Павлодар ауданы Чернорецк ауылдық округіндегі елді мекендер аумағында кандидаттардың сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін үгіт баспасөз материалдарын орналастыру және үй-жайларды беру үшін орындар белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 10 ақпандағы № 43/2 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 ақпанда № 4313 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 6 наурыздағы N 85/3 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 06.03.2015 N 85/3 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конситуциялық Заңының 28-бабының 4 және 6-тармақтарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес Павлодар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Үгіт баспасөз материалдарын орналастыру үшін орындар 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Келісім шарт негізінде кандидаттарға сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін үй-жайлар 2-қосымшаға сәйкес берілсін.
      3. Чернорецк ауылдық округі әкімі, ішкі саясат, білім беру бөлімдері кандидаттардың сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін үгіт баспасөз материалдарын орналастыру орындарында стендтер, жайма тақталар мен мінбелер орнату және үй-жайлар дайындау бойынша шаралар қолдансын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Аудан әкімі

Н. Әутәліпов

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Павлодар аудандық
      аумақтық сайлау
      комиссиясының төрағасы
      2015 жылғы "10" ақпан

Т. Қожахметов


Павлодар ауданы әкімдігінің
2015 жылғы "10" ақпандағы
№ 43/2 қаулысына
1-қосымша

Үгіт баспасөз материалдарын орналастыру үшін орындар
 

р/с №
 

Елді мекеннің атауы
 

Саны
 

Орналастыру орны
 

1
 

Пресное ауылы
 

1
 

Мұхтар Әуезов көшесі, 3 үй (пошта ғимаратының жанында)
 

2
 

Қаракөл ауылы
 

1
 

Абай көшесі
("Тұлпар" дүкенінің жанында)
(келісім бойынша)
 

3
 

Чернорецк ауылы
 

2
 

Трунов көшесі
(автобус аялдамасының жанында);
1 май көшесі
("Сарсенова" дүкенінің жанында )
(келісім бойынша)
 

   


Павлодар ауданы әкімдігінің
2015 жылғы "10" ақпандағы
№ 43/2 қаулысына
2-қосымша

Кандидаттардың сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін үй-жайлар
 

р/с №
 

Елді мекеннің атауы
 

Кездесулер өткізілетін орындар
 

1
 

Пресное ауылы
 

Преснов жалпы орта мектебінің мәжіліс залы
 

2
 

Қаракөл ауылы
 

Қаракөл бастауыш мектебінің фойесі
 

3
 

Чернорецк ауылы
 

№ 1 Чернорецк орта мектебінің мәжіліс залы
 

   
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады