Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Ертіс аудандық ветеринарлық-санитарлық мемлекеттік бас инспекторының ұсынымы негізінде, Қызылжар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Ертіс ауданы Қызылжар ауылдық округінің Қызылжар ауылының аумағында орналасқан "Ертіс" тәжірибе шаруашылығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің малшаруашылық кешенің № 13 және № 14 сиыр қоралары аумағында ірі-қара мал лейкозының анықталуына байланысты, шектеу шараларымен бірге ветеринарлық режим тағайындалсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қызылжар ауылдық округінің әкімі | Т. Жакупов |
КЕЛІСІЛДІ: | |
Ауыл шаруашылық министрлігінің | |
ветеринарлық бақылау және қадағалау | |
комитетінің Ертіс аудандық аумақтық | |
инспекциясының басшысы | Е. Кәрімжанов |
2015 жылғы 14 қазан |