Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Ақсу қалалық аумақтық инспекциясы басшысының ұсынысы негізінде, ірі қара малдан бруцеллез ауруы анықталуына байланысты, ШЕШІМ қабылдаймын:
1. Ақсу қаласы Евгеньевка селолық округінің "Сергей" шаруа қожалығы аумағында мал шаруашылығы саласы бойынша шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Ақсу қаласының ветеринария бөлімі" (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Ақсу қалалық аумақтық инспекциясы" (келісім бойынша) мемлекеттік мекемелері, Ақсу қаласы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі Ақсу қалалық басқармасы" (келісім бойынша) республикалық мемлекеттік мекемесі анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитарлық қолайлы жағдайға қолжеткізу үшін қажетті ветеринариялық-санитарлық іс-шаралар өткізсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен соң қолданысқа еңгізіледі.
Евгеньевка селолық | |
округінің әкімі | М. Дүйсенби |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
"Ақсу қаласының | |
ветеринария бөлімі" | |
мемлекеттік мекеменің | |
басшысы | В. Шанов |
2015 жылғы "20" ақпан | |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
"Ақсу қаласы бойынша | |
тұтынушылардың құқықтарын | |
қорғау бойынша Ақсу | |
қалалық басқармасы" | |
республикалық мемлекеттік | |
мекеменің басшысы | А. Жалелов |
2015 жылғы "20" ақпан | |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
"Қазақстан Республикасы | |
Ауылшаруашылығы министрлігінің | |
ветеринариялық бақылау және | |
қадағалау Комитетінің Ақсу | |
қалалық аумақтық | |
инспекциясы" мемлекеттік | |
мекеменің басшысы | Ғ. Батаев |
2015 жылғы "20" ақпан |