Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 16 және 69 баптарына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 бабына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2017 жылғы Универсиада объектілеріне коммуналдық және инженерлік желілерді тарту және пайдалану үшін Медеу ауданындағы Құлжа тас жолы бойында орналасқан жер учаскелеріне осы қаулының қосымшасына сәйкес қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Алматы қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы заңмен белгіленген тәртіпте:
1) жер учаскелерінің меншік иелеріне және жер пайдаланушыларына қабылданған қаулы туралы хабарласын.
2) осы қаулыны интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Б. Сауранбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі Б. Байбек
Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 17 қыркүйектегі
№ 3/557 қаулысына қосымша
Р/с № |
Жер учаскесінің орналасқан жері |
Қауымдық сервитут белгілеу көлемі, гектар |
1 |
2 |
3 |
1 |
Құлжа тас жолының шығысы, Талғар тас жолының солтүстігі |
18,0131 |
3 |
Құлжа тас жолының шығысы, Халиуллин көшесінің солтүстігі |
154,75 |