Павлодар ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығы ставкасын жоғарылату туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 2015 жылғы 17 маусымдағы № 48/365 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 15 шілдеде № 4599 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 4 наурыздағы № 58/423 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 04.03.2016 № 58/423 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық қодексі) Кодексінің 387-бабының 1-1-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Занының 6-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Павлодар ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығы 7 (жеті) есеге жоғарылатылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Қ. Байжанов
      Мәслихат хатшысы Б. Оралов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады