Качир ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 11 наурыздағы "Качир ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 48/2 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Качир аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 22 тамыздағы № 238/7 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 24 тамызда № 5609 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағы 4) тармақшасына сәйкес Качир ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Качир ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 11 наурыздағы "Качир ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 48/2 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4354 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 наурыздағы "Тереңкөл тынысы", "Заря" № 12 газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Р.М. Габидулинге жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ж. Шұғаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады