Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1)-тармақшасына сәйкес Ертіс ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ертіс ауданы бойынша 2015 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Осы қаулының орындауын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің | |
міндетін атқарушы | Б. Шәріпов |
Ертіс ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 4 наурыздағы 68/3 қаулысына қосымша |
Ертіс ауданы бойынша 2015 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға
мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру
және ата-ананың ақы төлеу мөлшері
№ | Атауы | Мемлекеттік білім беретін тапсырыс орындары | Мемлекеттік қаржыландырудың айлық өлшемі,теңге | Ата-аналардың айлық төлем ақысы, теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | Ертіс ауданы әкімдігінің Ертіс ауданы білім бөлімінің "№ 1 балабақшасы" Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | 75 (жергілікті бюджет) | 20491 теңге | 2 жастан 7 жасқа дейін- 5300 теңге |
2. | Ертіс ауданы әкімдігінің Ертіс ауданы білім бөлімінің "№ 2 балабақшасы" Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | 100 (жергілікті бюджет) | 26508 теңге | 2 жастан 7 жасқа дейін- - 5500 теңге |
3. | Ертіс ауданы әкімдігінің Ертіс ауданы білім бөлімінің "Жұлдыз балабақшасы" Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 75 (жергілікті бюджет) | 28144 теңге | 2 жастан 7 жасқа дейін- - 4600 теңге |
4. | Ертіс ауданы әкімдігінің Ертіс ауданы білім бөлімінің "Айгөлек балабақшасы" Коммуналдық мемлекеттік қазынашылық мекемесі | 50 (жергілікті бюджет) | 19846 теңге | 2 жастан 7 жасқа дейін- -4000 теңге |
5. | "Раиса" балабақшасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 120 (республикалық бюджет) | 19130 теңге | 1 жастан 7 жасқа дейін- - 6000 теңге |