Железинка аудандық мәслихатының 2015 жылғы 12 қазандағы "Павлодар облысы Железин ауданының Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы" № 326-5/41 шешімінің күшін жою туралы

Жаңа

Павлодар облысы Железинка аудандық мәслихатының 2016 жылғы 16 ақпандағы № 355-5/48 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабы 5-тармағына сәйкес және Павлодар облысы Әділет департаментінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 8-12/208 хаты негізінде Железинка аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Железинка аудандық мәслихатының бұрын қабылданған 2015 жылғы 12 қазандағы "Павлодар облысы Железин ауданының Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы" № 326-5/41 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 11 қазандағы № 4781 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 қазандағы аудандық "Родные просторы" және "Туған өлке" № 45 газеттерініңде жарияланған).
      2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы С. Кантарбаев
      Аудандық
      мәслихаттың хатшысы В. Крутиков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады