Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 21.02.2018 № 49/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының Үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес Шарбақты ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Шарбақты ауданының тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы қоса берілген Ереже бекітілсін.
2. "Шарбақты ауданының тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте Ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткізуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік етуші орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Е. Асқаров |
Шарбақты ауданы әкімдігінің 2015 жылғы "05" ақпандағы № 41/2 каулысымен Бекітілді |
"Шарбақты ауданының тұрмыстық-коммуналдық
шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль
жолдары бөлімі" мемлекеттiк мекемесi туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Шарбақты ауданының тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттiк мекемесi Шарбақты ауданының аумағында тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып саналады.
2. "Шарбақты ауданының тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттiк мекемесiнің ведомстволары жоқ.
3. "Шарбақты ауданының тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттiк мекемесi өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сонымен қатар осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Шарбақты ауданының тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттiк мекемесi ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып саналады, мемлекеттік тілдегі өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында есепшоттары бар.
5. "Шарбақты ауданының тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттiк мекемесi өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
6. "Шарбақты ауданының тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттiк мекемесiнің егер заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапынан қатысуға құқығы бар.
7. "Шарбақты ауданының тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттiк мекемесi өз құзыретіне сәйкес мәселелері жөнінде заңнамада белгіленген тәртіпте басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.
8. "Шарбақты ауданының тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттiк мекемесiнің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. "Шарбақты ауданының тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттiк мекемесiнің мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, 141100, Шарбақты ауылы, Советов көшесi, 51.
10. "Шарбақты ауданының тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттiк мекемесiнің жұмыс тәртібі: жұмыс күндері: дүйсенбі – жұма сағат 9оо-ден сағат 18зо-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13оо-ден сағат 14зо-ға дейін, демалыс күндері: сенбі – жексенбі.
11. "Шарбақты ауданының тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттiк мекемесiнің мемлекеттiк тiлдегi толық атауы - "Шарбақты ауданының тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттiк мекемесi, орыс тiлiнде - Государственное учреждение "Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог Щербактинского района".
12. "Шарбақты ауданының тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Павлодар облысының Шарбақты ауданы әкімдігінің тұлғасында мемлекет болып саналады.
13. Осы Ереже "Шарбақты ауданының тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттiк мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
14. "Шарбақты ауданының тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттiк мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
15. "Шарбақты ауданының тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттiк мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Шарбақты ауданының тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттiк мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Шарбақты ауданының тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттiк мекемесіне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджет кірісіне жіберіледі.
2. "Шарбақты ауданының тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық,
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің миссиясы, мақсаты, мәні, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері
16. "Шарбақты ауданының тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы ауданның ауылдық елді мекенді кентерінің тиісті санитарлық жағдайын және абаттандыруды қамтамасыз ету, тұрмыстық-коммуналдық шаруашылығында, жолаушылар көлігі мен жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары жүйесін дамытуда мемлекеттік саясатты басқару және жүзеге асыру болып табылады. Тұрғын үй қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты және жергілікті атқарушы органдар басшылығын үйлестіруді жүзеге асыру.
Ескерту. 16-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 28.01.2016 N 14/1 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.17. "Шарбақты ауданының тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мақсаты Шарбақты ауданының тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары объектілерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету болып саналады.
18. "Шарбақты ауданының тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мәні Шарбақты ауданының тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында аудан деңгейінде мемлекеттік кепілдікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру болып саналады.
19. "Шарбақты ауданының тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
1) тұрмыстық-коммуналдық шаруашылықты, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарын тиімді дамытуға бағытталған шараларды қолдану және бақылау;
2) ауданның тұрмыстық-коммуналдық шаруашылығын, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарын дамыту мәселесі бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарының қызметін үйлестіру;
3) бөлімнің құзыретіне жататын өңірлік бағдарламаларды орындау бойынша тұрмыстық-коммуналдық шаруашылықы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында басшылықты жүзеге асыру болып саналады;
4) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз етеді;
5) тұрғын үй қорын басқару саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
6) тұрғын үй қорын сақтау және тиісті пайдалану бойынша іс-шараларды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
7) коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастырады;
8) тұрғын үй қорына түгендеу жүргізеді;
9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген шарттармен және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен тұрғын үйлерді коммуналдық тұрғын үй қорынан азаматтардың меншігіне беруді жүзеге асырады;
10) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы іс-шараларды тиісті ауданның, облыстық маңызы қаланың даму бағдарламасына енгізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында ақпараттық қызметті жүзеге асырады;
11) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді;
12) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) су құбырларын, тазарту құрылыстарын, жылу мен электр желiлерiн және басқа да көлiктiк және инженерлiк инфрақұрылымдар объектiлерiнiң пайдалануды ұйымдастырады;
13) Қазақстан Республикасының көлік саласындағы заңнамасына сәйкес жолаушылар тасымалын ұйымдастырады;
14) аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) маңызы бар жолдарды салуды, пайдалануды және күтiп ұстауды ұйымдастырады;
15) қоғамдық орындарды абаттандыру және сыртқы безендiру мәселелерiн шешедi;
16) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес өз құзыретi шегiнде ақпараттық жүйелердi пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсетедi;
17) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарына жүктелген өзге уәкілеттікті жүзеге асырады;
18) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу және концесссия туралы заңнамасына сәйкес жалпы пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын, елді мекенді кенттердің көше құрылысы, құрылысты қайта жаңарту, жөндеу және қамтамасыз ету жұмысын ұйымдастыру;
19) аудандық маңызы бар жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарын, елді мекенді кенттердегі көше желісін басқару.
Ескерту. 19-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 28.01.2016 N 14/1 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.20. "Шарбақты ауданының тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу және қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
2) жалпы пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының желісін басқарады;
3) жалпы пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу және қамтамасыз ету бойынша жұмыс өндірісі кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
4) күз-қысқы жағдайдағы жұмыс маусымына қарай барлық жылыту қазандықтарының және жылу (магистраль, ішкі квартал) желісінің дайындық паспорттарын береді;
5) аудан деңгейінде энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша іс-шараларды әзірлейді;
6) өзінің құзыреті аясында мемлекеттік мекемелердің энергоаудит, терможаңғырту, энергоүнемдейтін лампыларды пайдалануын ескере отырып, парк және көшелерді жарықтандыруды жаңғырту бойынша мониторингті жүзеге асырады;
7) шалғайдағы елді мекенді кенттерде тұратын балаларды жалпы білім беру мектептеріне тасымалдау сызбасы мен тәртібін әзірлейді және бекітеді;
8) қалалық (ауылдық), қала сыртындағы қатынастарда жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар тасымалдауды жүзеге асырған кезде шығындарды субсидиялауды жүзеге асырады;
9) мемлекеттік коммуналдық тұрғын-үй қорынан тұрғын-үйге мұқтаж азаматтарды есепке және кезекке қоюды жүзеге асырады;
10) ауданның елді мекенді кенттерін сумен, жылумен, газбен, электрмен жабдықтау және радиотелефон байланысымен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;
11) тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген "Е-әкімдік", "Е-лицензиялау" ақпараттық жүйесі және халыққа қызмет көрсету интегралды ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсетеді;
12) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өкілеттігі аясында өзге функцияларды жүзеге асырады.
21. "Шарбақты ауданының тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқықары мен міндеттері:
1) "Шарбақты ауданының тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, басқа мекемелерден және азаматтардан қажетті ақпарат сұратуға және алуға;
2) тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында проблемаларды жедел шешу, дамудың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстарды аудан әкімдігінің қарауына енгізуге;
3) "Шарбақты ауданының тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүддесін ұсынады;
4) "Шарбақты ауданының тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыреті аясында аудан әкімдігі қаулыларының жобасын әзірлейді;
5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген өзге құқықтарды және міндеттерді жүзеге асыру болып саналады.
3. "Шарбақты ауданының тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық,
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
22. "Шарбақты ауданының тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесін басқару "Шарбақты ауданының тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттерi және функцияларын орындауға жеке жауапкершілікті бөлім басшысы жүзеге асырады.
23. "Шарбақты ауданының тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шарбақты ауданының әкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
24. "Шарбақты ауданының тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекеме басшысының орынбасарлары жоқ.
25. "Шарбақты ауданының тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекеме басшысының өкілеттігі:
1) "Шарбақты ауданының тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
2) "Шарбақты ауданының тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің функцияларын және өкілеттігін белгілейді;
3) "Шарбақты ауданының тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттiк мекемесінiң қызметкелерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
4) Қазақстан Республикасының заңнамамен белгіленген тәртіпте "Шарбақты ауданының тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекеме қызметкерлерін ынталандыру, оларға тәртіптік шара қолданады;
5) "Шарбақты ауданының тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлерімен орындалуы міндетті, оның құзыретіне қатысты мәселелер бойынша бұйрық қабылдайды және нұсқау береді;
6) "Шарбақты ауданының тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері туралы Ережені бекітеді;
7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Шарбақты ауданының тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесін меншік құрылымына барлық мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда ұсынады;
8) "Шарбақты ауданының тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекеме жұмысының келешек және ағымдағы жоспарын бекітеді.
"Шарбақты ауданының тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезде оның өкілеттігін орындау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлғамен жүзеге асырылады.
26. "Шарбақты ауданының тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен тиісті саланың уәкілетті органдары (жергілікті атқарушы органдары) арасындағы өзара байланыс Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленеді.
27. "Шарбақты ауданының тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекеме әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара байланыс Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес анықталады.
28. "Шарбақты ауданының тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық меншікті басқару жөніндегі уәкілетті органы арасындағы өзара байланыс Қазақстан Республикасының қодданыстағы заңнамасына сәйкес белгіленеді.
4. "Шарбақты ауданының тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық,
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің мүлкi
29. "Шарбақты ауданының тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттiк мекемесінің Қазақстан Республикасының заңнамасында ескерілген жағдайда жедел басқару құқығында жеке мүлкi болады.
"Шарбақты ауданының тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттiк мекемесiнің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк пен, сондай-ақ қызмет нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаржы есебінен қалыптастырылады.
30. "Шарбақты ауданының тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттiк мекемесіе бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
31. "Шарбақты ауданының тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген болмаса, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаржы есебінен сатып алынған мүлікті, өз еркімен иеліктен шығаруға немесе өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. "Шарбақты ауданының тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық,
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік
мекемесін қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату)
32. "Шарбақты ауданының тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттiк мекемесін қайта ұйымдастыру және қысқарту Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
33. "Шарбақты ауданының тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесін таратқан кезде кредиторлар талаптары қанағаттандырылған соң қалған мүлік ауданның коммуналдық меншігіне жатады.
6. "Шарбақты ауданының тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық,
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басқаруындағы мекемелердің тізбесі
34. Шарбақты ауданы әкімдігінің "Ланта" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
35. Шарбақты ауданы әкімдігінің "Қайнар" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны.