Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Качир аудандық әкімдігінің 22.08.2017 № 238/7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Мемлекеттік органының Үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес Качир ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Качир ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже (бұдан әрі – Ереже) бекітілсін.
2. "Качир ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте Ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткізуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің м.а. | А. Балғабаев |
Качир ауданы әкімдігінің 2015 жылғы "11" наурыздағы № 48/2 қаулысымен бекітілді |
"Качир ауданы әкімінің аппараты"
мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Качир ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Качир ауданының аумағында жергілікті басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Качир ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. "Качир ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Качир ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. "Качир ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Качир ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Качир ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Качир ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Качир ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. "Качир ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140000, Качир ауданы, Тереңкөл ауылы, Елгин көшесі, 172.
10. Мемлекеттік органның мемлекеттік тілдегі толық атауы: "Качир ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: государственное учреждение "Аппарат акима Качирского района".
11. "Качир ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидасымен белгіленеді және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
"Качир ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі келесі тәртіпте белгіленеді: сағат 9.00 – 18.30-ға, түскі үзіліс сағат 13.00 – 14.30-ға, аптасына бес жұмыс күн, демалыс күндері: сенбі-жексенбі.
12. Мемлекет Качир ауданының әкімдігі тұлғасында "Качир ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
13. Осы Ереже "Качир ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
14. "Качир ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін каржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
15. "Качир ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Качир ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
2. "Качир ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің
миссиясы, мақсаты, қызметінің мәні, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері
16. "Качир ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Качир ауданының аумағында мемлекеттік саясатты жүргізу.
17. "Качир ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мақсаты Качир ауданының аумағында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша аудан әкімінің қызметін қамтамасыз ету болып табылады.
18. "Качир ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні аудан әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету болып табылады.
19. Негізгі міндеттері:
1) мемлекеттік егемендікті, конституциялық құрылысты қорғау және нығайту, Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын жүзеге асыру;
2) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамыту стратегиясын іске асыру, ауданда мемлекеттік, әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру және әлеуметтік пен экономикалық үдерістерді басқаруды қамтамасыз ету;
3) заңдылықты және құқықтық тәртіпті нығайту, азаматтардың құқықтық таным деңгейін арттыру және елдің қоғамдық-саяси өмірінде олардың белсене азаматтық көзқарас ұстануы бойынша шараларды жүзеге асыру;
4) қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықтың, экономикалық дамытудың, қазақстандық патриотизмнің конституциялық принциптерін іске асыруға, қолдау көрсету өңірдің неғұрлым маңызды мәселелерін шешуге демократиялық әдістермен жәрдемдесу;
5) ауданның жергілікті атқарушы органдарының қызметін үйлестіру және басқару жолымен аудан аумағында мемлекеттік саясатты жүргізу.
20. Функциялары:
1) ішкі саяси жағдайға, ауданның мемлекеттік органдары мен лауазымды тұлғалардың жұмысына талдау жүргізеді, қоғамдық пікірді зерделейді, саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайының дамытуды болжамдайды, қоғамдық маңызы бар мәселелері бойынша ұсыныстарды әзірлейді;
2) ақпараттарды жинау, өңдеуді жүзеге асырады және аудан әкімін ішкі саясат мәселелері бойынша ақпараттық-талдамалы материалдарымен қамтамасыз етеді;
3) аудан әкімінің өкілетті және атқарушы биліктегі жергілікті органдарымен ұйымдастырушылық және ақпараттық байланысын жүзеге асырады;
4) аудан әкімінің өкілеттік және атқарушы ауылдық округ әкімдерімен өзара әрекетін қамтамасыз етеді;
5) тұрғындар алдында есеп беру кездесулерінің қорытындылары бойынша оларды іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын қайта өңдеу үшін ескертулер мен ұсыныстарды жинауды ұйымдастырады;
6) есеп беру кездесулерінде айтылған ескертулер мен ұсыныстарды жүзеге асыру бойынша іс-шаралар мониторингін орындауды іске асырады;
7) аудандық атқарушы органдарының бақылаудағы құжаттарын толық және уақытында орындалуына талдау жүргізеді;
8) сайлау процестерін жүргізу кезеңінде аудан әкімінің барлық құрылымдарымен қарым-қатынасты қамтамасыз ету;
9) электоральды кезеңде түсіндіру жұмыстарын жүргізуге көмек көрсету;
10) аудан әкімі мен әкімдігінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуін жүзеге асырады;
11) аудан әкімінің сайты және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы аудан әкімінің жұртшылықпен байланыс орнатуын және тұрақты дамытуын қамтамасыз етеді;
12) мемлекеттік тілдің жаппай қолдануына бағытталған шараларды қабылдайды;
13) аудандық бағдарламаларды әзірлеуге қатысады және аудандық пен облыстық бағдарламалардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
14) жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауын ұйымдастырады;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, қызметтік хат-хабар алмасуын қарауды қамтамасыз етеді;
16) аудан әкімі мен әкімдігінің құжаттамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
17) аудан әкімдігі мен әкімінің актілерін тіркеуді жүргізу, "Качир ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде іс жүргізуді ұйымдастырады;
18) аудан әкімдігімен және әкімімен шығарылатын нормативтік құқықтық актілердің түпнұсқауларын ресімдеу, шығару және сақтауды қамтамасыз етеді;
19) отырыстар мен мәжілістердің хаттамаларды тиісті ресімдеу және сақтауды жүзеге асырады;
20) "Качир ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеменің құрылымдық бөлімшелердің индекстерін және жиынтық іс номенклатурасын жасайды;
21) мұрағатқа тапсыруға жататын істерді дұрыс қалыптастыру, ресімдеу және сақтауға бақылауды қамтамасыз етеді;
22) мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын орындауын, мемлекеттік қызметте болуына байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз етеді;
23) Качир ауданы әкімдігі атқарушы органдарының персоналды басқарудың біртұтас жүйені қалыптастыруды жүзеге асырады;
24) мемлекеттік органдардағы персоналды басқарудың біртұтас жүйесінің шеңберінде мемлекеттік қызмет өткеруді қамтамасыз етеді;
25) мемлекеттік органдарда корпоративті мәдениеттің қалыптасуын және жағымды әлеуметтік-психологиялық еңбек климаттың дамуын қамтамасыз етеді;
26) кадр жұмысы мен мемлекеттік қызметтің жай-күйіне, кадр резервін қалыптастыруына, Качир ауданы әкімдігі атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілерінің кәсіби даярлығының деңгейіне талдау жасайды;
27) лауазымға тағайындау және лауазымнан босату кезінде материалдарды ресімдейді, аудан әкімімен тағайындайтын және келісімдейтін лауазымды тұлғалардың мемлекеттік қызметті өткеруімен байланысты өзге де мәселелерді шешеді, олардың жеке істерін жүргізеді;
28) Качир ауданы әкімдігі атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілерін кәсіби қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
29) Качир ауданы әкімдігі атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілерінің аттестаттауын өткізеді;
30) аудан азаматтарын Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен, Құрмет грамоталарымен марапаттау, құрметті атақтарды беру, аудан әкімінің мадақтауларымен көтермелеуге байланысты қажетті материалдарды дайындайды, наградаларды жою, наградаларға құқықтарды қайта қалпына келтіру, наградалық мәселелер бойынша телнұсқауларын беру мәселелері бойынша құжаттарды қарайды және ұсыныстарды енгізеді;
31) бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасу бойынша конкурстарды өткізуді ұйымдастырады;
32) әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарды әзірлейді;
33) қызмет көрсетуші және техникалық персоналмен жеке еңбек шарттарын ресімдейді;
34) мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуын қамтамасыз етеді, оларды көтермелеу және ынталандыру бойынша ұсыныстарды енгізеді;
35) аудан әкімдігі мен әкімі қызметінің құқықтық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;
36) аудан әкімдігі мен әкімінің құқықтық және нормативтік құқықтық актілеріне құқықтық сараптаманы жүзеге асырады;
37) мемлекеттік қызметшілерге олардың құқықтық жағдайы мәселелері бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді;
38) Качир ауданы әкімдігі атқарушы органдарымен мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы бойынша мониторинг жүзеге асырады;
39) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетудің қол жетімділігін және сапалылығын қамтамасыз етеді;
40) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен азаматтық хал актілерін тіркеуді жүзеге асырады және тіркеу туралы мәліметтерді Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқорға енгізеді;
41) наразылық-талап жұмысын, прокурорлық ден қою актілерімен жұмыс атқаруды ұйымдастырады;
42) нормативтік құқықтық актілердің мониторингін жүзеге асырады;
43) құпиялылық режімді сақтауды қамтамасыз етеді, аудан әкімімен тағайындалатын лауазымды тұлғаларға құпиялы құжаттарға рұқсат беруге материалдарды ресімдейді;
44) жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар мәселелері жөнінде аудан әкімі мен әкімдігің қызметін қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
45) аудан әкімінің, оған және аудан әкімдігіне тікелей бағынысты және есеп беретін мемлекеттік және консультативтік-кеңестік органдармен өзара іс-әрекет жасауды қамтамасыз етеді;
46) қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен, нашақорлық және есірткі бизнеспен күрес мәселелерінде аудан әкімінің құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдарымен өзара іс-әрекет жасауын қамтамасыз етеді;
47) қолданыстағы заңнама мәселелері бойынша семинарлар, мәжілістердің өткізуін ұйымдастырады.
21. Құқықтары мен міндеттері:
1) Качир ауданы әкімдігі атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;
2) аудан әкімдігі, әкімі және жоғары сатыдағы ұйымдарының қарастыруға жергілікті мемлекеттік басқару саласындағы дамудың негізгі бағыттары, мәселелерді жедел шешу жөніндегі ұсыныстарды енгізу;
3) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдарынан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан және өзге де ұйымдарынан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрау және алу;
4) "Качир ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелері бойынша мәжілістерді өткізу;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
"Качир ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өкілеттіліктерін орындау үшін ауданның өзге де атқарушы органдары, ұйымдары мен мекемелерімен өзара әрекеттеседі.
3. "Качир ауданы әкімінің аппараты"
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
22. "Качир ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшылықты "Качир ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
23. "Качир ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы қолданыстағы заңнамаға сәйкес аудан әкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
24. "Качир ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
1) аудан әкімдігінің бекітуіне "Качир ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме туралы Ережені ұсынады, штат санының лимиті мен оның құрылымы жөнінде ұсыныстар енгізеді;
2) "Качир ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелердің жұмысын үйлестіреді, ұйымдастырады және бағыттайды, басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекетті қамтамасыз етеді;
3) барлық мемлекеттік органдарда және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Качир ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
4) мемлекеттік қызметшілерімен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың және Ар-намыс Кодексінің орындалуын бақылайды;
5) "Качир ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтары мен атқарымдық міндеттерін бекітеді;
6) аудан әкімімен тағайындалатын әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға конкурстық іріктеу бойынша жұмысты үйлестіреді;
7) аудан әкімінің қарауына аудан әкімімен тағайындалатын лауазымдық тұлғаларға тәртіптік жазалар қолдану немесе алу туралы ұсыныстарды енгізеді;
8) аудан әкімдігі мен әкімінің актілерінің, оның тапсырмаларының орындалуына, "Качир ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде құжаттардың өтуіне бақылау жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
9) "Качир ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі барлық қызметкерлерімен орындалуы міндетті өз құзыретіне кіретін мәселелері бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
10) "Качир ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде ішкі еңбек тәртібін сақтауын бақылайды;
11) "Качир ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің шығыстар сметасын бекітеді және оның шегінде қаражатқа басшылық етеді;
12) "Качир ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерін көтермелеу туралы аудан әкіміне қолдаухат білдіреді;
13) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шараларды қолданады және осы үшін дербес жауапты болады;
14) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады;
15) қолданыстағы заңнамада белгіленген құзыреті шегінде "Качир ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің аудандық мәслихатпен, сотпен, прокуратурамен, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен өзара іс-әрекетті қамтамасыз етеді;
16) әкімдігінің, консультативтік-кеңестік органдардың отырыстарын дайындауды үйлестіреді;
17) аудан әкімінің қатысумен іс-шараларды ұйымдастыру жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
18) "Качир ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің келешектегі және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді.
25. "Качир ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
26. "Качир ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі мен еңбек ұжымының арасындағы қарым-қатынастары Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес белгіленеді.
27. "Качир ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық мүлікті басқару бойынша уәкілетті органының (аудан әкімдігі атқарушы органы) арасындағы өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамамен реттеледі.
28. "Качир ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі мен тиісті саласындағы уәкілетті органының арасындағы қарым-қатынастары қолданыстағы заңнамамен реттеледі.
4. "Качир ауданы әкімінің аппараты"
мемлекеттік мекемесінің мүлкі
29. "Качир ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
"Качир ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік есебінен және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырады.
30. "Качир ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
31. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Качир ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. "Качир ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін
қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату)
32. "Качир ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
33. "Качир ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі қысқартылған (таратылған) кезде кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншікте қалады.
6. "Качир ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік
мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізімі
34. "Качир ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қарамағында ұйымдар жоқ.