Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару" туралы Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабына сәйкес, "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Железин аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 1-13/139 ұсынысы негізінде ШЕШІМ қабылдаймын:
1. Железин ауданы Қазақстан селолық округінің Жаңа жұлдыз ауылында кадастрлық номері № 14-206-016-364, алаңы 174,6 ш.м. "Бакауов" шаруа қожалығына тиесілі жер учаскесінің аумағында ауыл шаруашылық жануарларының лейкозбен ауру фактісі бойынша шектеу белгіленсін.
2. "Железин ауданының ветеринария бөлімі", "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Железин аудандық аумақтық инспекциясы" (келісім бойынша), "Тұтынушылардың құқығын қорғау бойынша Железин аудандық басқармасы" (келісім бойынша) мемлекеттік мекемелеріне анықталған ошақта ветеринарлық-санитарлық саулық жағдайына қол жеткізу үшін қажетті ветеринарлық-санитарлық іс-шараларды өткізу ұсынылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Селолық округ әкімі | З. Оразакова |
КЕЛІСІЛДІ | |
"Железин ауданың | |
ветеринария бөлімі" | |
мемлекеттік мекемесінің басшысы | Б. Кантарбаев |
"31" шілде 2015 жыл | |
КЕЛІСІЛДІ | |
"Қазақстан Республикасының | |
Ауыл шаруашылығы министрлігінің | |
Ветеринарлық бақылау және қадағалау | |
комитетінің Железин аудандық | |
аумақтық инспекциясы" | М. Балина |
"31" шілде 2015 жыл | |
КЕЛІСІЛДІ | |
"Тұтынушылардың құқығын | |
қорғау бойынша Железин | |
аудандық басқармасы" | М. Байжумартов |
"31" шілде 2015 жыл |