Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 387-бабының 1-1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес, Железинка аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Павлодар облысы Железин ауданының Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне жер салығының мөлшерлемесі 7 (жеті) есе жоғарылатылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Железинка аудандық мәслихатының аграрлық мәселелер және экология бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | Ж. Балтабаев |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | В. Крутиков |