Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Качир аудандық әкімдігінің 26.02.2018 № 68/2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес Качир ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі жөніндегі Ереже бекітілсін.
2. "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қолдансын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ж. Шұғаев |
Качир ауданы әкімдігінің 2015 жылғы "27" сәуірдегі № 100/3 қаулысымен бекітілген |
"Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі"
мемлекеттік мекемесі жөніндегі Ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыреті шегінде басшылық ететін, дене тәрбиесі және спорт саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен бұрыштамалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазынашылық органдарында есеп-шоттары бар.
5. "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан қатысады.
6. "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамаға сәйкес өкілеттілігі болған жағдайда мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарапынан сөз сөйлеуге құқығы бар.
7. "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте өз құзыретіндегі мәселелер бойынша "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.
8. "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы және штаттық санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140600, Качир ауданы, Тереңкөл ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 230.
10. "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма сағат 9.00-ден сағат 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.
11. Мемлекеттік органның мемлекеттік тілдегі толық атауы: "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: государственное учреждение "Отдел физической культуры и спорта Качирского района".
12. "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Качир ауданының әкімдігі тұлғасында мемлекет болып табылады.13. Осы Ереже "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
14. "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қаржыландыру қызметі жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
15. "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерін орындау үшін келісімшарттық қарым-қатынасқа түсуге тыйым салынады.
Егер "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен табыс әкелетін қызметтерді жүзеге асыру құқығы берілсе, бұл қызметтерден түскен табыстар мемлекеттік бюджетке бағытталады.
2. "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің миссиясы, мақсаты, қызмет нысаны,
негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
16. "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: ауданның атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді және өз құзыреті шегінде дене тәрбиесі мен спорт саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
17. "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мақсаты Качир ауданының аумағында дене тәрбиесі және спорт саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.
18. "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызмет нысаны Качир ауданының аумағында дене тәрбиесі және спортты дамыту мәселелерінде мемлекеттік саясатты аудандық деңгейде жүзеге асыру болып табылады.
19. Міндеттері:
1) дене тәрбиесі және спорт жүйесін дамытудың негізгі бағыттарын жүзуге асыру, оларды дамыту бойынша перспективалық, ағымдағы, нысаналы бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру;
2) дене тәрбиесі және спортты дамыту саласында аудан ұйымдарының, бірлестіктерінің, мекемелері мен кәсіпорындарының қызметін үйлестіру;
3) аудандық бұқаралық-спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын жоспарлау және өткізу;
4) спорт түрлері бойынша ауданның құрама командаларын жасақтау, облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарға қатысу үшін жаттығулар өткізу;
5) дене тәрбиесі және спорт мәселелері жөнінде конференциялар, төрешілер жиналыстарын, семинарларды өткізу;
6) жеке спортшыларды, ауданның құрама командалары мүшелерін дайындау және олардың облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарға қатысуларын қамтамасыз ету болып табылады.
20. Функциялары:
1) дене тәрбиесі және спортты дамытудың аудандық жоспарларын әзірлейді және жүзеге асырады;
2) жеке тұлғалардың тұрғылықты мекенжайы бойынша және олардың бұқаралық демалыс орындарында спортпен айналысу үшін инфрақұрылым жасайды;
3) спорт түрлері бойынша аудандық жарыстар өткізеді;
4) спорт түрлері бойынша ауданның құрама командаларының дайындығын және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етеді;
5) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамытуды қамтамасыз етеді;
6) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында аудандық дене шынықтыру-спорттық ұйымдардың қызметін үйлестіреді;
7) спортшыларға спорттық дәрежелерді береді: 2-дәрежелі спортшы, 3-дәрежелі спортшы, 1-жасөспірім дәрежелі спортшы, 2-жасөспірім дәрежелі спортшы, 3-жасөспірім дәрежелі спортшы;
8) біліктілік санаттарын береді: екінші санаттағы біліктілігі бар жоғары деңгейлі жаттықтырушы, екінші санаттағы біліктілігі бар орта деңгейлі жаттықтырушы, екінші санаттағы біліктілігі бар жоғары деңгейлі әдіскер, екінші санаттағы біліктілігі бар орта деңгейлі әдіскер, екінші санаттағы біліктілігі бар жоғары деңгейлі нұсқаушы-спортшы, спорттық төреші;
9) 1тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында спорттық іс-шаралардың ұйымдастырылуын және өткізілуін үйлестіреді;
10) облыстың жергілікті атқарушы органына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен бекітілген нысан мен мерзімде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында дене тәрбиесі және спортты дамыту бойынша ақпаратты жинау, талдау және ұсынуды жүзеге асырады;
11) ресми дене шынықтыруды және спорттық іс-шаралардың медициналық қамтылуын ұйымдастырады;
12) дене шынықтыру және спорттық шараларды өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;
13) спорт ұйымдарына әдістемелік және консультативтік көмек көрсетеді;
14) аудандық мамандандырылмаған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің қызметін қамтамасыз етеді;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асырады.
21. Құқықтары мен міндеттері:
"Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы Ережеде қарастырылған өкілеттіліктерді жүзеге асыру үшін:
1) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан мемлекеттік мекеменің алдына қойылған міндеттерді орындауға байланысты мәселелер бойынша қажетті ақпараттарды, құжаттарды және өзге де материалдарды өтеусіз негізде сұрауға және алуға;2) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың ұйымдастырушылық қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстарды Качир ауданы әкімдігінің және әкімінің қарауына енгізуге;
3) келісімшарттар жасауға;
4) қолданыстағы заңнамалық актілермен қарастырылған өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
"Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеттеріне:
1) мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-талдау жұмыстарын және оның материалдық-техникалық қамтылуын жүзеге асыру;2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын жүзеге асыру, ауданның мемлекеттік органдары жүйесінде кадрлардың біліктілігін арттыру;
3) қолданыстағы заңнамалық актілермен қарастырылған өзге де міндеттерді жүзеге асыру жатады.
3. "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
22. "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесін басқаруды "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерді және оның өз функцияларын орындауына дербес жауап беретін бірінші басшымен жүзеге асырылады.
23. "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Качир ауданының әкімімен лауазымға тағайындалады және босатылады.
24. "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі бөлім басшысының өкілеттіліктері:
1) "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені Качир ауданы әкімдігінің бекітуіне ұсынады;
2) Заңдардың, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, облыс және аудан әкімдігінің қаулыларын орындау жөнінде жұмысты ұйымдастырады, жоғары тұрған органдарды олардың орындау барысы жөнінде жүйелі ақтараттандырады;
3) басшының бұйрықтарын шығарады;
4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және бұл үшін дербес жауап береді;
5) "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
6) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесін уәкіл етеді;
7) заңнамамен қарастырылған жағдайларда және шегінде мүлікке иелік етеді;
8) заңнамада қарастырылған тәртіпте келісімшарт жасайды;
9) сенімхаттар береді;
10) "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің актілеріне қол қояды;
11) ведомстволық мемлекеттік ұйымдардың басшыларын лауазымға тағайындайды және босатады, Қазақстан Республикасының Үкіметімен анықталған тәртіпте оларды аттестациядан өткізеді;
12) "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
13) "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттерін және құрылымдық бөлімшелерінің функцияларын белгілейді;
14) "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне және ведомстволық ұйымдардың басшыларына қөтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жаза салады;
15) "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін бекітеді;
16) Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
25. "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған жағдайда оның өкілеттіліктерінің орындалуын қолданыстағы заңнамаға сәйкес орынбасары жүзеге асырады.
26. "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық меншікті басқару жөніндегі уәкілетті орган (жергілікті атқарушы органмен) арасындағы қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
27. "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен тиесілі саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы органы) арасындағы қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
28. "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымының арасындағы қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық келісімшартқа сәйкес реттеледі.
4. "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің мүлкі
29. "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамалымен көзделген жағдайларда оқшауланған мүлікке жедел басқару құқығында иеленуге болады.
"Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі меншік иесі оған берген мүлік есебінен, сонымен бірге (ақшалай табысты қосқанда) Қазақстан Республикасы заңнамасымен тыйым салынбаған қызмет ету нәтижесінде және басқа да көздер есебінен қалыптасады.
30. "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.31. "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзгесі заңнамада белгіленбеген жағдайда оған бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өздігінен иеленуге немесе иелігінен шығаруға немесе басқа тәсілмен иеленуге құқығы жоқ.
5. "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі"
мемлекеттік мекемесін қайта құру және тарату (жою)
32. "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
33. "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесін тарату кезінде кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншікте қалады.
6. "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
34. "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдар:
Качир ауданы әкімдігінің, Качир ауданы дене тәрбиесі және спорт бөлімі "Качир ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.