1. Ақсу қаласы Евгеньевка селолық округінің "Сергей" шаруа қожалығы аумағында мал шаруашылығы саласы бойынша шектеу іс-шаралары алынып тасталсын.
2. Ақсу қаласы Евгеньевка селолық округі әкімінің 2015 жылғы 20 ақпандағы "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1-09/03 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4316 болып тіркелген, 2015 жылғы 27 ақпанда № 8 "Ақсу жолы" және № 8 "Новый путь" газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Евгеньевка селолық округі | |
Әкімінің міндетін атқарушы | Б. Сукер |