Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғаныс туралы" Заңының 4-бабының 5-тармағы 3) тармақшасына және 48-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" № 756 қаулысына сәйкес ШЕШІМ қабылдаймын:
1. Баянауыл ауданының Майқайың кентінде және Сәтбаев, Күркелі, Құндыкөл, Қызылтау, Жаңажол, Жаңатілек, Қаратомар, Бірлік, Ұзынбұлақ ауылдық округтерінде табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Азаматтық қорғаныс мемлекеттік жүйесінің аудандық аумақтық кіші жүйесі қызметінің төтенше жағдай тәртібі енгізілсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.И. Даулетқалиевке жүктелсін.
4. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланғаннан кейін бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Н. Күлжан |