Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 1397 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысына, Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 15 шілдедегі № 3/606 "Алматы қаласы әкімдігінің құрылымы туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 1/33 қаулысына және V сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XXXV сессиясының "V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XVIII сессиясының 2013 жылғы 5 шілдедегі № 144 "Алматы қаласын басқару сызбасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 299 шешіміне сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған "Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
3. Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы жергілікті бюджетте тиісті қаржы жылына "Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қаржыландыруды қарастырсын.
4. "Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) "Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Алматы қаласының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыны интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы Б. Қарымсақовқа жүктелсін.
6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі | А. Есімов |
Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 3 ақпандағы № 1/62 қаулысымен бекітілді |
"Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі туралы Ереже 1. Жалпы ережелер
1. "Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Алматы қаласының аумағында ауыл шаруашылық, ветиринарлық және мемлекеттік техникалық инспекциясы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, Алматы қаласы әкімдігінің қаулыларына, Алматы қаласы әкімінің шешімдері мен өкімдеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. "Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі коммуналдық мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өзінің атауы жазылған мөрі және мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында есеп шоттары бар.
4. "Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан қатысады.
5. "Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың, егер ол оған заңнамаға сәйкес уәкілетті болса, бір тарабы болып қатысуына құқығы бар.
6. "Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамамен белгіленген тәртіпте Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. "Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. "Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мекенжайы: 050012, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Қарасай батыр көшесі, 85.
9. Толық атауы:
мемлекеттік тілде: "Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
орыс тілінде: Коммунальное государственное учреждение "Управление сельского хозяйства города Алматы".
10. Осы Ереже "Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. "Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. "Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Басқарманың қызметтері болып табылатын міндеттерді орындау бойынша кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
13. Егер "Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен түскен табыстар мемлекеттік бюджет кірісіне жіберіледі.
2. "Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары және міндеттері
14. Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы", 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес "Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің – ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жұмыстарын үйлестіру, Алматы қаласының азық-түлік белдеуін дамыту жоспары шеңберіндегі жұмыстарды және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ветеринариялық бақылау және қадағалау, ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін және эпизоотиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ветеринария саласындағы мемлекеттік бірыңгай саясатты жүргізу және агроөнеркәсіптік кешенін дамыту үшін мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру болып миссиясы белгіленген.15. "Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттері Қазақстан Республикасының Заңдарымен 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы", 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы", Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларымен белгіленген:
1) агроөнеркәсіп кешені саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;
2) ауыл шаруашылығы саласының жаңа бағыттарын әзірлеу;
3) ауыл шаруашылығы саласында кәсіпкерлік қызметті дамытуға және қала аумағында ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеуге жағдай жасау;
4) Алматы қаласы аумағында эпизоотиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
5) ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу жөнінде кәсіпорындарға консультативтік, ақпараттық және технологиялық көмек көрсетуді іске асыру;
6) Алматы қаласының тұтынушылар базарына негізгі азық-түлік өнімдерінің түрлерін тұрақты жеткізуді қамтамасыз ету үшін жұмыстарды үйлестіру;
7) гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және нығайту.
16. "Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы", 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 қыркүйектегі №239-V "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысымен белгіленген:
1) ауыл шаруашылық өнімдерін, шикізат және азық-түлік тауарларын өндіретін отандық тауар өндірушілердің Алматы қаласының азық-түлік базарларына қол жеткізуін ұйымдастыру шеңберінде мемлекеттік органдар, ұйымдар және түрлі жеке меншік түріндегі кәсіпорындармен өзара қарым-қатынас жасау мен кәсіпорындарының қызметін үйлестіру және оған мониторинг жүргізу;
2) Алматы қаласының агроөнеркәсіп секторын қалыптастыру және дамыту мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу;
3) Алматы қаласының агроөнеркәсіп кешенінің дамуын ақпараттық қамтамасыз етуде көмек көрсету;
4) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының нормаларын сақтау;
5) Алматы қаласының төңірегінде азық-түлік белдеуі бағдарламасын іске асыру мақсатында еліміздің басқа өңірлеріндегі мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерімен өзара қарым-қатынас жасау;
6) ветеринариялық-санитариялық және тағам қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
7) құстар мен жануарлардың аса қауіпті ауруларынан эпизоотиялық қауіпсіздікті сақтау мақсатында малдарға жүргізілетін жоспарлы ветеринариялық іс-шаралар жүргізу;
8) агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру;
9) Алматы қаласының мемлекеттік техникалық инспекциясының, ветеринарияны және ауыл шаруашылығын дамытудағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің мониторингін өткізу;
10) Алматы қаласының азық-түлік тауарлары өңірлік тұрақтандыру қорының қызметін үйлестіру;
11) шығарылатын өнімнің түрлері бойынша өңірлік, ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін ұйымдастыру;
12) агроөнеркәсіп кешенінің азық-түлік қауіпсіздігінің, ауыл шаруашылылығы өнімдерінің бағалары мен базарларының жағдайына мониторинг жүргізу;
13) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесе отырып, халық денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
14) Алматы қаласының аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, карантинді немесе шектеу iс-шараларын белгілеу үшін жергілікті атқарушы органға бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсыныстарын енгізу;
15) Алматы қаласы аумағында пайда болған жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін шектеу іс-шараларын немесе карантинді алып тастау туралы жергілікті атқарушы органга бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсыныстарын енгізу;
16) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, ветеринариялық препараттардын өндірілуін қоспағанда ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау;
17) жергілікті атқарушы органға белгілеген тәртіппен аумақты аймақтарға бөлу туралы ұсыныстар енгізу;
18) уәкілетті органның келісімімен Алматы қаласының аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарын бекіту;
19) Алматы қаласының аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыру;
20) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық препараттарды сақтауды, тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру;
21) Қазақстан Республикасы заң актілерінде көрсетілген жағдайлардан басқа, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды тасымалдау (жеткізу), ветеринариялық паспортты дайындау жөнінде көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;
22) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордың жүргізілуін ұйымдастыру;
23) ветеринариялық есептiлiктi жинақтау, талдау және оларды уәкiлеттi органға ұсынуды ұйымдастыру;
24) жануарлардың энзоотиялық ауруларының алдын алу және диагностикасы бойынша ветеринариялық препараттарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;
25) ветеринариялық препараттарды сақтауды және тасымалдауды (жеткізуді) жүзеге асыру, жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасы жөнінде ветеринариялық іс-шаралар жүргізу;
26) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының және жануарлардың энзоотиялық ауруларының алдын алу бойынша іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;
27) ветеринария мәселелері бойынша халық арасында ағарту жұмысын ұйымдастыру және жүргізу;
28) ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлеріне қажеттілікті айқындау және процессингтік орталыққа ақпарат беру;
29) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыру;
30) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;
31) Алматы қаласының жергілікті өкілді органына бекіту үшін жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу;
32) мүдделі тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
33) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (малды союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдау жөніндегі мемлекеттік комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру және қатысу;
34) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай, залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;
35) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай, залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;
36) жануарлар өсiрудi, жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiн, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндiру, сақтау және өткiзу жөнiндегi ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттiк комиссияларға қатысу;
37) алдын алу мен диагностикасы бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тiзбесiн жергілікті өкілетті органға бекiту үшін ұсыну;
38) ауру малдарды санитариялық союды ұйымдастыру;
39) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру;
40) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
41) эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу;
42) Алматы қаласы аумағында ветеринария саласындаға өзге де құқықтық нормативтік актілерде, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
ішкі сауда объектілерінде;
жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);
ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларда;
экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;
экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, қайта өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне бақылауды жүзеге асыру;
43) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;
44) әкімшілік құқық бұзушылық істерінің жүргізілуін әкімшілік құқықтық Кодексіне сәйкес жүзеге асыру:
45) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
46) жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актілерін жасау;
47) уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық және басқа да ауруларының алдын алу, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;
48) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер тізімін бекіту.
49) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
50) мемлекеттік тұрақтандырудың астық ресурстарын қалыптастыру көлемін бекіту үшін астық мұқтажын бәсекелестік секторы қамтамасыз етпеген өтінімдерді уәкілетті органға ұсыну;
51) ішкі нарықты реттеу мақсатында мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандырудың астық ресурстарының астығын оларға өткізу үшін астықты қайта өңдеу ұйымдарын; мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандырудың астық ресурстарының астығынан өндірілген ұнды оларға сату үшін нан пісіру ұйымдарын айқындау;
52) астықты қайта өңдеу ұйымдарының мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандырудың астық ресурстарының астығын нысаналы пайдалануын бақылау;
53) Қазақстан Республикасының өсімдік шаруашылығы саласындағы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
54) агенттің, қоғамның қызметін, олардың Қазақстан Республикасының өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
55) сақтанушылардың міндетті сақтандыру шарттарын жасасудан жалтаруы туралы және қоғамның Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамасының талаптарын сақтамауы туралы істерді қарау;
56) өздерінің бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды сақтанушыдан, сақтандырушыдан, агенттен және қоғамнан алудың мерзімдерін және үлгілерін белгілеу;
57) карантинді объектілердің таралуының есебін жүргізу және уәкілетті орган мен мүдделі тұлғаларға ақпарат беру;
58) өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
59) өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау объектілерінде осы объектілердің иелері – жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік басқару органдарының өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізуін ұйымдастыру;
60) тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты және мемлекеттік бақылауды іске асыру;
61) уәкілетті органның қарауына элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарының элиталық тұқымдарды өндіру мен өткізу көлемі жөнінде ұсыныстар енгізу;
62) тұқым шаруашылығы субъектілеріне және тұқым сапасына сараптама жүргізу жөніндегі зертханаларға уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тиісті куәлік бере отырып, оларды аттестаттаудан өткізу;
63) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;
64) Алматы қаласы бойынша тұқымдар баланстарын жасау;
65) ауыл шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым шаруашылығы саласындағы қажетті ақпарат беруді қамтамасыз ету;
66) құзыреті шегінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің сақтық және ауыспалы тұқым қорларын қалыптастыруына жәрдемдесу;
67) бастапқы, элиталық тұқым шаруашылығын жүргізу және ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдарын жаппай көбейту схемалары мен әдістері бойынша ұсыныстар енгізу;
68) сұрыптық және тұқымдық бақылауды жүзеге асыру, сұрыптық егiстіктердi байқаудан өткiзуді, жерге егiп бағалауды, зертханалық сұрыптық сынақтарды, тұқым сапасына сараптама жүргізу тәртібінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
69) тұқымдардың мемлекеттiк ресурстарының саны-сапасы жағынан жай-күйiн бақылауды жүзеге асыру;
70) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындалатын квоталар шегінде субсидиялауға жататын тұқымдарды өткізудің шекті бағаларын белгілеу;
71) субсидиялауға жататын тұқымдардың әрбір түрі бойынша жыл сайынғы квоталарды: тұқым шаруашылығы саласында аттестатталған әрбір субъект үшін – бірегей тұқымдар бойынша; Алматы қаласы үшін элиталық тұқымдар бойынша айқындау;
72) субсидияланған бiрегей және элиталық тұқымдардың мақсатты пайдаланылуын бақылау;
73) сынықтан өткiзушiлер мен тұқым сарапшылары кадрларын даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру;
74) ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi тұқымдарының сұрыптық және егістік сапасына сараптама жүргiзу жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
75) тұқым шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспектордың ұсынысы негізінде:
субъектiнiң тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыруға құқығын куәландыратын аттестаттау туралы куәлігінің қолданысын;
тұқымдардың сұрыптық және егістік сапаларына сараптама жүргiзу жөніндегі қызметті тоқтатады;
76) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерiн мемлекеттiк қолдау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
77) азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің, бағалардың және агроөнеркәсіптік кешен өнімдері нарықтарының мониторингін жүргізу;
78) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тізбе мен тәртіпке сәйкес зиянды организмдерге қарсы күрес жөнінде іс-шаралар жүргізуді қамтамасыз ету;
79) ішкі және сыртқы азық-түлiк нарықтарындағы ахуалды зерделеу және агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің тиісті ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету;
80) агроөнеркәсіптік кешеннің жай-күйi мен дамуы туралы ақпаратты агроөнеркәсіптiк кешендi дамыту мәселелерi жөнiндегі уәкілеттi мемлекеттiк органдарға беру;
81) Алматы қаласының азық-түлікпен қамтамасыз етілу теңгерімін жасау;
82) Алматы қаласының тұрақтандыру қорымен жұмыстар жүргізу, сатып алу, сату интервенциялары бойынша жұмыстар жүргізу, тиісті комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру.
83) Алматы қаласының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде сауда саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу;
84) ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің тұтынушылар нарығына шығуына қолайлы жағдай жасау;
85) қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
86) өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
87) арнайы сақтау орындарын (қорымдар) салу, тиісті жағдайда күтіп-ұстау және қолдауды жүзеге асыру;
88) Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер алуға теориялық емтиханды қабылдау жөніндегі емтихан комиссияларын ұйымдастыру жұмысына қатысу;
89) "Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтер көрсету;
90) қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарын өндіруді, өткізуді және нарықтағы айналымын тоқтата тұру туралы ұйғарымдар беру;
91) Басқарма құзыретіне қатысты түскен құжаттарды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, оларға сәйкесінше жауаптарды, ақпараттарды және талдау материалдарын дайындау;
92) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
17. "Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:
1) кәсіпорындардан, ұйымдардан және мекемелерден Басқармаға жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті мәліметтерді, анықтамаларды, құжаттарды сұрау және алу;
2) Басқарма қызметі мәселелері жөнінде Алматы қаласының әкімдігіне ұсыныстар ұсыну;
3) шағым жасау, талап-арыз жазу, соттарда талапкер және жауапкер ретінде әрекет ету;
4) мемлекеттік органдардың және өзге ұйымдардың мамандарын, сондай-ақ шетелдік және жергілікті сарапшылар мен мамандарды жұмысқа тарта отырып, Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша жұмыс топтарын және комиссиялар құру;
5) Басқарма құзыретіне жататын мәселелерді реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің жобасын әзірлеп, нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныс дайындау;
6) заңнамада белгіленген тәртіппен барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдар қызметінің, өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарна сәйкестігін тексеруді жүзеге асыру;
7) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы заңнамаларын бұзылуы туралы хаттамалар (актiлер) жасау;
8) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзғаны үшiн әкiмшiлiк жазалау туралы қаулылар шығару;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде өзге де функцияларды жүзеге асыру.
3. "Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
18. "Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және олардың өздерінің функцияларының жүзеге асырылуына дербес жауапкершілікте болатын бірінші басшы жүзеге асырады.19. "Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымына Алматы қаласы әкімінің өкімімен тағайындалады және лауазымнан босатылады.
20. "Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары бар.
21. Басшының өкілеттіктері:
1) "Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды;
2) өзінің орынбасарларының және "Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бөлім басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
3) "Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа қарсы әрекетіне бағытталған шаралар қолданады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қолдануда дербес жауапкершілікте болады.
4) заңнамаға сәйкес "Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
5) заңнамамен белгіленген тәртіпте "Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелейді, оларға тәртіптік жазалар белгілейді;
6) "Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымын және оның бөлімдері туралы ережелерді бекітеді;
7) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда "Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
8) өзінің өкілеттігі шегінде бұйрықтар шығарады;
9) заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
10) "Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының ол болмаған кездегі өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
22. Басшы өзінің орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4. "Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі
23. "Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оралымды басқару құқығында заңнамамен көзделген жағдайда оқшауланған мүлкі болады."Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған жеке қызметінің және басқа да көздердің нәтижесінде алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) есебінен құралады.
24. "Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
25. "Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражаттардың есебінен алынған, егер заңнамамен өзге әрекеттер көзделмеген болса, өзіне бекітілген мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе өзге де әдістермен иелік етуге құқығы жоқ.