Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 20.06.2017 № 145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген "Ақтоғай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
2. "Ақтоғай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы заңнамамен белгіленген тәртіпте Ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткізуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына міндеттелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | С. Батырғұжинов |
Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы "28" мамырдағы № 153 қаулысымен бекітілді |
"Ақтоғай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Ақтоғай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі Ақтоғай ауданының аумағында стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Ақтоғай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. "Ақтоғай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Ақтоғай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Ақтоғай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Ақтоғай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Ақтоғай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Ақтоғай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Ақтоғай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. "Ақтоғай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан мекен - жайы: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140200, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Абай көшесі, 75.
10. Мемлекеттік мекеменің толық атауы - "Ақтоғай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі, государственное учреждение "Отдел экономики и бюджетного планирования Актогайского района".
11. "Ақтоғай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидалармен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
"Ақтоғай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі келесі тәртіпте құрылады: сағат 9.00-18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00–14.30-ға дейін, аптасына бес жұмыс күн, демалыс күндері: сенбі-жексенбі.
12. Мемлекет Ақтоғай ауданының әкімдігі тұлғасында "Ақтоғай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
13. Осы Ереже "Ақтоғай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
14. "Ақтоғай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
15. "Ақтоғай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Ақтоғай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
2. "Ақтоғай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің миссиясы, мақсаты, қызметінің мәні, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері
16. "Ақтоғай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: аудан халқының өмір сүру деңгейін арттыру мақсатында, экономика және бюджеттік жоспарлау саласындағы мемлекеттік саясатты аудан деңгейінде жүзеге асыру болып табылады.
17. "Ақтоғай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мақсаты Ақтоғай ауданында мемлекеттік экономикалық саясатты іске асыру және мемлекеттік жоспарлау саласын дамыту болып табылады.
18. "Ақтоғай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні ауданның экономика және бюджеттік жоспарлау саласындағы мемлекеттік саясатты аудан деңгейінде жүзеге асыру болып табылады.
19. Негізгі міндеттері:
1) экономика және бюджеттік жоспарлау жүйесін қалыптастыру және жаңғырту;
2) Ақтоғай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарының стратегиялық мақсаттар мен басымдықтар қалыптастыру;
3) Ақтоғай ауданының бюджеттік және инвестиция саясатын қалыптастыру;
4) тұрақты экономикалық өсудің қол жеткізуіне және тұрғындардың өмір деңгейінің жақсаруына септігін тигізетін әлеуметтік-экономикалық саясатты жүзеге асыру;
5) ауданның жергілікті мемлекеттік басқарудың тиімді құрамын қалыптастыру.
20. Функциялары:
1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен әзірлейтін бюджеттік бағдарламаларын келісімдейді;
2) шығыстардың бағыттары мен оларды аудан бюджеттен қаржыландырудың ең төмен көлемдерін айқындайды;
3) жалпы сипаттағы трансферттер көлемін айқындайды;
4) ауданның әлеуметтік–экономикалық даму болжамын әзірлейді;
5) жылсайын облыстың әлеуметтік-экономикалық даму жобасын еске алып жоспарланған мерзімге жергілікті бюджетті әзірлейді;
6) жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді болжамдайды;
7) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар жоспарлы кезеңге облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының, жергілікті бюджеттердің болжамды көрсеткіштері, бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттары, тиісті бюджет тапшылығының мөлшері негізінде айқындайды;
8) Ақтоғай ауданы әкімдігінің атқарушы органдарының есепті қаржы жылындағы бюджеттің атқарылуын талдаудың және бюджет қаражатын басқару жөніндегі және қызметінің тиімділігін бағалаудың нәтижелерін ескере отырып, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерінің олардың Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, аумақтарды дамыту бағдарламалардың көрсеткіштеріне сәйкес келуі тұрғысынан қарайды;
9) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, бюджеттік бағдарламалары жобаларын бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің функцияларына, уәкілеттілігіне, қызметінің бағыттарына сәйкес келуі тұрғысынан қарайды;
10) ауданның бюджет жобасын жасайды және оны ауданның бюджеттік комиссиясының қарауына енгізеді;
11) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюжеттік инвестициялық жобаларын қарайды және бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне олар бойынша экономикалық қорытынды жібереді;
12) мониторинг жасайды және жергілікті бюджеттің инвестициялық жобаларын бағалауды іске асырады;
13) бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есеп құрастырады;
14) ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсынады;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, қызметтік құжаттарын қарауды қамтамасыз етеді;
16) мемлекеттік тілдің жаппай қолдануына бағытталған шараларды қабылдайды;
17) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
21. Құқықтары мен міндеттері:
1) ауданның әлеуметтік–экономикалық даму мониторингіне бақылау жасайды;
2) аудан әкімі, әкімдігі және жоғары сатыдағы ұйымдарының қарастыруына экономика және бюджет жоспарлау саласындағы дамудың негізгі бағыттары, мәселелерді жедел шешу жөніндегі ұсыныстарды енгізу;
3) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдарынан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан және өзге де ұйымдарынан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрау және алу;
4) мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету;
5) "Ақтоғай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелері бойынша мәжілістерді өткізу;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
"Ақтоғай ауданының экономика және бюджеттік бөлімі" мемлекеттік мекемесі өкілеттіліктерін орындау үшін ауданның өзге де атқарушы органдарымен және кәсіпорындарымен өзара әрекеттеседі.
3. "Ақтоғай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
22. "Ақтоғай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Ақтоғай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.
23. "Ақтоғай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес аудан әкімімен қызметіне тағайындалады және қызметінен босатылады.
24. "Ақтоғай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.
25. "Ақтоғай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
1) "Ақтоғай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені аудан әкімдігінің бекітуіне ұсынады;
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Ақтоғай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) "Ақтоғай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі барлық қызметкерлерімен орындалуы міндетті өз құзыретіне кіретін мәселелері бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
4) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады;
5) қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте "Ақтоғай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелеуді, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;
7) "Ақтоғай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің келешектегі және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;
8) барлық мемлекеттік органдарда және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Ақтоғай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
9) өз өкілеттігі шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға міндетті және бағыныштыларының Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылады.
"Ақтоғай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
26. "Ақтоғай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен еңбек ұжымының арасындағы қарым-қатынастары Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес белгіленеді.
27. "Ақтоғай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық мүлікті басқару бойынша уәкілетті органының (аудан әкімдігі атқарушы органы) арасындағы өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамамен реттеледі.
28. "Ақтоғай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен тиісті саласындағы уәкілетті органының арасындағы қарым-қатынастары қолданыстағы заңнамамен реттеледі.
4. "Ақтоғай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің мүлкі
29. "Ақтоғай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшаулаған мүлкі болу мүмкін.
30. "Ақтоғай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлкі және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырады.
31. "Ақтоғай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
32. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ақтоғай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілімен билік етуге құқығы жоқ.
5. "Ақтоғай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату)
33. "Ақтоғай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және қысқарту Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
34. "Ақтоғай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекеменің таратылған кезде кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншікте қалады.