Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi «Бiлiм туралы» Заңының 6 бабының 3 тармағы 24-2) тармақшасына сәйкес Алматы қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Алматы қаласы бiлiм беру ұйымдарының iшкi тәртiбiнiң үлгi қағидасы бекiтiлсiн.
2. Алматы қаласы Бiлiм басқармасы осы қаулының әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуін, оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және интернет-ресурста орналастырылуын қамтамасыз етсiн.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкiмiнiң орынбасары З. Аманжоловаға жүктелсiн.
4. Осы қаулы әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Алматы қаласының әкiмi |
А. Есiмов |
Алматы қаласы әкімдігінің |
Алматы қаласы білiм беру ұйымдарының iшкi тәртiбiнiң үлгi қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Алматы қаласы бiлiм беру ұйымдарының iшкi тәртiбiнiң үлгi қағидасы (бұдан әрi - Үлгi қағида) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi «Бiлiм туралы» Заңының 6бабының 3 тармағы 24-2) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және бiлiм беру ұйымдарының iшкi тәртiбiнiң қағидасын әзiрлеу және бекiту үшiн негiз болып табылады.
2. Үлгi қағида бiлiм беру ұйымдарының iшкi тәртiбінің ережесiн әзiрлеу және бекiту кезiнде бiрыңғай тәсiлдi қамтамасыз ету мақсатында әзiрленген.
3. Бiлiм беру ұйымдарының қызмет режимiн ескере отырып (бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердiң тәулiк бойы болуы, олардың белгiлi бiр уақытта ғана болуы, оқу сабақтарының ауысымдылығы және бiлiм беру ұйымының өзге де жұмыс ерекшелiгiне қарай) бiлiм беру ұйымының әкiмшiлiгi педагог және өзге де қызметкерлердiң жұмыс және демалыс уақытының режимiн белгiлейдi.
4. Iшкi тәртiптi қамтамасыз ету мақсатында бiлiм беру ұйымының әкiмшiлiгi бiлiм беру ұйымының кызметкерлерiнiң, сонымен қатар бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердiң бiлiм беру саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасымен және бiлiм беру ұйымының iшкi тәртiп ережесiмен жүктелген мiндеттердi сақтауын қамтамасыз етедi.
2. Бiлiм беру ұйымының iшкi тәртiбi
5. Бiлiм беру ұйымының iшкi тәртiп ережесiнде:
бiлiм беру ұйымының әкiмшiлiгi және педагогтерiнiң бiлiм алушылармен және тәрбиеленушiлермен өзара қарым-қатынасы;
оқу-тәрбие процесiне қатысушылардың тәртiбi;
бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердiң бiлiм алуы және өмiрi мен денсаулығын сақтау, балалардың құқықтарын қорғау үшiн жағдайлар жасау;
ұйым қызметкерлерiнiң кәсiби бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру;
бiлiм беру ұйымы жұмысының басталу және аяқталу уақыты, олардың арасындағы үзiлiстер;
бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердiң оқу сабақтарының ұзақтығы қамтылуы тиiс.
6. Бiлiм беру ұйымының әкiмшiлiгi қызметкерлердiң, бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердiң, сонымен қатар олардың ата-аналарының немесе заңды өкiлдерiнiң бiлiм беру ұйымының iшкi тәртiбiне қолжетiмдiлiгiн және таныстыруды қамтамасыз етеді.