Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 06.03.2015 N 85/3 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конситуциялық Заңының 28-бабының 4 және 6-тармақтарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес Павлодар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.
Үгіт баспасөз материалдарын орналастыру үшін орындар 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2.
Келісім шарт негізінде кандидаттарға сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін үй-жайлар 2-қосымшаға сәйкес берілсін.
3.
Чернорецк ауылдық округі әкімі, ішкі саясат, білім беру бөлімдері кандидаттардың сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін үгіт баспасөз материалдарын орналастыру орындарында стендтер, жайма тақталар мен мінбелер орнату және үй-жайлар дайындау бойынша шаралар қолдансын.
4.
Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
5.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі |
Н. Әутәліпов |
"КЕЛІСІЛДІ" |
Т. Қожахметов |
Павлодар ауданы әкімдігінің |
Үгіт баспасөз материалдарын орналастыру үшін орындар
р/с № |
Елді мекеннің атауы |
Саны |
Орналастыру орны |
1 |
Пресное ауылы |
1 |
Мұхтар Әуезов көшесі, 3 үй (пошта ғимаратының жанында) |
2 |
Қаракөл ауылы |
1 |
Абай көшесі |
3 |
Чернорецк ауылы |
2 |
Трунов көшесі |
Павлодар ауданы әкімдігінің |
Кандидаттардың сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін үй-жайлар
р/с № |
Елді мекеннің атауы |
Кездесулер өткізілетін орындар |
1 |
Пресное ауылы |
Преснов жалпы орта мектебінің мәжіліс залы |
2 |
Қаракөл ауылы |
Қаракөл бастауыш мектебінің фойесі |
3 |
Чернорецк ауылы |
№ 1 Чернорецк орта мектебінің мәжіліс залы |