Успен ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Успен аудандық әкімдігінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы № 7/1 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 25 қаңтарда № 5832 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Успен ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қосымшаға сәйкес Успен ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Успен ауданының әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енегізіледі.

      Аудан әкімі С. Саламацкий

  Успен ауданы әкімдігінің
2018 жылғы "10" қаңтардағы
№ 7/1 қаулысына
қосымша

Успен ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Успен ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 17 қарашадағы "Успен ауданының Надаров ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 392/11 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4210 болып тіркелген, 2014 жылғы 26 желтоқсанда "Апта айнасы" және "Сельские будни" аудандық газеттерінде жарияланған).

      2. Успен ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 11 ақпандағы "Успен ауданының Успен ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 26/2 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4339 болып тіркелген, 2015 жылғы 4 сәуірде "Аймақ ажары" және "Огни села" аудандық газеттерінде жарияланған).

      3. Успен ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 ақпандағы "Успен ауданының "Қозыкеткен ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 36/2 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4392 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 сәуірде "Аймақ ажары" және "Огни села" аудандық газеттерінде жарияланған).

      4. Успен ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 4 наурыздағы "Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 48/3 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4413 болып тіркелген, 2015 жылғы 7 мамырында "Аймақ ажары" және "Огни села" аудандық газеттерінде жарияланған).

      5. Успен ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 11 наурыздағы "Успен ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 52/3 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4364 болып тіркелген, 2015 жылғы 11 сәуірінде "Аймақ ажары" және "Огни села" аудандық газеттерінде жарияланған).

      6. Успен ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 10 тамыздағы "Успен ауданының "Лозов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 184/8 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4690 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 қазанында "Аймақ ажары" және "Огни села" аудандық газеттерінде жарияланған).

      7. Успен ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 қарашадағы "Успен ауданының "Белоусов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 263/11 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4838 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 желтоқсанында "Аймақ ажары" және "Огни села" аудандық газеттерінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады