Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен аудандық әкімдігінің 10.01.2018 № 7/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттiк мүлiк туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органының үлгi ережесiн бекiту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес Успен ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Успен ауданының "Қозыкеткен ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.2. Успен ауданының "Қозыкеткен ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қолдансын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкімі | Б. Демеуов |
Павлодар облысы Успен ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 36/2 қаулысымен бекітілген |
Успен ауданының "Қозыкеткен ауылдық
округі әкімінің аппараты" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
1. Успен ауданының "Қозыкеткен ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жергілікті мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Успен ауданының "Қозыкеткен ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. Успен ауданының "Қозыкеткен ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Успен ауданының "Қозыкеткен ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Успен ауданының "Қозыкеткен ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан қатысады.
6. Успен ауданының "Қозыкеткен ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, егер Қазақстан Республикасының заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Успен ауданының "Қозыкеткен ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ауылдық округі әкімінің шешімдер мен өкімдердің жобаларын дайындайды.
8. Успен ауданының "Қозыкеткен ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Успен ауданының "Қозыкеткен ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 141006, Успен ауданы, Қозыкеткен ауылы, Победа көшесі, 23.
10. Успен ауданының "Қозыкеткен ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі:
дүйсенбі - жұма күндері, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі - жексенбі.
11. Мемлекеттік мекеменің толық атауы:мемлекеттік тілде: Успен ауданының "Қозыкеткен ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: Коммунальное государственное учреждение "Аппарат акима Козыкеткенского сельского округа" Успенского района.
12. Мемлекет Успен ауданының әкімдігі тұлғасында Успен ауданының "Қозыкеткен ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.13. Осы Ереже Успен ауданының "Қозыкеткен ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
14. Успен ауданының "Қозыкеткен ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
15. Успен ауданының "Қозыкеткен ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Успен ауданының Қозыкеткен ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Успен ауданының "Қозыкеткен ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Успен ауданының "Қозыкеткен ауылдық округі
әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
миссиясы, мақсаты, қызметінің мәні, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері
16. Успен ауданының "Қозыкеткен ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы: тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
17. Успен ауданының "Қозыкеткен ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мақсаты ауылдық округ әкімінің ведомстволық қарамағындағы аумақта мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жөніндегі қызметін қамтамасызе ету болып табылады.
18. Успен ауданының "Қозыкеткен ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметінің мәні: ауылдық округ әкімінің қызметін ақпараттық–талдау, ұйымдастырушылық–құқықтық және материалдық–техникалық қамтамасыз ету.
19. Міндеттері:
1) ауылдық округ әкімінің өзіне сеніп тапсырылған аумақта мемлекеттік саясатты жүргізу жөніндегі қызметін қамтамасыз ету;
2) қоғамдық келісімнің, саяси тұрақтылықтың, экономикалық дамудың, қазақстандық отансүйгіштіктің конституциялық қағидаттарын іске асыруға, өңірдің неғұрлым маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешуге ықпал ету;
3) Қазақстан Республикасының даму стратегиясына сәйкес ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму, әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асырудың тетіктері мен тактикасы жетілдіру жоспарларын әзірлеуге қатысу;
4) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, басқа да нормативтік құқықтық актілерін, облыс және аудан әкімдігінің қаулыларын, облыс және аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерін орындауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
5) ауылдық округ әкімінің қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету, қызметтік құжаттарды, азаматтардың өтініштерін қарастыру, келіп түскен құжаттарды талдау, мемлекеттік және басқа тілдердің қамтамасыз ету, азаматтар қабылдауын ұйымдастыру;
6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген "Успен ауданының Қозыкеткен ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелері бойынша жоғары мен жергілікті мемлекеттік органдары, ұйымдары және азаматтарымен өзара іс-қимыл жасасу;
7) Успен ауданының Қозыкеткен ауылдық округі әкімінің аппараты әкімшісі болып табылатын аудандық бюджеттік бағдарламаларды бекіту үшін аудан әкімдігінің қарастыруына әзірлеу және енгізуді қамтамасыез ету;
8) ауылдық округ әкімінің қатысуымен өтетін отырыстарды, мәжілістерді, семинарларды өткізуді қамтамасыз ету;
9) оның құзыретіне кіретін басқа да іс-қимылдарды жүзеге асыру.
20. Функциялары:
1) азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қабылдауын ұйымдастыру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолдану;
2) Успен ауданының "Қозыкеткен ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіде мемлекеттік пен ресми тілде іс жүргізуін ұйымдастыру және құжаттардың сақталуына бақылау;
3) ауылдық округі әкімінің шешімдері мен өкімдердің жобаларын дайындау;
4) жеке және заңды тұлғаларға қажетті құжаттарды ресімдеу және беру;
5) ауылдық округі әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындаушыларға өз уақытында жеткізуін қамтамасыз ету;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджеттік есепті жүргізу және есепті құрастыру;
7) Қазақстан Республикасының заннамаға сәйкес шарттар жасайды;
8) шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;
9) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамамен белгіленген мемлекеттік қызметтерді көрсету;
10) кадр жұмысын ұйымдастыру;
11) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген оның құзыретіне кіретін басқа да іс- қимылдарды жүзеге асыру.
21. Құқықтары мен міндеттері:
Успен ауданының "Қозыкеткен ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне жүклетген міндеттерді орындау және осы Ережеде қарастырылған өкілеттіктерді жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған тәртіпте:
1) тиісті аумақта басқарудың тиімділігін көтеру жөніндегі сұрақтар бойынша соттарда, мемлекеттік органдармен қарым-қатынастарда ауылдық округ әкімінің мүдделерін қорғауға;2) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан Успен ауданының "Қозыкеткен ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі алдына қойылған міндеттерді орындауға байланысты мәселелер жөніндегі қажетті ақпаратты, қажаттар мен өзге де материалдарды өтеусіз негізде сұратуға және алуға;
3) Қазақстан Республикасының Президенті, Үкіметі және орталық органдары, облыс, аудан әкімшіліктерінің, әкімдерінің актілері мен тапсырмаларын мерзімінде сапалы орындауға;
4) жергілікті мемлекеттік органдармен өткізілетін іс-шараларға қатысуға;
5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын ұстануға құқығы бар.
Успен ауданының "Қозыкеткен ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттеріне:
1) әкім аппаратының ұйымдастырушылық, құқықтық, аппараттық, талдамалық қызметін жүзеге асыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету;2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес тұрғындарға сапалы мемлекеттік қызмет көрсету;
3) мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бағалау жөнінде уәкілетті органға тиісті ақпарат ұсыну жатады;
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған өзге де құқықтар жүзеге асырады.
3. Успен ауданының "Қозыкеткен ауылдық округі
әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің қызметін ұйымдастыру
22. Успен ауданының "Қозыкеткен ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты ауылдық округінің әкімі жүзеге асырады және "Успен ауданының Қозыкеткен ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерді атқару үшін дербес жауап береді.
23. Ауылдық округінің әкімі Қазақстан Республикасының Президентi белгілейтiн тәртiпте қызметке сайланады, өкілеттігін тоқтатады және қызметінен босатылады.
24. Ауылдық округ әкімінің өкілеттігі:
1) Ауылдық округінің аумағында Успен ауданының әкiмдіктің лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етедi;
2) Успен ауданының "Қозыкеткен ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметінен босатады;
3) Успен ауданының "Қозыкеткен ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттерін және өкілеттілігін белгілейді;
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен бекітілген тәртіпте Успен ауданының "Қозыкеткен ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін іссапарға жіберу, еңбек демалыстарды беру, материалдық көмек көрсету, мадақтау, үстемақы төлеу мен марапаттауды жүзеге асырады;
5) заңнамасында белгіленген тәртіппен Успен ауданының "Қозыкеткен ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерге тәртіптік жаза қолданады;
6) Успен ауданының "Қозыкеткен ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық қарсы бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлық қарсы шаралар қабылданғаны үшін дербес жауап береді;
7) Успен ауданының "Қозыкеткен ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қамтамасыз ету және оған жүктелген міндеттердің орындау мақсатымен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырады;
8) заңнамасында белгіленген тәртіппен өз құзыреті шеңберінде шешім қабылдап, өкімдерді шығарады;
9) Успен ауданының "Қозыкеткен ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс жоспарын бекітеді;
10) Успен ауданының "Қозыкеткен ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін аудан әкімдігіне бекітуге ұсынады;
11) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
12) азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
13) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
14) Успен ауданының Қозыкеткен ауылдық округі әкімінің аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, аудандық мәслихаттың бекітуі үшін аудан әкімдіктің қарауына енгізеді;
15) бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының талқылауына жергілікті маңызы бар мәселелерді Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығарады;
16) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
17) өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;
18) ауылдық округінің коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ ауылдарда автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;
19) шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;
20) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері жөніндегі, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
21) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
22) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
23) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді;
24) мүгедектерге көмек көрсетуді ұйымдастырады;
25) қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;
26) дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкiлеттi органмен және мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық iс-шаралар өткiзудi ұйымдастырады;
27) мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мәдени-бұқаралық және ағарту iс-шараларын ұйымдастырады;
28) мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк көмек көрсетуді үйлестiредi;
29) халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;
30) ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;
31) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;
32) қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;
33) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
34) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
35) шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;
36) жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде аудан мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;
37) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамтамасыз етеді, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
38) өз құзыретi шегiнде ауылды сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;
39) ауылдық округті абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады;
40) туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;
41) ауылдық округінің кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді;
42) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды;
43) басқаруына берілген аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалға (жалдауға) береді;
44) берілген коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;
45) берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;
46) берілген аудандық коммуналдық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады;
47) жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітілетін, басқаруына берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның жылдық қаржылық есептілігін келіседі;
48) басқаруына берілген коммуналдық қазыналық кәсіпорындар өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілейді;
49) берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік мекемелердің жергілікті бюджеттен қаржыландырылуының жеке жоспарларын бекітеді;
50) кіріс көздерін қалыптастырады;
51) бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органда әкімдердің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталатын ақшаны есепке жатқызуға арналған, жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотының ашылуын қамтамасыз етеді;
52) бюджет қаражаттарын үнемдеудің және (немесе) Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдердің есебінен еңбек шарты бойынша қызметкерлер қабылдайды;
53) жергілікті қоғамдастықтың жиналысында келісілгеннен кейін жергілікті өзін-өзі басқарудың ақша түсімдері мен шығыстары жоспарын бекітеді;
54) мемлекеттік мекемелердің өздерінің иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекітеді;
55) Жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу үшін ауыл аумағындағы мемлекеттік мекемелер, коммуналдық-мемлекеттік кәсіпорындар үшін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімімен жергілікті өзін-өзі басқару қаражаты есебінен сатып алуға құқығы бар;
56) ауылдық округінің жерлерінде мал жаятын орындарды айқындау;
57) ауылдық округінің аумақта жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу iс-шараларын белгілеу туралы шешімдер қабылдау;
58) ауылдық округінің аумақта жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдер қабылдау;
59) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық пункттерді қызметтік үй-жайлармен қамтамасыз ету;
60) жергілікті әскери басқару органдарына олардың бейбіт уақыттағы және жұмылдыру жарияланған кездегі жұмысына жәрдем көрсетеді, ауылдық округінің аумағында әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқулар (жаттығулар) өткізуге қатысады;
61) ауылдық округінің шегінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарды жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында жұмыс істеуге көшіру жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыруды қамтамасыз етеді;
62) ауылдық округінің шегінде жұмылдыру және соғыс жағдайы кезеңінде шақырылуға тиісті азаматтарды дер кезінде хабардар етуді және жеткізуді, жиналу орындарына немесе әскери бөлімдерге техника беруді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
63) аудандық өкiлдi және атқарушы органдарға осы елдi мекендердi кенттер, ауылдар категорияларына жатқызу туралы, оларды тарату және қайта құру туралы ұсыныстар енгiзедi;
64) ауылдық округі халқының пiкiрiн ескере отырып, аудандық өкiлдi және атқарушы органдарға ауылдық округтерге, ауылдарға ат қою және олардың атын өзгерту туралы ұсыныстар енгiзедi;
65) аудандық өкiлдi және атқарушы органдарға ауылдық округтердiң шекараларын белгiлеу және өзгерту туралы ұсыныстар енгiзедi;
66) ауылдық округі халқының пiкiрiн ескере отырып, облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде осы ауылдық округінің құрамдас бөлiктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту жөніндегі мәселелерді шешеді;
67) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және ауыл аумағында жасалған бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалар қолдануға құқылы;
68) ауылдық округ тұрғындарымен бөлек жиындар өткізеді;
69) сыбайлас жемқорлық қарсы заңнамасына сәйкес сыбайлас жемқорлық бұзушылық жасағаны үшін жауап береді;
70) ауылдық округі әкімінің құзырына Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәселелерді шешу.
25. Ауылдық округінің әкiмi өзiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өзiне жүктелген мiндеттердiң iске асырылуы үшiн жоғары тұрған әкiмнiң, аудандық мәслихатының алдында жауап бередi.
26. Ауылдық округінің әкімінің өкілеттіктерін, ол болмаған кезде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
27. Успен ауданының "Қозыкеткен ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық мүлікті басқару уәкілетті орган (ауданының жергілікті атқарушы органы) арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
28. Успен ауданының "Қозыкеткен ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен үйлестіретін саласындағы уәкілетті органы (ауданының жергілікті атқарушы органы) арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
29. Успен ауданының "Қозыкеткен ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен және ұжымдық шартпен белгіленеді.
4. Успен ауданының "Қозыкеткен ауылдық округі
әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі
30. Успен ауданының "Қозыкеткен ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Успен ауданының "Қозыкеткен ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
31. Успен ауданының "Қозыкеткен ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.32. Егер Қазақстан Республикасының заңнамада өзгеше көзделмесе, Успен ауданының "Қозыкеткен ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті, өз бетімен иеліктін шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
33. Успен ауданының "Қозыкеткен ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органы "Успен ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі болып табылады.
34. "Успен ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне мәліметтерді ұсынумен мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділік мониторингі мен жыл сайынғы есебі "Успен ауданының Қозыкеткен ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесімен өткізіледі.
5. Успен ауданының "Қозыкеткен ауылдық округі
әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік
мекемесін қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату)
35. Успен ауданының "Қозыкеткен ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және қысқарту Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
36. Успен ауданының "Қозыкеткен ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қысқартылған (таратылған) кезде несиегерлердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншігінде қалады.
Успен ауданының "Қозыкеткен ауылдық
округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің басқаруындағы мекемелердің тізімі
37. Успен ауданының "Қозыкеткен ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағында келесі ұйым бар:
Успен ауданы әкімдігі Успен ауданының Қозыкеткен ауылдық округ әкімі аппаратының "Қозыкеткен ауылының мәдениет үйі" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны.