1) выявление бесхозяйных земельных участков и организация работы по постановке их на учет;

      2) реализация государственной политики в области регулирования земельных отношений;

      3) подготовка предложений и проектов решений акима города Аксу по предоставлению земельных участков и изменению их целевого назначения;

      4) подготовка предложений и проектов решений акима города Аксу по предоставлению земельных участков для целей недропользования, связанных с государственным геологическим изучением недр и разведкой;

      5) подготовка предложений по принудительному отчуждению земельных участков для государственных нужд;

      6) определение делимости и неделимости земельных участков;

      7) утверждение кадастровой (оценочной) стоимости конкретных земельных участков, продаваемых в частную собственность государством;

      8) организация проведения землеустройства и утверждение землеустроительных проектов по формированию земельных участков;

      9) организация разработки проектов зонирования земель, проектов и схем по рациональному использованию земель города Аксу;

      10) организация разработки проектов земельно-хозяйственного устройства территории города Аксу;

      11) организация проведения земельных торгов (конкурс, аукцион) в соответствии с законодательством Республики Казахстан;

      12) проведение экспертизы проектов и схем городского значения, затрагивающих вопросы использования и охраны земель;

      13) составление баланса земель города Аксу;

      14) ведение учета собственников земельных участков и землепользователей, а также других субъектов земельных правоотношений;

      15) выдача паспортов земельных участков сельскохозяйственного назначения;

      16) заключение договоров купли-продажи и договоров аренды земельного участка и временного безвозмездного землепользования, осуществление контроля за исполнением условий заключенных договоров;

      17) подготовка предложений по выдаче разрешений акиматом города Аксу по использованию земельных участков для проведения изыскательских работ в соответствии с Земельным кодексом Республики Казахстан;

      18) подготовка предложений по переводу сельскохозяйственных угодий из одного вида в другой;

      19) выявление земель, неиспользуемых и используемых с нарушением законодательства Республики Казахстан;

      20) подготовка предложений по резервированию земель;

      21) утверждение земельно-кадастрового плана;

      22) оказание государственных услуг населению в соответствии с Законом Республики Казахстан “О государственных услугах”;

      23) осуществляет иные функции, отнесенные к его компетенции законодательством Республики Казахстан.

      21. Государственное учреждение “Отдел земельных отношений города Аксу” имеет право в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан:

      1) запрашивать и получать от государственных органов, иных предприятий и организаций, должностных лиц, собственников земельных участков и землепользователей необходимую информацию по вопросам, входящим в компетенцию государственного учреждения “Отдел земельных отношений города Аксу”;

      2) запрашивать от собственников земельных участков и землепользователей сведения и документы, необходимые для решения вопросов, относящихся к компетенции государственного учреждения “Отдел земельных отношений города Аксу”;

      3) вносить в государственные органы предложения о прекращении права землепользования по основаниям, предусмотренным законодательством Республики Казахстан, а так же о приостановлении строительства и эксплуатации объектов, если они осуществляются с нарушением земельного законодательства Республики Казахстан;

      государственное учреждение “Отдел земельных отношений города Аксу” обязано:

      1) соблюдать Конституцию и законодательство Республики Казахстан, для реализации предусмотренных настоящим Положением полномочий;

      2) обеспечивать соблюдение и защиту прав, свобод и законных интересов граждан и юридических лиц, рассматривать в порядке и сроки, установленные законодательством, обращения граждан, принимать по ним необходимые меры;

      3) осуществлять полномочия в пределах предоставленных государственному учреждению “Отдел земельных отношений города Аксу” прав и в соответствии с должностными обязанностями;

      4) обеспечивать сохранность государственной собственности, применять вверенную государственную собственность только в служебных целях;

      5) осуществлять иные права и выполнять иные обязанности, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.

3. Организация деятельности государственного учреждения
"Отдел земельных отношений города Аксу"

      22. Руководство государственным учреждением “Отдел земельных отношений города Аксу” осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение “Отдел земельных отношений города Аксу” задач и осуществление им своих функций.

      23. Первый руководитель государственного учреждения “Отдел земельных отношений города Аксу” назначается на должность и освобождается от должности акимом города Аксу в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      24. Полномочия первого руководителя государственного учреждения “Отдел земельных отношений города Аксу”:

      1) определяет обязанности и полномочия работников государственного учреждения “Отдел земельных отношений города Аксу”;

      2) назначает на должности и освобождает от должностей работников государственного учреждения “Отдел земельных отношений города Аксу” в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан;

      3) решает вопросы поощрения, оказания материальной помощи и наложения дисциплинарных взысканий на работников государственного учреждения “Отдел земельных отношений города Аксу”;

      4) издает приказы, дает указания, обязательные для всех работников государственного учреждения “Отдел земельных отношений города Аксу”;

      5) представляет государственное учреждение “Отдел земельных отношений города Аксу” во взаимоотношениях с государственными органами, иными организациями и учреждениями;

      6) противодействует коррупции и несет за это персональную ответственность;

      7) осуществляет личный прием граждан;

      8) осуществляет иные функции в пределах полномочий, предусмотренных действующим законодательством Республики Казахстан.

      Исполнение полномочий первого руководителя государственного учреждения “Отдел земельных отношений города Аксу” в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

      25. Взаимоотношения между государственным учреждением “Отдел земельных отношений города Аксу” и исполнительным органом, финансируемым из местного бюджета, уполномоченным на распоряжение городским коммунальным имуществом, регулируются действующим законодательством Республики Казахстан.

      26. Взаимоотношения между государственным учреждением “Отдел земельных отношений города Аксу” и местным исполнительным органом города регулируются действующим законодательством Республики Казахстан.

      27. Взаимоотношения между руководителем государственного учреждения “Отдел земельных отношений города Аксу” и трудовым коллективом определяются в соответствии с Трудовым кодексом Республики Казахстан и коллективным договором.

4. Имущество государственного учреждения
"Отдел земельных отношений города Аксу"

      28. Государственное учреждение “Отдел земельных отношений города Аксу” может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.

      Имущество государственного учреждения “Отдел земельных отношений города Аксу” формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      29. Имущество, закрепленное за государственным учреждением “Отдел земельных отношений города Аксу”, относится к коммунальной собственности.

      30. Государственное учреждение “Отдел земельных отношений города Аксу” не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение (ликвидация) государственного
учреждения "Отдел земельных отношений города Аксу"

      31. Реорганизация и упразднение (ликвидация) государственного учреждения “Отдел земельных отношений города Аксу” осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      32. При ликвидации государственного учреждения “Отдел земельных отношений города Аксу” имущество, оставшееся после удовлетворения требований кредиторов, остается в коммунальной собственности.

6. Перечень организаций, находящихся в ведении
государственного учреждения
"Отдел земельных отношений города Аксу"

      33. Организаций, находящихся в ведении государственного учреждения “Отдел земельных отношений города Аксу” не имеется.