Баянауыл ауданы әкімінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі "Баянауыл ауданы аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" № 04 шешімі күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Баянауыл ауданы әкімінің 2015 жылғы 11 тамыздағы № 15 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасының "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 8-бабы 3-тармағына сәйкес және ауданда табиғи сипаттағы төтенше жағдайдын аяқталуына байланысты, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙМЫН:
      1. Баянауыл ауданы әкімінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі "Баянауыл ауданы аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" № 04 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 4418 тіркелген, 2015 жылғы 13 сәуірдегі "Баянтау" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Қ.Қ. Әбілғазинге жүктелсін.
      Аудан әкімі Н. Күлжан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады