Ақтоғай аудандық мәслихатының (V шақырылған, XXVII (кезектен тыс), сессиясы) 2014 жылғы 20 ақпандағы "Ақтоғай ауданының әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелген санаттарының тізбесін анықтау ережелерін бекіту туралы" № 106/27 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 ақпандағы № 171/40 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 12 наурызда № 4352 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 шілдедегі N 30/5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 20.07.2016 N 30/5 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес, Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 20 ақпандағы "Ақтоғай ауданының әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерін белгілеу және мұтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін анықтау ережелерін бекіту туралы" № 106/27 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылдың 18 наурызында № 3732 тіркелген, 2014 жылдың 5 сәуірінде "Ауыл тынысы" газетінің № 13, "Пульс села" газетінің № 13 жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      осы аталған шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және Ақтоғай ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін анықтау ережелерінде:
      9-тармағы 6) тармақшаның бесінші абзацы "мүгедек балаларды үйде тәрбиелейтін және оқытатын отбасылары;" сөздері "мүгедек балаларды үйде оқытатын отбасылары;" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9-тармағы 9) тармақшаның төртінші абзацы "кірісі азық-түлік себеті мөлшерінен аспайтын 12 аптаға дейін аудандық ауруханаға жүктілігі бойынша тіркеуге тұру үшін жүгінген жүкті әйелдер;" сөздері "кірісі күнкөріс шегі мөлшерінен аспайтын 12 аптаға дейін емдеу мекемесіне жүктілігі бойынша тіркеуге тұру үшін жүгінген жүкті әйелдер;" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9-тармағы 10) тармақша "адамның иммунотапшылығы қоздырғышын тасымалдаушы және адамның иммунотапшылығы қоздырғышынан туындаған аурудан зардап шегуші тұлғалар" деген абзацпен толықтырылсын;
      10-тармағы 2) тармақшадағы екінші абзац алынып тасталсын;
      10-тармағы 2) тармақша "осы Ереженің 9-тармағы 10) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген санаттар үшін осы Ереженің 15-тармағы 1), 2) тармақшасында көрсетілген құжаттармен бірге науқастың Павлодар облысы "Павлодар облыстық ЖҚТБ-нің (жұқтырған қорғаныш тапшылығы белгісінің) алдын алу және күресу жөніндегі орталығы" мемлекеттік мекемесінде есепке тұрғаны жөнінде медициналық анықтамасы, жеке өтінішінің негізінде – 10 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек;" деген абзацпен толықтырылсын;
      11-тармағы 2) тармақшадағы бесінші абзац алынып тасталсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтоғай аудандық мәслихатының бюджеттік саясат және аумақтың экономикалық дамуы жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы К. Саржанов
      Мәслихат хатшысы Т. Мұқанов

О внесении изменений и дополнений в решение Актогайского районного маслихата (XXVII (внеочередная сессия), V созыв) от 20 февраля 2014 года № 106/27 "Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Актогайского района"

Решение маслихата Актогайского района Павлодарской области от 23 февраля 2015 года № 171/40. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 12 марта 2015 года № 4352. Утратило силу решением маслихата Актогайского района Павлодарской области от 20 июля 2016 года N 30/5

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Актогайского района Павлодарской области от 20.07.2016 N 30/5.
      В соответствии с пунктом 2-3 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" от 23 января 2001 года, Постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан", Актогайский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Внести в решение Актогайского районного маслихата от 20 февраля 2014 года № 106/27 "Об утверждении оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Актогайского района" (зарегистрированное в государственном Реестре нормативных правовых актов 18 марта 2014 года № 3732, опубликованное 5 апреля 2014 года в газетах "Ауыл тынысы" № 13, "Пульс села" № 13), следующие изменения и дополнения:
      в правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Актогайского района, утвержденных указанным решением:
      в абзаце пятом подпункта 6) пункта 9 слова "семьи, воспитывающие и обучающие на дому детей-инвалилов;" заменить словами "семьи, обучающие на дому детей-инвалидов;";
      в абзаце четвертом подпункта 9) пункта 9 слова "беременные женщины, со среднедушевым доходом семьи, не превышающим продовольственной корзины, своевременно обратившиеся в районную больницу для постановки на учет по беременности до 12 недель;" заменить словами "беременные женщины, со среднедушевым доходом семьи, не превышающим прожиточного минимума, своевременно обратившиеся в районную больницу для постановки на учет по беременности до 12 недель;";
      подпункт 10) пункта 9 дополнить абзацем "лица, страдающие заболеванием вызванным вирусом иммунодефицита человека и носителя вируса иммунодефицита человека.";
      в подпункте 2) пункта 10 абзац второй исключить;
      подпункт 2) пункта 10 дополнить абзацем "для категорий, указанной в абзаце четвертом подпункта 10) пункта 9 настоящих Правил, социальная помощь в размере 10 МРП – на основании заявления, с приложением документов указанных в подпунктах 1), 2) пункта 15 настоящих Правил, справка о нахождении больного на учете в государственном учреждении "Павлодарский областной центр по профилактике и борьбе со СПИД-ом (синдром приобретенного иммунодефицита)";
      в подпункте 2) пункта 11 абзац пятый исключить.
      2. Контроль за выполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию Актогайского районного маслихата по бюджетной политике и экономического развития региона.
      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования.
      Председатель сессии К. Саржанов
      Секретарь маслихата Т. Муканов