Алматы қаласы әкімдігінің "Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" 2014 жылғы 22 мамырдағы № 2/387 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 1/123 қаулысы. Алматы қаласының Әділет департаментінде 2015 жылғы 18 наурызда № 1148 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 23 акпандағы № 1/54 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 23.02.2016 № 1/54 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы", 2014 жылғы 17 сәуірдегі "Жол жүрісі туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 265 "Автомобиль көлігі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері туралы" қаулысын басшылыққа ала отырып, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Алматы қаласы әкімдігінің "Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" 2014 жылғы 22 мамырдағы № 2/387 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 1052 тіркелді, 2014 жылғы 5 маусымда "Алматы Ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланды) келесі толықтырулар енгізілсін:
      аталған қаулымен бекітілген "Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті:
      келесі мазмұндағы 15 тармақпен толықтырылсын:
      "15. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің 4 қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес- процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.";
      осы қаулының қосымшасына сәйкес 4 қосымшамен толықтырылсын.
      2. Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы осы қаулыны интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ю. Ильинге жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Алматы қаласының әкімі А. Есімов

  Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 24.02 № 1/123
қосымша
  "Халықаралық техникалық
байқау сертификаттарын беру"
мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне
4 қосымша

"Халықаралық техникалық байқау
сертификаттарын беру"
(мемлекеттік қызметтің атауы)
мемлекеттік қызмет көрсетудің
бизнес-процестерінің анықтамалығы

      


О внесении дополнений в постановление акимата города Алматы от 22 мая 2014 года № 2/387 "Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача международного сертификата технического осмотра"

Постановление акимата города Алматы от 24 февраля 2015 года № 1/123. Зарегистрировано в Департаменте юстиции города Алматы 18 марта 2015 года № 1148. Утратило силу постановлением акимата города Алматы от 23 февраля 2016 года № 1/54

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Алматы от 23.02.2016 № 1/54.
       В соответствии с Законами Республики Казахстан от 4 июля 2003 года "Об автомобильном транспорте", от 17 апреля 2014 года "О дорожном движении", от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и от 15 апреля 2013 года "О государственных услугах", руководствуясь постановлением Правительства Республики Казахстан от 26 марта 2014 года № 265 "О вопросах оказания государственных услуг в сфере автомобильного транспорта", акимат города Алматы ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление акимата города Алматы от 22 мая 2014 года № 2/387 "Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача международного сертификата технического осмотра" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 1052, опубликовано 5 июня 2014 года в газетах "Алматы Ақшамы" и "Вечерний Алматы") следующие дополнения:
      регламент государственной услуги "Выдача международного сертификата технического осмотра", утвержденный указанным постановлением:
      дополнить пунктом 15 следующего содержания:
      "15. Подробное описание последовательности процедур (действий), взаимодействий структурных подразделений (работник) услугодателя в процессе оказания государственной услуги, а также описание порядка взаимодействия с иными услугодателями и порядка использования информационных систем в процессе оказания государственной услуги отражается в справочнике бизнес – процессов оказания государственной услуги согласно приложение 4 к настоящему Регламенту.";
      дополнить приложением 4 согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Управлению пассажирского транспорта города Алматы обеспечить размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Алматы Ю. Ильина.
      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Аким города Алматы
А. Есимов

      

  Приложение к постановлению
акимата города Алматы
от 24 февраля 2015 года № 1/123
Приложение 4 к регламенту государственной
услуги "Выдача международного
сертификата технического осмотра"

Справочник
бизнес-процессов оказания государственной услуги
"Выдача международного сертификата технического
осмотра" (наименование государственной услуги)