"Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 374/4 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 19 мамырда № 4469 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2018 жылғы 23 қаңтардағы № 54/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 23.01.2018 № 54/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі:

      осы қаулының ресми жариялануын заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін;

      осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Екібастұз қаласының әкімі А. Вербняк

  Екібастұз қаласы әкімдігінің
2015 жылғы "10" сәуірдегі
№ 374/4 қаулысымен
бекітілген

"Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Екібастұз қаласының аумағында ауыл шаруашылығын дамыту саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      6. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
      8. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 141203, Екібастұз қаласы, Екібастұз қаласының 50 жылдығы көшесі, 10.
      10. Мемлекеттік мекеменің толық атауы:

      мемлекеттік тілде: "Екiбастұз қаласы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi;

      орыс тілінде: государственное учреждение "Отдел сельского хозяйства акимата города Экибастуза".

      11. "Екiбастұз қаласы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидасымен белгіленеді және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

      "Екiбастұз қаласы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі келесі тәртіпте белгіленеді: бес күндік жұмыс аптасында сағат 9.00-ден сағат 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.

      12. Мемлекет Екібастұз қаласының әкімдігі тұлғасында "Екiбастұз қаласы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
      13. Осы Ереже "Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      14. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      15. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен "Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджет кірісіне жіберіледі.

2. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің миссиясы, мақсаты, қызметінің мәні, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері

      16. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында тиімді мемлекеттік басқаруды және үйлестіруді қамтамасыз ету.
      17. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мақсаты агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік саясатты тиімді қалыптастыру және іске асыру жолымен бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіп кешенін құру болып табылады.
      18. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні ауыл шаруашылығының дамуына бағытталған мемлекеттік саясатты жүргізу және ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл болып табылады.
      19. Міндеттері:
      1) ауыл шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыру;
      2) нарықты, нарықтық инфрақұрылымды реттеу тетіктерін құруға және барлық ауыл шаруашылық тауар өндірушілері үшін қажетті экономикалық жағдайлар жасауға ықпал ету;
      3) ауыл шаруашылығы секторын дамытудың тұжырымдамасын әзірлеу және іске асыру, қарқынын талдау, оның болашағын болжау және анықтау;
      4) ауыл шаруашылығы секторында басқарудың маркетингтік жүйесін енгізу;
      5) ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу нысандарын ұйымдастыру үшін оңтайлы жағдай тудыру;
      6) техникалық және энергетикалық қамтамасыз ету, химиялау және ауыл шаруашылығын жабдықтау, мелиорация, ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне сервистік қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және жұмысты үйлестіру;
      7) ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу салалары өнімдерінің сапалылығына, өсімдіктердің, тұқымдардың карантиніне, асыл тұқымдылықтың қадағалануына, сондай-ақ машиналар мен құрал-жабдықтардың техникалық жай-күйіне, кешенді мелиоративтік құрылыстарды, еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік қағидаларына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      8) ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілетті өнімін азық-түлік базарларында көтерме бағамен сату жүйесін құру және дамыту, оның жыл бойы жеткізілуін қамтамасыз ету.
      20. Функциялары:
      1) ауыл шаруашылық құрылымдарының жылжуына мониторинг жүргізу және бақылауды жүзеге асыру, оларды құру және ұйымдастыру барысында барынша ыңғайлы жағдаймен қамтамасыз ету;
      2) өңірдің ауыл шаруашылығындағы өзін-өзі үнемі ақтамайтын шаруашылықтар мен кәсіпорындарды қаржылық-экономикалық сауықтыру (жақсарту) немесе тарату бойынша іс-шараларды жүзеге асыруға бағытталған бағдарламаларды орындау;
      3) меншік нысанындағы барлық шаруашылықтар мен Екібастұз өңірінің аграрлық секторындағы шаруашылық түрлері қызметінің ахуалына есеп жүргізуге, жедел, статистикалық және бухгалтерлік есептіліктің ұйымдастырылуы мен жетілдірілуіне ықпал ету;
      4) ауыл шаруашылығына қажетті тракторлар, комбайндар, автокөліктер, жабдықтар, ауыл шаруашылығына арналған машиналар, отын мен басқа да заңнамаға сәйкес материалды ресурстардың жобасын әзірлеу;
      5) ауыл шаруашылығының кадрлық әлеуетіне талдау жүргізу, оның мамандарға қажеттілігін болжау, кадрларды дайындау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау бойынша іс-шаралар әзірлеу, ауылдық округтердің әкімдерінің ұсыныстары бойынша ауыл шаруашылығы құрылымдарының резервін құру, оларды оқыту және резервтердің жылжуына бақылау жасау;
      6) ауыл шаруашылығы жүйесіндегі заңды тұлғаларға азаматтық және еңбек құқығы мәселелерінде кеңес беру;
      7) қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру;
      8) ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінен субсидиялаудың келесі бағдарламалары бойынша өтінімдер қабылдау:

      мал шаруашылығы өнімділігі мен өнім сапасын арттыру;

      асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту;

      көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге қажеттi жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдардың құны;

      қорғалған топырақ жағдайында өсірілетін, көкөніс дақылдары;

      тыңайтқыштарды (органикалықтарды қоспағанда) сатып алу шығындары;

      өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтер, биоагенттер (энтомофагтар) мен биопрепараттар құны;

      тұқым шаруашылығын қолдау;

      ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге су жіберу қызметінің құны;

      9) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру;
      10) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды сенімхат бойынша басқаратын адамдарды тіркеу;
      11) нөмірлік тіркеу белгілерін бере отырып, тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркелімдерді қоса алғанда, олардың тіркелімдерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды тіркеу, қайта тіркеу;
      12) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркелімдерді қоса алғанда, олардың тіркелімдерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу куәлік беру және тіркеу;
      13) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркелімдерді қоса алғанда, олардың тіркелімдерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарға жыл сайынғы арнайы мемлекеттік техникалық байқау өткізу;
      14) "Тракторларға және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркелімдерді қоса алғанда, олардың тіркелімдерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың болмауы (болуы) туралы ақпарат беру" мемлекеттік қызмет көрсету;
      15) жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өндіретін өнім көлемін ұлғайту бойынша ұсыныстар әзірлеу, қаланы ауыл шаруашылығы өнімімен өзіндік қамтамасыз ету және іске асыру мүмкіндігі мен әлеуетнің тиімді пайдаланылуына ықпал ету;
      16) ауыл шаруашылығы өндірісін қаржылық қамтамасыз ету ресурстарының қажеттілігін анықтау және оларды қалыптастыру көздері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар енгізу;
      17) ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының экономикалық жағдайын қарастыру, олардың қаржылық тұрақтылығын арттыру бойынша шаралар жүйесін әзірлеу;
      18) ауыл шаруашылығының және қайта өңдеу өнеркәсібі мен саяжай бағбандарының келешектегі жоспарлары мен даму болжамын әзірлеуге қатысу және бірыңғай техникалық саясатты жүргізу;
      19) ауыл шаруашылығы саласындағы реформаларды жетілдіру және тереңдету, шаруашылық жүргізудің түрлі нысындарын дамыту;
      20) қала тұрғындарының мұқтаждығы мен сыртқы базарларға жеткізілетін тапсырыстарды қанағаттандыру үшін ауыл шаруашылығы және балық өнімін өндіру мен қайта өңдеуді үдетуге ынталандыру бойынша кешенді шараларды жүзеге асыру;
      21) ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің мүдделерін қорғауға бағытталған қаржылық, несиелік және салық саясатын жүзеге асырып, ауыл шаруашылығының барлық салаларының қызметі үшін барынша жағдай тудыруды дамытуға ұсыныс жасау;
      22) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстар өткізу;
      23) Қазақстан Республикасының заңнамасымен "Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген басқа да қызметтерді жүзеге асыру.
      21. Құқықтары мен міндеттері:
      1) осы Ережемен қарастырылған өкілеттілікті іске асыру үшін заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардан қажетті ақпараттар, құжаттар мен өзге де материалдарды сұрату және алу;
      2) ауыл шаруашылығы саласын дамыту бағдарламаларын әзірлеу және іске асыруға қатысу;
      3) ауыл шаруашылығы мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу;
      4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес саладағы мамандардың мүдделерін қорғау;
      5) Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау;
      6) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

      "Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өкілеттіліктерін орындау үшін қаланың өзге де атқарушы органдарымен, ұйымдарымен және мекемелерімен өзара іс-қимылда болады.

3. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      22. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның фунцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      23. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Екібастұз қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      24. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) қызметкерлердің міндеттері мен өкілеттігін анықтайды;
      2) заңнамамен белгіленген тәртіпте қызметкерлерді мадақтайды және тәртіптік жаза қолданады;
      3) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
      4) "Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесін мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда ұсынады;
      5) "Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шара қолдануға дербес жауап береді;
      6) "Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесімен төлем өткізу, соның ішінде ақша алушылардың тиісті шоттарына төлемдер өткізу бойынша қазынашылық органдармен тоқсан сайын салыстырып тексеруді қамтамасыз етеді;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      "Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      25. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымының арасындағы өзара қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен және ұжымдық шартпен реттеледі.
      26. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен Екібастұз қаласы әкімдігі арасындағы өзара қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
      27. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен тиісті саласындағы уәкілетті органының арасындағы өзара қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

4. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      28. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      "Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      29. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
      30. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастыру және тарату

      31. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения о государственном учреждении "Отдел сельского хозяйства акимата города Экибастуза"

Постановление акимата города Экибастуза Павлодарской области от 10 апреля 2015 года № 374/4. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 19 мая 2015 года № 4469. Утратило силу постановлением акимата города Экибастуза Павлодарской области от 23 января 2018 года № 54/1 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Экибастуза Павлодарской области от 23.01.2018 № 54/1 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе", Указом Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года № 410 "Об утверждении Типового положения государственного органа Республики Казахстан", акимат города Экибастуза ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемое Положение о государственном учреждении "Отдел сельского хозяйства акимата города Экибастуза".

      2. Государственному учреждению "Отдел сельского хозяйства акимата города Экибастуза":

      обеспечить официальное опубликование настоящего постановления в установленном законодательством порядке;

      принять иные необходимые меры, вытекающие из настоящего постановления.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима города Экибастуза.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким города Экибастуза А. Вербняк

  Утверждено
постановлением акимата
города Экибастуза
от "10" апреля 2015 года
№ 374/4

Положение о государственном учреждении
"Отдел сельского хозяйства акимата города Экибастуза"

1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Отдел сельского хозяйства акимата города Экибастуза" является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере развития сельского хозяйства на территории города Экибастуза.
      2. Государственное учреждение "Отдел сельского хозяйства акимата города Экибастуза" ведомств не имеет.
      3. Государственное учреждение "Отдел сельского хозяйства акимата города Экибастуза" осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      4. Государственное учреждение "Отдел сельского хозяйства акимата города Экибастуза" является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печать и штамп со своим наименованием на государственном языке, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      5. Государственное учреждение "Отдел сельского хозяйства акимата города Экибастуза" вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      6. Государственное учреждение "Отдел сельского хозяйства акимата города Экибастуза" имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      7. Государственное учреждение "Отдел сельского хозяйства акимата города Экибастуза" по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя государственного учреждения "Отдел сельского хозяйства акимата города Экибастуза" и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      8. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения "Отдел сельского хозяйства акимата города Экибастуза" утверждаются в соответствии с действующим законодательством.
      9. Местонахождение государственного учреждения "Отдел сельского хозяйства акимата города Экибастуза": Республика Казахстан, Павлодарская область, 141203, город Экибастуз, улица 50-летия города Экибастуза, 10.
      10. Полное наименование государственного учреждения:

      на государственном языке: "Екiбастұз қаласы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi;

      на русском языке: государственное учреждение "Отдел сельского хозяйства акимата города Экибастуза".

      11. Режим работы государственного учреждения "Отдел сельского хозяйства акимата города Экибастуза" устанавливается правилами внутреннего трудового распорядка и не должен противоречить нормам трудового законодательства Республики Казахстан.

      Режим работы государственного учреждения "Отдел сельского хозяйства акимата города Экибастуза" устанавливается в следующем порядке: с 9.00 часов до 18.30 часов, перерыв на обед с 13.00 до 14.30 часов при пятидневной рабочей неделе, выходные дни: суббота, воскресенье.

      12. Учредителем государственного учреждения "Отдел сельского хозяйства акимата города Экибастуза" является государство в лице акимата города Экибастуза.
      13. Настоящее Положение является учредительным документом государственного учреждения "Отдел сельского хозяйства акимата города Экибастуза".
      14. Финансирование деятельности государственного учреждения "Отдел сельского хозяйства акимата города Экибастуза" осуществляется из местного бюджета.
      15. Государственному учреждению "Отдел сельского хозяйства акимата города Экибастуза" запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями государственного учреждения "Отдел сельского хозяйства акимата города Экибастуза".

      Если государственному учреждению "Отдел сельского хозяйства акимата города Экибастуза" законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

2. Миссия, цель, предмет деятельности, основные задачи, функции,
права и обязанности государственного учреждения
"Отдел сельского хозяйства акимата города Экибастуза"

      16. Миссия государственного учреждения "Отдел сельского хозяйства акимата города Экибастуза": обеспечение эффективного государственного управления и координации в целях реализации государственной политики в сфере сельского хозяйства.
      17. Целью государственного учреждения "Отдел сельского хозяйства акимата города Экибастуза" является создание конкурентноспособного агропромышленного комплекса путем эффективного формирования и реализации государственной политики в агропромышленном комплексе.
      18. Предметом деятельности государственного учреждения "Отдел сельского хозяйства акимата города Экибастуза" является проведение государственной политики, направленной на развитие сельского хозяйства, взаимодействие с государственными органами в сфере сельского хозяйства.
      19. Задачи:
      1) осуществление деятельности в сфере сельского хозяйства;
      2) содействие созданию механизма регулирования рынка, рыночной инфраструктуры и необходимых экономических условий для всех товаропроизводителей сельского хозяйства;
      3) разработка и реализация концепции развития сельскохозяйственного сектора, анализ тенденций, прогнозирование и определение его перспектив;
      4) внедрение маркетинговой системы управления в сельскохозяйственном секторе;
      5) создание оптимальных условий сельхозтоваропроизводителям в организации объектов по переработке сельхозпродукции;
      6) осуществление государственной политики и координации работ в области технического и энергетического обеспечения, химизации и сельскохозяйственного снабжения, мелиорации, сервисного обслуживания сельхозтоваропроизводителей;
      7) осуществление государственного контроля за качеством продукции сельского хозяйства и перерабатывающих отраслей, карантином растений, семян, исполнением племенного надзора, а также за техническим состоянием машин и оборудования, комплексного мелиоративного строительства, правил охраны труда и техники безопасности;
      8) создание и развитие системы оптовых продовольственных рынков сельскохозяйственной конкурентоспособной продукции, обеспечение круглогодичности ее поставок.
      20. Функции:
      1) проведение мониторинга и осуществление контроля в дислокации сельхозформирований, обеспечение оптимальных условий в ходе их создания и организации;
      2) выполнение программ, направленных на осуществление мероприятий по финансово-экономическому оздоровлению (санации) или ликвидации хронически убыточных хозяйств и предприятий сельского хозяйства региона;
      3) содействие в организации и совершенствовании учета, оперативной, статистической и бухгалтерской отчетности в условиях функционирования хозяйств всех форм собственности и видов хозяйствования в аграрном секторе Экибастузского региона;
      4) разработка прогнозов потребности сельского хозяйства в тракторах, комбайнах, автомобилях, оборудовании, сельхозмашинах, топливе и других материальных ресурсах в соотвествии с законодательством;
      5) анализ кадрового потенциала сельского хозяйства, прогноз его потребности в специалистах, разработка мероприятий по подготовке, повышению квалификации и переподготовке кадров, создание по предложению акимов сельских округов резерва руководителей сельхозформирований, их обучение и контроль за выдвижением резерва;
      6) оказание консультативной помощи юридическим лицам в системе сельского хозяйства в вопросах гражданского и трудового права;
      7) выдача справок о наличии подсобного хозяйства;
      8) принятие заявок от сельхозтоваропроизводителей по следующим программам субсидирования:

      повышения продуктивности и качества продукции животноводства;

      развития племенного животноводства;

      стоимости горюче-смазочных материалов и других товарно-материальных ценностей, необходимых для проведения весенне-полевых и уборочных работ;

      овощных культур, возделываемых в условиях защищенного грунта;

      затрат на приобретение удобрений (за исключением органических);

      стоимости гербицидов, биоагентов (энтомофагов) и биопрепаратов, предназначенных для обработки сельскохозяйственных культур в целях защиты растений;

      поддержки семеноводства;

      стоимости услуг по подаче воды сельскохозяйственным товаропроизводителям;

      9) выдача удостоверений на право управления тракторами и изготовленными на их базе самоходными шасси и механизмами, самоходными сельскохозяйственными, мелиоративными и дорожно-строительными машинами и механизмами, а также специальными машинами повышенной проходимости;
      10) регистрация лиц, управляющих тракторами и изготовленными на их базе самоходными шасси и механизмами, самоходными сельскохозяйственными, мелиоративными и дорожно-строительными машинами и механизмами, а также специальными машинами повышенной проходимости по доверенности;
      11) регистрация, перерегистрация тракторов и изготовленных на их базе самоходных шасси и механизмов, прицепов к ним, включая прицепы со смонтированным специальным оборудованием, самоходных сельскохозяйственных, мелиоративных и дорожно-строительных машин и механизмов, а также специальных машин повышенной проходимости с выдачей регистрационных номерных знаков;
      12) регистрация и выдача свидетельства о государственной регистрации залога тракторов и изготовленных на их базе самоходных шасси и механизмов, прицепов к ним, включая прицепы со смонтированным специальным оборудованием, самоходных, сельскохозяйственных, мелиоративных и дорожно-строительных машин и механизмов, а также специальных машин повышенной проходимости;
      13) проведение ежегодного государственного технического осмотра тракторов и изготовленных на их базе самоходных шасси и механизмов, прицепов к ним, включая прицепы со смонтированным специальным оборудованием, самоходных сельскохозяйственных, мелиоративных и дорожно-строительных машин и механизмов, а также специальных машин повышенной проходимости;
      14) оказание государственной услуги "Представление информации об отсутствии (наличии) обременений тракторов и изготовленных на их базе самоходных шасси и механизмов, прицепов к ним, включая прицепы со смонтированным специальным оборудованием, самоходных сельскохозяйственных, мелиоративных и дорожно-строительных машин и механизмов, а также специальных машин повышенной проходимости";
      15) разработка предложений и рекомендаций по наращиванию объемов производства продукции местных сельхозтоваропроизводителей, оказание содействия рациональному использованию производственного потенциала и возможностей города в самообеспечении и реализации сельхозпродукции;
      16) определение потребностей в ресурсах финансового обеспечения сельхозпроизводства и внесение предложений и рекомендаций по источникам их формирования;
      17) рассмотрение экономического состояния сельхозпредприятий, выработка систем мер по повышению их финансовой устойчивости;
      18) участие в разработке перспективных планов и прогнозов развития сельского хозяйства и перерабатывающей промышленности, дачных садоводств и проведение единой технической политики;
      19) совершенствование и углубление реформ в сельском хозяйстве, развитие разнообразных форм хозяйствования;
      20) осуществление комплексных мер по стимулированию наращивания производства и переработки сельскохозяйственной, рыбной продукции для удовлетворения потребностей города и поставок ее на внешний рынок;
      21) внесение предложений по осуществлению финансовой, кредитной, налоговой политики, направленной на защиту интересов сельскохозяйственных товаропроизводителей, на создание оптимальных условий для деятельности всех отраслей сельского хозяйства;
      22) проведение конкурсов по государственным закупкам товаров, работ и услуг, в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан;
      23) осуществление других функций, возложенных на государственное учреждение "Отдел сельского хозяйства акимата города Экибастуза" законодательством Республики Казахстан.
      21. Права и обязанности:
      1) для реализации предусмотренных настоящим Положением полномочий имеет право в установленном законодательством порядке запрашивать и получать необходимую информацию, документы и иные материалы от государственных органов и иных организаций;
      2) участвовать в разработке и реализации программ развития сельского хозяйства;
      3) участвовать в разработке проектов нормативных правовых актов, регулирующих вопросы сельского хозяйства;
      4) защищать интересы работников отрасли в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан;
      5) рассматривать дела об административных правонарушениях согласно Кодекса Республики Казахстан от 5 июля 2014 года "Об административных правонарушениях";
      6) осуществлять иные права и обязанности в соответствии с действующим законодательством.

      Для выполнения полномочий государственное учреждение "Отдел сельского хозяйства акимата города Экибастуза" взаимодействует с другими исполнительными органами, организациями и учреждениями города.

3. Организация деятельности государственного учреждения
"Отдел сельского хозяйства акимата города Экибастуза"

      22. Руководство государственным учреждением "Отдел сельского хозяйства акимата города Экибастуза" осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение "Отдел сельского хозяйства акимата города Экибастуза" задач и осуществление им своих функций.
      23. Первый руководитель государственного учреждения "Отдел сельского хозяйства акимата города Экибастуза" назначается на должность и освобождается от должности акимом города Экибастуза в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      24. Полномочия первого руководителя государственного учреждения "Отдел сельского хозяйства акимата города Экибастуза":
      1) определяет обязанности и полномочия работников;
      2) поощряет и налагает дисциплинарные взыскания на сотрудников в установленном законодательством порядке;
      3) издает приказы и дает указания, обязательные для всех работников;
      4) представляет государственное учреждение "Отдел сельского хозяйства акимата города Экибастуза" в государственных органах, иных организациях;
      5) принимает меры, направленные на противодействие коррупции в государственном учреждении "Отдел сельского хозяйства акимата города Экибастуза" и несет персональную ответственность за принятие антикоррупционных мер;
      6) обеспечивает ежеквартальную сверку с органами казначейства по проведению платежей государственным учреждением "Отдел сельского хозяйства акимата города Экибастуза", в том числе на соответствующие счета получателей денег;
      7) осуществляет иные полномочия в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      Исполнение полномочий первого руководителя государственного учреждения "Отдел сельского хозяйства акимата города Экибастуза" в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

      25. Взаимоотношения между администрацией государственного учреждения "Отдел сельского хозяйства акимата города Экибастуза" и трудовым коллективом регулируются действующим законодательством Республики Казахстан и коллективным договором.
      26. Взаимоотношения между государственным учреждением "Отдел сельского хозяйства акимата города Экибастуза" и акиматом города Экибастуза регулируются действующим законодательством Республики Казахстан.
      27. Взаимоотношения между государственным учреждением "Отдел сельского хозяйства акимата города Экибастуза" и уполномоченным органом соответствующей отрасли регулируются действующим законодательством Республики Казахстан.

4. Имущество государственного учреждения
"Отдел сельского хозяйства акимата города Экибастуза"

      28. Государственное учреждение "Отдел сельского хозяйства акимата города Экибастуза" может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.

      Имущество государственного учреждения "Отдел сельского хозяйства акимата города Экибастуза" формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества, приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      29. Имущество, закрепленное за государственным учреждением "Отдел сельского хозяйства акимата города Экибастуза", относится к районной коммунальной собственности.

      30. Государственное учреждение "Отдел сельского хозяйства акимата города Экибастуза" не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение государственного учреждения
"Отдел сельского хозяйства акимата города Экибастуза"

      31. Реорганизация и упразднение государственного учреждения "Отдел сельского хозяйства акимата города Экибастуза" осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.