Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 04.03.2016 № 58/423 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық қодексі) Кодексінің 387-бабының 1-1-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Занының 6-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Павлодар ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығы 7 (жеті) есеге жоғарылатылсын.2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Қ. Байжанов |
Мәслихат хатшысы | Б. Оралов |