"Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 1/120 қаулысы. Алматы қаласының әділет департаментінде 2015 жылғы 2 наурызда № 1143 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 30 қаңтардағы № 1/46 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 30.01.2023 № 1/46 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.

      2. "Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) оның Құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер туралы Алматы қаласының әділет органдарына хабарласын;

      2) осы қаулыны интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы Б. Қарымсақовқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі А. Есімов

  Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы "24" ақпандағы
№ 1/120 қаулысымен бекітілді

"Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже 1. Жалпы ережелер

      1. "Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің қызметін ақпараттық - талдау, ұйымдық - құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

      2. "Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, Алматы қаласы әкімдігінің қаулыларына, Алматы қаласы әкімінің шешімдері мен өкімдеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. "Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық үлгісіндегі заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өзінің атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары бар.

      4. "Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. "Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

      6. "Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамамен белгіленген тәртіпте Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер және өкімдер қабылдайды.

      7. "Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы және штат кестесі қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 050010, Алматы қаласы, Пушкин көшесі, 72.

      9. Толық атауы:

      мемлекеттік тілде: "Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      орыс тілінде: коммунальное государственное учреждение "Аппарат акима Медеуского района города Алматы".

      10. Осы Ереже "Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. "Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. "Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. "Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына сәйкес "Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы – ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету деп белгіленген.

      14. "Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттері Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 35, 38 баптарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 "Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы" Жарлығымен белгіленген:

      1) Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметінің актілерінің орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету және ауданның аумағында орналасқан кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің және азаматтардың оларды орындауын қамтамасыз ету;

      2) мемлекеттік қызметшілердің және "Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі бөлімдері қызметтерінің тиімділігін бағалау;

      3) аудан әкімі белгілеген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

      15. "Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің фукциялары Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 9-2 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 38 бабына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі "Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңының 8 бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 25 тамыздағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы" № 898 Жарлығына сәйкес белгіленген:

      1) Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі мен аппаратын ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық мәселелер бойынша қамтамасыз ету;

      2) аудан аумағында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасасу;

      3) Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің тапсырмасы бойынша аудан әкімі мен аппараттың мүдделерін сотта қорғау, прокурорлық назар аудару актісін қарау;

      4) мемлекеттік қызметтерді көрсету:

      спортшыларға: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, жасөспірімдер бойынша 1-разрядты спортшы, жасөспірімдер бойынша 2-разрядты спортшы, жасөспірімдер бойынша 3-разрядты спортшы спорттық разрядтарын береді;

      мынадай: біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі біліктілік санаттарын береді;

      азаматтық хал актілерді тіркеу және туу туралы куәліктерді беру кезінде жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру;

      5) "Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ісін жүргізу, оның ішінде құпия, арнайы байланыс бойынша, хат-хабарларды өңдеу, құпия режимін, "Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында ішкі нысандар ережесін нормативтік құқықтық актілер талаптарына сәйкес қамтамасыз ету;

      6) мемлекеттік органның қызмет бағыты бойынша оның жұмысының сапасы мен өнімділігін арттыру мақсатында ішкі бақылауды жүзеге асыру;

      7) іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуді кезең-кезеңмен енгізу;

      8) аудан әкімінде, оның орынбасарларында, "Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің аппарат басшысындағы кеңестерді ұйымдастыру, кеңес хаттамаларын ресімдеу және тарату;

      9) аудан әкімінің, оның орынбасарларының, "Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының тапсырмалары бойынша аудан әкімі шешімдері мен өкімдерінің жобаларын әзірлеу, оларды тарату және сақтау;

      10) аудан аппараты актілерінің, аудан әкімінің және оның орынбасарларының актілері мен тапсырмаларының, аудан аппараты мәжілістері тапсырмаларының орындалуын бақылау, осы мәселелер бойынша аудан әкіміне мәлімет беру;

      11) жеке және заңды тұлғалардың жазбаша өтініштерін қарау;

      12) азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыру;

      13) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдесу;

      14) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

      15) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру;

      16) жалғызiлiктi қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйiнде қызмет көрсетудi ұйымдастыру;

      17) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған

      адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету;

      18) әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдесу;

      19) Алматы қаласы Медеу ауданының көріктендіру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөнiндегi жұмыстарын ұйымдастыру;

      20) жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасасу;

      21) Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;

      22) кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізу;

      23) кадрлық құрам бойынша ұсыныстарды зерделеу, дайындау және енгізу;

      24) "Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі кадрларының оқуын және қайта даярлығын ұйымдастыру;

      25) гендерлік аспектілерді қарау;

      26) әкімшілік құқық бұзушылық Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзу туралы іс жүргізуді жүзеге асыру;

      27) "Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген өзге де функциялар.

      16. Негізгі міндеттерді іске асыру және өзінің функцияларын жүзеге асыру мақсатында "Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзінің құзыреті шегінде:

      1) "Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарауына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және өзге ұйымдармен, оның ішінде арнайы байланыс және көрсеткіштерді беру жүйесін пайдаланып, құпия және қызметтік жазбаларды жүргізу;

      2) өз құзіретіндегі мәселелер бойынша бақылау және үйлестіруді жүзеге асыру;

      3) заңнамада белгiленген тәртiпте мемлекеттік органдардан, мекемелер мен лауазымды тұлғалардан қажетті ақпараттар мен материалдарды алуға;

      4) жоғары тұрған органдарға атаулы әлеуметтiк көмек көрсету жөнiнде ұсыныс енгiзуге;

      5) әкімнің аппараты әкімгері болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының талқылауына жергілікті маңызы бар мәселелерді Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығарады;

      6) Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 56 бабында белгіленген тәртіпте, сотқа талап арызбен жүгіну;

      7) өзіне берілген мүлікті басқаруға;

      8) заңнамаға сәйкес өзге құқықтарды жүзеге асыру.

3. "Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      17. "Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының басшысы жүзеге асырады, ол "Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оының функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

      18. Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңмен белгіленген тәртіпте қызметке тағайындалады және босатылады.

      19. Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының басшысы:

      1) қала әкімінің бекітуіне "Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені, аудан әкімі орынбасарларының арасында міндеттерді бөлу, "Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штаттық құрамын ұсынады, штаттық құрамда бекітілген шектерде оған өзгерістер енгізеді;

      2) "Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысына басшылық жасайды және ұйымдастырады;

      3) аудан әкімінің қабылданған шешімдері мен өкімдерінің орындалуы мен қадағалауына, оның тапсырмаларының орындалуына, құжаттардың өтуіне бақылау жөніндегі жұмысты үйлестіреді;

      4) аудан әкіміне оның қол қою және қарау үшін аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін және аудан әкіміне жолданған басқа да құжаттар мен материалдарды ұсынады;

      5) ішкі еңбек тәртібін белгілейді;

      6) қызметтік құжаттамаға қол қояды;

      7) бөлінген еңбекақы төлеу қорының шегінде Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына үстемеақылар және қосымшаақылар мен тәртіптік жаза беру мәселесі бойынша ұсыныстар енгізеді;

      8) жалпы басшылық жасайды және "Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі бөлімдерінің қызметін үйлестіреді;

      9) әкімнің тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдардың Медеу ауданының әкімі қабылдаған актілерінің орындалуы мәселелері жөніндегі келіспеушіліктерді қарау жөніндегі мәжілістерді шақырады;

      10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шара қолдануға жеке жауапкершілікте болады;

      11) осы ережеде көрсетілген, сондай-ақ Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі оған жүктеген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының басшысы болмаған кезенде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. "Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      20. "Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оралымды басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      "Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметінің нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      21. "Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      22. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, "Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз қалауымен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      23. "Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения о коммунальном государственном учреждении "Аппарат акима Медеуского района города Алматы"

Постановление акимата города Алматы от 24 февраля 2015 года № 1/120. Зарегистрировано Департаментом юстиции города Алматы 2 марта 2015 года № 1143. Утратило силу постановлением акимата города Алматы от 30 января 2023 года № 1/46

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Алматы от 30.01.2023 № 1/46 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", акимат города Алматы ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемое Положение о коммунальном государственном учреждении "Аппарат акима Медеуского района города Алматы".

      2. Коммунальному государственному учреждению "Аппарат акима Медеуского района города Алматы" в установленном законодательством порядке:

      1) известить органы юстиции города Алматы о внесенных изменениях в его Учредительные документы;

      2) обеспечить размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя аппарата акима города Алматы Б. Карымсакова.

      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким города Алматы А. Есимов

  Утверждено
постановлением акимата города Алматы
от "24" февраля 2015 года № 1/120

Положение о коммунальном государственном учреждении "Аппарат акима Медеуского района города Алматы" 1. Общие положения

      1. Коммунальное государственное учреждение "Аппарат акима Медеуского района города Алматы" является государственным органом, осуществляющим информационно-аналитическое, организационно-правовое и материально-техническое обеспечение деятельности акима Медеуского района города Алматы.

      2. Коммунальное государственное учреждение "Аппарат акима Медеуского района города Алматы", осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и Законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, постановлениями акимата города Алматы, решениями и распоряжениями акима города Алматы, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      3. Коммунальное государственное учреждение "Аппарат акима Медеуского района города Алматы" является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.

      4. Коммунальное государственное учреждение "Аппарат акима Медеуского района города Алматы" вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      5. Коммунальное государственное учреждение "Аппарат акима Медеуского района города Алматы" имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государcтва, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.

      6. Коммунальное государственное учреждение "Аппарат акима Медеуского района города Алматы" по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения и распоряжения, оформляемые актами акима Медеуского района города Алматы, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.

      7. Структура и лимит штатной численности коммунального государственного учреждения "Аппарата акима Медеуского района города Алматы" утверждаются в соответствии с действующим законодательством.

      8. Место нахождение юридического лица: 050010, город Алматы, улица Пушкина, 72.

      9. Полное наименование:

      на государственном языке: "Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      на русском языке: Коммунальное государственное учреждение "Аппарат акима Медеуского района города Алматы".

      10. Настоящее Положение является учредительным документом коммунального государственного учреждения "Аппарат акима Медеуского района города Алматы".

      11. Финансирование деятельности коммунального государственного учреждения "Аппарат акима Медеуского района города Алматы" осуществляется из местного бюджета.

      12. Коммунальному государственному учреждению "Аппарат акима Медеуского района города Алматы" запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющиеся функциями коммунального государственного учреждения "Аппарат акима Медеуского района города Алматы".

      Если коммунальному государственному учреждению "Аппарат акима Медеуского района города Алматы" законодательными актами Республики Казахстан предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности коммунального государственного учреждения "Аппарат акима Медеуского района города Алматы"

      13. В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" опеределена миссия коммунального государственного учреждения "Аппарат акима Медеуского района города Алматы" - информационно-аналитическое, организационно-правовое и материально-техническое обеспечение деятельности акима Медеуского района города Алматы.

      14. Задачи коммунального государственного учреждения "Аппарат акима Медеуского района города Алматы" опеределены статьями 35, 38 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Указом Президента Республики Казахстан от 19 марта 2010 года № 954 "О системе ежегодной оценки эффективности деятельности центральных государственных и местных исполнительных органов областей, города республиканского значения, столицы":

      1) содействие исполнения Законов Республики Казахстан, актов Президента и Правительства Республики Казахстан, нормативных правовых актов центральных и местных государственных органов, расположенными на территории района предприятиями, организациями, учреждениями и гражданами;

      2) оценка эффективности деятельности государственных служащих и отделов коммунального государственного учреждения "Аппарата акима Медеуского района города Алматы";

      3) осуществление иных задач, определяемых акимом района.

      15. Функции коммунального государственного учреждения "Аппарат акима Медеуского района города Алматы" определены в соответствии со статьей 9-2 Закона Республики Казахстан от 27 ноября 2000 года "Об административных процедурах", со статьей 38 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", со статьей 8 Закона Республики Казахстан от 3 июля 2014 года "О физической культуре и спорте", Указом Президента Республики Казахстан от 25 августа 2014 года № 898 "О мерах по разграничению полномочий между уровнями государственного управления Республики Казахстан":

      1) информационно-аналитическое, организационно-правовое, материально-техническое обеспечение деятельности аппарата и акима Медеуского района города Алматы;

      2) взаимодействие с правоохранительными органами по обеспечению общественного порядка и безопасности на территории района;

      3) по поручению акима Медеуского района города Алматы представление и защита интересов аппарата и акима района в судах, рассмотрение актов прокурорского реагирования;

      4) оказание государственных услуг:

      присвоение спортсменам спортивных разрядов: спортсмен 2 разряда, спортсмен 3 разряда, спортсмен 1 юношеского разряда, спортсмен 2 юношеского разряда, спортсмен 3 юношеского разряда;

      присвоение квалификационных категорий: тренер высшего уровня квалификации второй категории, тренер среднего уровня квалификации второй категории, методист высшего уровня квалификации второй категории, методист среднего уровня квалификации второй категории, инструктор-спортсмен высшего уровня квалификации второй категории, спортивный судья;

      регистрация актов гражданского состояния и формирование индивидуальных идентификационных номеров при выдаче свидетельств о рождении;

      5) организация и ведение делопроизводства коммунального государственного учреждения "Аппарат акима Медеуского района города Алматы", в том числе секретного, специальной связи, обработка корреспонденции, обеспечение в соответствии с требованиями нормативных правовых актов режима секретности, внутриобъектового режима в здании коммунального государственного учреждения "Аппарат акима Медеуского района города Алматы";

      6) осуществление внутреннего контроля по направлениям деятельности государственного органа с целью повышения качества и производительности его работы;

      7) поэтапное внедрение делопроизводства на государственном языке;

      8) организация проведения совещаний у акима района, его заместителей, руководителя аппарата коммунального государственного учреждения "Аппарат акима Медеуского района города Алматы", оформление и рассылка материалов, протоколов совещаний;

      9) по поручениям акима района, его заместителей, руководителя коммунального государственного учреждения "Аппарат акима Медеуского района города Алматы" подготовка проектов решений и распоряжений акима района, их рассылка и хранение;

      10) контроль за исполнением актов и поручений акима района и его заместителей, протокольных поручений совещаний акима района, информирование по данным вопросам акима района;

      11) рассмотрение обращений физических и юридических лиц;

      12) организация приема граждан и представителей юридических лиц;

      13) содействие сбору налогов и других обязательных платежей в бюджет;

      14) в пределах своей компетенции организация и обеспечение исполнение законодательства Республики Казахстан по вопросам о воинской обязанности и воинской службы, гражданской обороны, мобилизационной подготовки и мобилизации, а также в сфере гражданской защиты;

      15) организация работы по сохранению исторического и культурного наследия;

      16) организация обслуживания одиноких престарелых и нетрудоспособных граждан на дому;

      17) участие в обеспечении трудоустройства лиц, состоящих на учете в службе пробации уголовно-исполнительной инспекции, и оказание иной социально-правовой помощи;

      18) содействие развитию социальной инфраструктуры;

      19) организация работы по благоустройству, освещению, озеленению и санитарной очистке территории Медеуского района города Алматы;

      20) взаимодействие с органами местного самоуправления;

      21) освещение деятельности акима Медеуского района города Алматы в средствах массой информации;

      22) ведение реестра непрофессиональных медиаторов;

      23) изучение, подготовка и внесение предложений по кадровому составу;

      24) организация учебы и переподготовки кадров коммунального государственного учреждения "Аппарат акима Медеуского района города Алматы";

      25) рассмотрение гендерных аспектов;

      26) в соответствии с Кодексом об административных правонарушениях осуществление производства по делам об административных правонарушениях;

      27) иные функции, возложенные на коммунальное государственное учреждение "Аппарат акима Медеуского раона города Алматы".

      16. В целях реализации основных задач и осуществления своих функций коммунальное государственное учреждение "Аппарат акима Медеуского района города Алматы", в пределах своей компетенции, вправе:

      1) вести служебную переписку, в том числе секретную с использованием специальной связи и системы передачи данных с государственными органами и иными организациями по вопросам, отнесенными к ведению коммунального государственного учреждения "Аппарат акима Медеуского района города Алматы";

      2) осуществлять координацию и контроль по вопросам своей компетенции;

      3) запрашивать и получать в установленном законодательством порядке от государственных органов, организаций и их должностных лиц необходимую информацию и материалы;

      4) вносить в вышестоящие органы предложения по обеспечению занятости, оказанию адресной социальной помощи;

      5) при разработке бюджетной программы, администратором которой выступает аппарат акима района, выносить на обсуждение собрания местного сообщества предложения по финансированию вопросов местного значения по направлениям, предусмотренным в составе бюджета района в соответствии с бюджетным законодательством Республики Казахстан;

      6) обращаться в суд с иском в порядке, установленном HYPERLINK "jl:1013921.560000%20" статьей 56 Гражданского процессуального кодекса Республики Казахстан;

      7) управлять переданным ему имуществом;

      8) осуществлять иные права в соответствии с законодательством.

3. Организация деятельности коммунального государственного учреждения "Аппарат акима Медеуского района города Алматы"

      17. Руководство коммунальным государственным учреждением "Аппарат акима Медеуского района города Алматы" осуществляется Руководителем аппарата акима Медеуского района города Алматы, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на коммунальное государственное учреждение "Аппарат акима Медеуского района города Алматы" задач и осуществление им своих функций.

      18. Руководитель аппарата акима Медеуского района города Алматы назначается на должность и освобождается от должности акимом района.

      19. Руководитель аппарата акима Медеуского района города Алматы:

      1) представляет на утверждение в акимат города Алматы Положение о коммунальном государственном учреждении "Аппарат акима Медеуского района города Алматы", вносит предложения по распределению обязанностей между заместителями акима Медеуского района города Алматы, структуре и штатной численности коммунального государственного учреждения "Аппарат акима Медеуского района города Алматы", вносит в него изменения в пределах утвержденной штатной численности;

      2) организует и руководит работой коммунального государственного учреждения "Аппарат акима Медеуского района города Алматы";

      3) координирует работу по контролю за исполнением и соблюдением принятых решений и распоряжений акима Медеуского района города Алматы, исполнением его поручений, прохождением документов;

      4) представляет на подпись и рассмотрение акиму района проекты решений и распоряжений акима района и другие адресуемые акиму района документы и материалы;

      5) устанавливает внутренний трудовой распорядок;

      6) подписывает служебную корреспонденцию;

      7) в установленном законодательством порядке вносит предложения по надбавкам, доплатам и поощрениям сотрудников коммунального государственного учреждения "Аппарат акима Медеуского района города Алматы" в пределах выделенного фонда оплаты труда и наложению дисциплинарных взысканий;

      8) осуществляет общее руководство и координацию деятельности отделов коммунального государственного учреждения "Аппарат акима Медеуского района города Алматы";

      9) созывает по поручению акима Медеуского района города Алматы совещания по рассмотрению разногласий государственных органов по вопросу исполнения принятых актов акима Медеуского района города Алматы;

      10) принимает меры, направленные на противодействие коррупционным правонарушениям и несет персональную ответственность за принятие антикоррупционных мер;

      11) осуществляет другие полномочия, предусмотренные настоящим Положением, а также возложенные на него акимом Медеуского района города Алматы.

      Исполнение полномочий руководителя аппарата акима Медеуского района города Алматы в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

4. Имущество коммунального государственного учреждения "Аппарат акима Медеуского района города Алматы"

      20. Коммунальное государственное учреждение "Аппарат акима Медеуского района города Алматы" может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан.

      Имущество коммунального государственного учреждения "Аппарат акима Медеуского района города Алматы" формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      21. Имущество, закрепленное за коммунальным государственным учреждением "Аппарат акима Медеуского района города Алматы", относится к коммунальной собственности.

      22. Коммунальное государственное учреждение "Аппарат акима Медеуского района города Алматы" не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством Республики Казахстан.

5. Реорганизация и ликвидация коммунального государственного учреждения "Аппарат акима Медеуского района города Алматы"

      23. Реорганизация и упразднение коммунального государственного учреждения "Аппарат акима Медеуского района города Алматы" осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.